Мемлекеттік қорытынды аттестаттау тапсырмалары Ұлттық ҚҰндылықтар


Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле



бет13/17
Дата08.11.2023
өлшемі56,56 Kb.
#190331
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
11 сынып ЖИНАҚ

Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле.
1. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанырының хас шебері,классик жазушы
2. Қазақ отбасынан пана тапқан баланың оқиғасы баяндалады.
3. Сайын Мұратбековтың шығармаларының тақырыбы туралы
4. Қазақы ортаға әбден сіңісіп кеткен жігіт туралы.
5. Көркем әңгімелерінің басты тақырыбы мен өзекті мәселесі –ауыл өмірі.
6. Кейіпкерлердің табиғи болмысы , рухани тазалығы ,жан сұлулығы, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын бейнелеген.
7. Сайын Мұратбековтің өмірбаяны.
8. Бөтен баланы өз ұлындай өсірген анасы,баласын туған жеріне қайтып анасының жанында болуды тапсырады.
9. Жазушының алғашқы шығармалары жариялана бастаған жыл.
10. Жазушының сыйлықтары мен марапаттары.

2-бөлім
«Қазақстан- толерантты ел» тақырыбына 150-200 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

ТЕАТРӨНЕРІ ЖӘНЕ ЖАСТАР
1-10-сұрақтар бойынша мәтінге (А, Ә, Б немесе В) сәйкес пікірлерді таңдаңыз. Бір мәтінді бірнеше пікірге қолдануға болады.
А мәтіні.
Айдана Маған кинодан гөрі театрға барған ұнайды. Актерлердің ойынына қарасаң, өз сезімдерін шын жүректен шығарып тұрғанын байқайсың. Спектакльге барғанда бәрін ұмытып, рухани ләззат аламын. Жалпы махаббат тақырыбындағы спектакльдер жаныма жақын. «Ромео-Джульетта», «Қыз Жібек» сынды классикалық туындыларды бірнеше рет қарадым. Олардың сюжеті маған белгілі болса да, жаңадан көргендей сезімде боламын. Бір қызығы, әр театр ұжымы, әр режиссер бір шығарманы өзінше түрлендіреді екен. Ал соңғы кезде опера театрына деген қызығушылығым артып келеді. Бұрын оны мүлде түсінбейтінмін.
Ә мәтіні.
Фархат Театр дегенде Шерхан Мұртазаның «Театр көбейсе, түрме азаяды» деген сөзі есіме түседі. Театр адамды эстетикаға, сұлулыққа, поэзияға, өнерге тәрбиелейді. Бұл жерде кӛрермен оқиғаны көз алдында бақылайды, актерлерді бетпе-бет көреді. Олардың эмоцияларын сезеді. Театрда маған ұнайтыны – бұл жерде этика мен мәдениет бар. Театрға барарда сырт келбетіңе қарап, сәйкесінше киінуің керек. Қолыңа гүл алып барсаң, тіпті керемет! Кейбір ересек адамдар жастар театрға бармайды деп ойлайды. Мен мұнымен келіспеймін. Ӛзім мектеп жасымнан театрға барғанды ұнатамын. Киноға қарағанда спектакльде жасандылық жоқ. Бұл, шынымен, бағалауға тұрарлық ӛнер. Бұл жерде дубль жоқ, «тікелей эфир» десек те болады. 1,5-2 сағаттай сахнада ӛнер кӛрсету үшін қанша еңбектену керек екені айтпаса да түсінікті.
Б мәтіні.
Диас Театрға бару мәдениетін баланың бойына кішкентай кезінен сіңіру керек. Бұл әдет өздеріне де, қоғамға да жақсы болмақ. Бүгінгі жас балалар – ертеңгі үлкен көрермен. Бұрын балаларды молдалар оқытқан, одан кейін гимназияларда білім алды. Ал қазір мектептер бар. Сол секілді балаларды жас кезінен өнерге тәрбиелемесе болмайды. Неліктен хореографияда баланы 9-10 жасынан бастап биге үйретеді? Өйткені одан кейін сүйегі қатайып кетеді. Театр да солай. Балалар жастайынан руханиятқа, әдебиетке, өнерге жақын болмаса, кейін одан қатыгез адам шығуы мүмкін. Кей кезде театрға баруға мәжбүрлеу де керек шығар деп ойлаймын, себебі жасөспірімдер театрды онша ұната қоймайды. Оларға кино жақын, өздері қалаған фильмді YouTube-тан тауып көре береді.
В мәтін
Әйгерім Мен «Театр – адамның рухани серігі» деген тұжырыммен келісемін. Себебі адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орны – сахна. Актерлердің шеберлігі, сахна мен декорация, гримм мен жарық – осының бәрі адамды ерекше сезімге бөлейді. Бүгінде қазақ театрлары кәсіби тұрғыда жетіліп келеді. Сахна саңлақтары Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешовалардың шәкірттері бүгінде театр мен кинода өнер көрсетіп жүр. Алайдапроблемалар да жоқемес. Театр қызметкерлерініңжалақысы төмен болыпкеледі. Осы себептенактерлернегізгіжұмысынанбасқақосымшажұмыстаржасайды. Театрғакіргенкездесәндіқабырғаларға, ішкітолқынысынкүлкісініңастынажасырғанактерлерге көз салыңыз. Сіздіқарсыалған билет тексерушілер мен киімілуге көмектескенжұмысшыларғажымиыпқойыңыз. Себебі театр киімілгіштенемес, сізденбасталадыдемекпін.
1.Театрғабарғандакиім кию үлгісінсақтаған жөн.
2 Ғашықтықтақырыбындағықойылымдардыұнатамын.
3 Театр бізгеактерлердікӛзбе-кӛз көруге мүмкіндікбереді.
4 Театрғажақсыкӛңілкүйменкелгенмаңызды.
5 Балалардыертежастанөнерге баулу қажет.
6 Бірқойылымтүрлінұсқадасахналанады.
7 Сахнаөнеріқажырлыеңбектіталапетеді.
8 Актерлербірнешеістіқатаралыпжүругемәжбүр.
9 Театрғажастардыеркінентысапарған да дұрыс.
10 Театр әлеміадамныңкӛңілкүйінеерекшеәсербереді.
2-бөлім Мәтіндеберілгенақпараттардықолданыпжәнеӛзпікіріңіздіқосып, тӛмендегісұраққакемінде 150-200 сӛздентұратынжауапжазыңыз. Жастарбойындағымәдениеттіліктідамытудатеатрдыңрөліқандайдепойлайсыз? [Барлығы: мәтіндердегіидеяларды/ақпараттарды/аргументтердіқолдануына 10 + жекежауабына 10 + сөйлеутілініңсапасыүшін 10 = 30]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет