В мәтіні Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы киностудиялардың саны да едәуір өсті. Мемлекет енді ғана аяғынан тұрып жатқанда, өнердің бұл саласы бірде шеткері, бірде ілгері жүріп жатты. Туындылардың жарыққа шығуына ең үлкен кедергі киностудиялардың шығынға ұшырауы еді. Жекеменшік киностудиялар өздерін қаражатпен қамтамасыз ете алмаған соң, мемлекет те аянып қалмады. Соның арқасында тек авторлық фильмдерді ұсынып жүрген киностудиялар, түрлі жанрдағы фильмдерді де түсіруге қол жеткізді. Осыдан кейін мемлекет пен киностудиялар арнайы келісімшарт жасасып, кино өндірісінің дамуына айтарлықтай қолдау көрсетті.
С мәтіні Шәкен Айманов – аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
1953 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның артында қалдырған мұралары ұшан-теңіз. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық датырқан өміршең туындылар. Бұл фильмдер бүкіләлемдік киноөнерінде шоқ жұлдыз боп қалған. Қазір Қазақстанда жылда «Шәкен жұлдыздары» атты кинофестиваль өтеді.
Д мәтіні 2000 жылдан бері қарай жарыққа шыққан тарихи кинолар жиынтығын: "Көшпенділер", "Сардары", "Жау жүрек мың бала" фильмдері құрады. Бұл тек тарихи кинолардың бірен-сараны ғана. Бір қызығы, 2005 жылдан жоғары көтерілгенде жаңа леп, жаңа толқын уақыты келіп жетті. Бұл уақытта продюсерлер мен режиссерлердің жаңа сарыны қазақ кинематографиясының көшіне ілесіп үлгерді. Осы уақыт аралығында белсенділігімен көзге түскен - Ермек Тұрсынов. Ол бүгінге дейін біраз кинолардың сценарийы үшін қалам серіпкен. Оның ішінде, "Жат", "Шал", "Кемпір", "Кенже" және т.б фильмдердің режиссері және сценарисі болды.