Жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл шегiнде жеке жүзеге асырылады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі міндеттері Заңға сәйкес нақтыланған.
Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдесетіні және мемлекет белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік беретіні белгіленді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті қоғамдастық халқының алдында жауаптылығы нақтыланды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі мынадай белгілерін атап көрсетуге болады:
Жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекше субъектісі – халық, азаматтар болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастықтар өздерінің тиісті органдары арқылы жүзеге асырады. Олар ауылдың (селоның), кенттің, ауылдық (селолық) аудан, аудандық маңызы бар қаланың аумағы шегінде, ал облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада көшелер, шағын аудандар шегінде ұйымдасуы мүмкін. Олардың, міндетті түрде, мүлкі, жергілікті бюджеті, сайланбалы органдары болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару қоғам мен мемлекеттік басқарудың демократиялык тетігінде ерекше орын алады.
Бұл мәселенің өзегі – жергілікті өзін-өзі басқару, олардың органдары мемлекеттік басқару тетігінің құрамдас бөлігі болып есептелмейтіндігінде. Бірақ біздің елімізде, бұлар мемлекеттік органдармен өте тығыз байланыста тұрады, өйткені олардың бірыңғай ортақ қайнар көздері халық билігі болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл «мемлекеттің ішіндегі мемлекет» емес. Бірақ, сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтық қоғамның қайсыбір институтына жатқызуға болмайды, өйткені ол жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған тұрғын халықтың ерікті ұйымының нысаны емес. Бұл, әрине, халық билігін іске асыратын нысан. Қоғамдастық билік пен мемлекеттік билік – бұл тек халықтық биліктің нысандары ғана.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабының 4-тармағында «Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәнін сипаттайтын өзекті белгісінің бірі оның дербестігі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі» делінген. Мемлекет жергілікті өзін-өзі басқаруды халықтың өз билігін жүзеге асыратын дербес нысаны ретінде таниды. Ол – басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырушылық бөлектілігінен көрінеді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың және оның кепілдіктерінің маңызды көрінісі – бұл мемлекет белгілеген өзінің атқарымын іске асырудағы қаржы-экономикалық ресурстарға құқылы.
Заңда сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидаттары белгіленген.
Қазіргі кезең – еліміздің жаңғыруы мен демократиялык өзгерістер уақыты, республика экономикасының алға басып, әлеуметтік өзекті мәселелерді батыл шешу кезеңі. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтайтын Қазақстанның халықаралық беделінің нығая түскен уақыты, мемлекетіміздің толыққанды демократияға қадам басып, экономикалық және саяси дамудың жаңа кезеңіне көтерілген сындарлы сәті.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қол жеткізудің айрықша маңызы бар. Жергілікті өзін-өзі басқару – тұрғындардың өздері тікелей немесе олар құрған органдар арқылы жергілікті маңыздағы мәселелерді дербес шешуі деген сөз. Осы мәселе төңірегінде көп пікірталастар болып келеді, Парламент жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобаларының алуан нұсқаларын талқылады. Соның нәтижесінде енді мәслихаттар жергілікті міндеттерді шешу үшін тұрғындар сайлайтын өкілетті органдар ретінде еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болады, ал ауыл әкімдері мемлекеттік істерді атқарумен бірге, жергілікті өзін-өзі басқару міндеттерін жариялы түрде шешеді де, құқықтық жұмыстармен айналыспайды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлауына, бюджеттік қаржыларын бөлу мен бақылауды жүзеге асыратын «жергілікті қоғамдастық» және оған мүшелік жағдайлары реттелді. Оған сәйкес:
Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қоғамдастық мүшесі деп тануға жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты жері бойынша оны тіркеу фактісі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіруінің заңда көзделген негіздерден басқа, қандай да бір өзге де шарттарының белгіленуіне жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Заңда немесе халықаралық шартта белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |