Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі.
3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.
4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырылады.
2-тарау. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді тестілеу
5. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді (бұдан әрі – "А" корпусының резервіне үміткерлер) тестілеу келесі кезеңдерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу;
2) логикалық тест;
3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;
4) мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу.
6. Тестілеу өткізудің кезеңі уәкілетті орган қалыптастырған кестеге сәйкес үш жұмыс күнінен аспайды.
7. "А" корпусының резервіне кандидат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтінішінде көрсетілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаты бойынша өтеді.
8. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтижелерді алған "А" корпусының резервіне үміткерлер, тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.
9. "А" корпусының резервіне үміткерлерді мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу ҚАЗТЕСТ – қазақ тілінің деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі.
10. Мемлекеттік тілді білуге арналған, сондай-ақ құзыреттер деңгейін анықтауға тестілеудің шекті мәні жоқ.
11. "А" корпусының кадр резервіне бір конкурстық іріктеу аясында "А" корпусының резервіне үміткерлер өтініште көрсетілген тиісті санат үшін әр тестілеу бағдарламасы бойынша бір рет тестілеуден өтеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |