Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша тест сұрақтары Іс жүргізу дегеніміз



бет1/3
Дата26.03.2020
өлшемі67,82 Kb.
#60827
  1   2   3
Байланысты:
000268f1-399d16b6

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша тест сұрақтары

1. Іс жүргізу дегеніміз:

а) басқаруды құжаттармен қамтамасыз ету;

б) лауазымды тұлғалардың құжаттармен жұмыс істеуді ерекше саласы;

в) бухгалтерия жұмысын жақсартудың маңызды бағыты;

г) іс жүргізу жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру және іс қағаздарын жүргізу болып табылады;

д) құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жетілдіру;

2. Басшыларға кімдер жатады?

а) әкімшілік;

б) инспектор, методист;

в) редактор;

г) экспедитор;

д) дұрыс жауабы жоқ;

3.Ұйымдастыру-өкімдік құжаттарға жататындар:

а) хаттама, шешім, өтініш;



б) қаулы, жарлық, бұйрық;

в) еңбек шарттары, коммерциялық хат;

г) баяндама хат, анықтама, актілер;

д) телофонограмма, телеграмма, факстер;



4.Құжаттарды стандартқа сай толтыру бұл:

а) құжатта тек қана ел таңбаның болуы;

б) деректемелердің толтырылуы, түгел болуы;

в) мәтінді құрастыру;

г) қолтаңбалардың түгел болуы;

д) құжат жасауда бланкілерге сай керекті деректемелердің дұрыс жазылуы;

5. Іс жүргізуді ұйымдастыру төмендегідей нормативті құжаттардың көмегімен анықталады:

а) ҚР СТ1037-2001 терминдер мен анықтамалар, 1042-2001 құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар;

б) аудит стандарттары, есеп саясаты, Бухгалтерлік есеп стандарттары;

в) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заң 26 желтоқсан 1995 №2732; (07.2003ж);

г) «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» заң 24.04.1995ж №2235 (01.2004ж өзгертулер мен толықтыруларымен бірге);

д) БЕж/е А әдістемесінің Департаментінің «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсыныстары» МФРК А. 1999ж., «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті»;

6. Ұйымның анықтамалық деректері:

а) ұйымның мекен-жайы;

б) ұйымның индексі;

в) қаланың атауы;

г) көшенің атауы;

д) үйдің нөмірі; құжат;

7. Құжаттарды орындау мерзімі бойынша:

а) жедел және жедел емес;

б) құпиялы, құпиясы жоқ;

в) өкімдік, ақпарат-анықтама;

г) түпнұсқалық, телқұжат;

д) қаржылық-есептік құжаттар;

8. Бұрыштаманың қойылатын орны:

а) бірінші парақтың төменгі оң жағында;

б) соңғы беттің жоғарғы оң жағында;

в) бірінші беттің жоғарғы сол жағында;



г) бірінші беттің бос орнында;

д) құжаттың төменгі жағында;



9. Құжаттың мәтінің мазмұны:

а) құжат мәтінің мазмұны ұзақ және күрделі сөйлемдерден тұрады;

б) құжат мәтінің мазмұны бір сөйлемнен тұрады;

в) құжат мәтінің мазмұны қысқа және жай сөйлемдерден тұрады;

г) құжат мәтінің мазмұны күрделі бірнеше сөйлемдерден тұрады;

д) дұрыс жауап 3;

10. Шынайы және жалған құжаттар бұл –

а) түпнұсқалы құжат;



б) заңдылық күші бар нотариус арқылы нықтыланған құжаттар болып табылады;

в) құжаттардың көшірмесі болып табылады;

г) заңсыз жолмен жасалған құжаттар;

д) құжат көшірмесі;



11. БЕКІТЕМІН деректемесі бекітіледі:

а) мекеме басшысы арқылы;

б) мекеменің қызметкері арқылы;

в) оқу бөлімінің меңгерушісі арқылы;

г) басшының орынбасары;

д) басшының шаруашылық жөніндегі орынбасары;

12. Кіріс құжатына тіркеу нөмірі:

а) тіркеуге алынған күні бір рет қана қойылады;

б) тіркеуге алынбай қойылады;

в) екі номер қатар қойылады;

г) құжат келіп түскен күннің ертесіне қойыладды;

д) тіркеу нөмірі қойылмайды;

13. Бақылау белгісінің құжатқа қойылу тәртібі:

а) «Бақылау» «Б» әріпімен белгіленеді;

б) «Құжат бақылауға алынады» деген сөзбен белгіленеді;

в) бақылау белгісі қойылмайды;

г) бақылау белгісі «Б алынған» деген сөзбен белгіленеді

д) бақылау белгісі арнайы штамп арқылы қойылады;

14. Қандай құжаттарда «Құжаттың жасалған жері және шығарылған күні» деректемесі міндетті түрде керекті болып саналады ма?

а) барлық құжаттарда;



б) барлық жалпы бланкіде жасалатын құжаттарда;

в) қызметтік хат бланкісінде;

г) тек қана бұйрықтарда;

д) есеп құжаттарында;



15. «Құжатты орындаушы» туралы белгі құжаттың қай жерінде орналасады?

а) құжаттың оң жақ жоғарғы жағында;

б) мәтіннің астында;

в) құжаттың соңғы бетіне немесе орын болмаса, сол жақ төменгі бұрышында;

г) құжаттың төменгі оң жақ жағында;

д) құжаттың төменгі сол жағында;

16. Құжаттың «Бекітемін» деректемесі қандай құжаттарға қойылады?

а) ұйымдастыру-құқықтық құжаттарға;

б) тек қана бекітілуге жататын құжаттарға;

в)қызметтік хат бланкісінде жасалған құжаттарға;

г) жалпы бланкіде жасалған құжаттарға;

д) анықтамаға;

17. Құжатқа «Қол жеткізуді шектеу» белгісі құжаттың қай жеріне қойылады?

а) құжаттың соңғы бетіне;

б) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерің жоғарғы жағына, сол жақ бұрышына;

в) мәтін деректемесінен кейін;



г) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерің жоғарғы жағына, оң жақ бұрышына;

д) құжаттың екінші бетіне қойылады;



18. Қазақстан Республикасының елтаңбасы қандай құжаттарға сәйкес бланкіде орналасады?

а) ұйымның Жарғысына сәйкес орналасады;

б) ұйымның ережесіне сәйкес орналасады;

в) ҚР мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасына сәйкес;

г) ҚР мемлекеттік Қазақстан Республикасы тілдер заңнамасына сәйкес;

д) қызметтік екінші бетіне қойылады;

19. Ұйым басшының «Бұрыштама» деректемесі құжаттың қай жеріне қойылады?

а) құжаттың кез келген жеріне;

б) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерінің жоғарғы жағына;

в) бірінші беттің бос орнына;

г) құжаттың бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында;

д) құжаттың төменгі оң жағында;

20. Мәтін тақырыбы қандай болу керек?

а) бірнеше сөйлемдерден;



б) қысқа және сыйымды;

в) күрделі түрде;

г) бір ғана сөзден;

д) бір ғана сөйлемнен;



21. Құжатқа қанша адресат жазуға болады?

а) алты адресат;



б) төрт адресаттан аспауы керек;

в) сегіз адресаттан аспауы керек;

г) бес адресаттан аспауы керек;

д) 10 адресаттан тұрады;



22. Қызметтік құжаттар қағаздың қандай форматында орындалады?

а) А 2 форматты;

б) А 7 форматты;

в) А 5 форматты;



г) А 4 форматты;

д) А 3 форматты;



23. Хаттама қандай құжаттар тобына жатады?

а) ұйымдық құжаттар;

б) құрылтай құжаттар;

в) ақпараттық-анықтамалық құжаттар;

г) басқару құжаты;

д) еңбек қатынастарын құжаттау;

24. Орындаушы туралы белгіге кіреді:

а) фамилиясы;

б) телефон номері;

в) қолы;


г) фамилиясы, аты, телефон номері;

д) басшының фамилиясы;



25. А 4 форматындағы құжатта елтаңба қай жерде орналасады?

а) сол жағында;

в) оң жағында;

в) екі тілде жазылған мекеме атауының ортасында;

г) екі тілде жазылған мекеме атауының жоғарғы жағында;

д) екі тілде жазылған мекеме атауының төменгі жағында;

26. Түсініктемеге қойылатын қол:

а) ұйым басшысы қол қояды;

б) бас бухгалтердің қолы;

в) түсініктеме авторының қолы;

г) оқу бөлім меңгерушісінің қолы;

д) касирдің қолы;

27. Қызметкерлердің міндеті мен құқығын айқындайтын құжат?

а) жарғы;



б) қызметтік нұсқаулар;

в) бұйрық;

г) шешім;

д) ереже;



28. Құжатқа орындаушының фамилиясы, аты жазылатын жер:

а) мәтіннің жоғарғы жағында жазылады;

б) қойылған қолдың астында;

в) құжаттың төменгі сол жағында;

г) құжаттың жоғарғы оң жағында;

д) мәтіннен кейін жазылады;

29. Құжаттау дегеніміз не?

а) кәсіпорынның директоры лауазымға тағайындалған маман;

б) электронды-жарық труба экрандағы құжат бейнесі;

в)қандай да бір міндетті шешу үшін арналған бейнесі;

г) барлығы дұрыс;

д) ұйымдардың жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар жиынтығын жасау процесі;

30. Қолжазба құжат дегеніміз не?

а) электронды-жарық труба экрандағы құжат бейнесі;

б) кәсіпорынның директоры лауазымға тағайындалған маман;

в) қандай да бір міндетті шешу үшін арналған бейнесі;



г) жазу белгілері қолмен түсірілген жазба құжат;

д) барлығы дұрыс;



31. Электронды-жарық труба экрандағы құжат бейнесі ол-... Сөйлемді жалғастыр

а) таза құжат;

б) құжат авторы;

в) құжаттың бейнехаты;

г) жазба құжат;

д) машинадағы құжат;

32. Ұйымдастыру – басқару құжатына жатады:

а) түйіндеме;

б) мінездеме;

в) бұйрық;

г) анықтама;

д) өмірбаян;

33. «Құжат» деген сөз қандай мағына береді?

а) куәлік, дәлелдеу тәсілі;

б) түйіндеме;

в) ақпарат;

г)қағаз;


д) анықтама;

34. Заңдылық күшіне қарай құжаттардың бөлінуі:

а) толық көшірме;



б) шын және жалған;

в) ұйымдық-өкімдік;

г) шығыс, кіріс құжат;

д) көшірме;



35. Толтыру орнына қарай құжаттардың түрі:

а) жедел және жедел емес;



б) ішкі және сыртқы;

в) қызметтік;

г) ұжымдық;

д) түпнұсқа және көшірме;



36. Жасалу сатысына қарай құжаттардың бөлінуі:

а) кіріс-шығыс;

б) түпнұсқа және көшірме;

в) ресми-жекелік;

г) мемлекеттік;

д) жекелік;



37. Құжаттың жеке құрамдас бөлігі қалай аталады?

а) бұрыштама;

б) көшірме;

в) деректеме;

г) түпнұсқа;

д) қарар;



38. Мекемедегі құжаттар қанша топқа бөлінеді?

а) 4;


б) 7;

в) 1;


г) 3;

д) 9;


39. Атауына қарай құжаттар қалай бөлінеді?

а) ереже;

б) типтік, үлгілік, ресми;

в) ресми, жекелік;

г) қалыпты, қызметтік;

д) ақпараттық;



40. Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар қалай бөлінеді?

а) жазба, графикалық, акустикалық;

б) жабдықтау-өткізу;

в) қаржы-есеп;

г) несие;

д) фотоқұжат;



41. «Расписка» деген қазақша...

а) кепілхат;

б) сенімхат;

в) қолхат;

г) хабархат;

д) жеделхат;



42. «Ресми құжат» қандай мағына береді?

а) бейнелік және дыбыстық;

б) құжатты жасаған жеке заңды тұлға;

в) заңды немесе жеке тұлға дайындаған, бекітілген тәртіппен куәландырған немесе рәсімделген құжат;

г) мәтіндік құжат;

д) ұйымға келіп түскен құжат;



43. Құжаттар қанша міндетті деректемелерден тұрады?

а) 14;


б) 10;

в) 3;


г) 11;

д) 45;


44. Белгілі бір адамды сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының түрі?

а) өтініш;

б) түйіндеме;

в) мінездеме;

г) анықтама;

д) есеп;


45. «Құжатты рәсімдеу» дегеніміз не?

а) құжатты жасаған жеке не заңды тұлға;

б) құжаттау қағидалары мен бекітілген қажетті деректемелерді қою;

в) жазу белгілері қолмен түсірілген жазба құжат;

г) электронды жарық труба, экрандағы құжат бейнесі;

д) құжат мәтінінің көшірмесі;



46. Құжаттарды орындалу мерзімі бойынша:

а) шарттар мен жабдықтау және өнімді өткізу құжаттарға;

б) өкімгерлік құжатқа;

в) анықтамалық құжатқа;

г) қаржылық-есептік құжатқа;

д) жедел және жедел емес;



47. Қызметкерлер тобы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін реми құжат:

а) ұжымдық еңбек шарты;

б) еңбек шарты;

в) резюме;

г) хабарлама;

д) анықтама;



48. Құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы қалай аталады?

а) көшірме;

б) төлқұжат;

в) куәлік;

г) түпнұсқа;

д) құжат;



49. Жеке адамға қатысты құжат түрі:

а) хаттама;

б) бұйрық;

в) өмірбаян;

г) жарғы;

д) хаттама;



50. «Растау» сөзінің синонимін көрсетіңіз:

а) куәләндыру;

б) тіркеу;

в) рәсімдеу;

г) жүргізу;

д) қолдану;



51. «Получить причитающееся мне имущество» деген тіркестің дұрыс баламасын көрсетіңіз:

а) пәтерді алуға;

б) пәтерімді жалға беруге;

в) маған тиесілі мүлікті алуға;

г) пәтерімді алмастыруға;

д) маған қажет мүлікті алуға;



52. Түбіртек қағаз қандай мағына береді?

а) личный счет;

б) оплата;

в) долг;


г) квитанция;

д) кредит;



53. Бұйрыққа кім қол қояды?

а) орынбасар;

б) жетекші;

в) қызметкер;

г) төраға;

д) орындаушы;



54. Өтініш, арыз, түйіндеме құжаттың қай түріне жатады?

а) ресми құжат;

б) ұйымдық құжат;

в) қызметтік құжат;

г) жеке құжат;

д) мемлекеттік құжат;



55. Комерциялық ұйымның негізгі құжаттары қандай?

а) жарғы;

б) келісім;

в) жарлық;

г) келісімшарт;

д) бұйрық;



56. Ақпараттық құжатқа жататын құжат түрі:

а) қолхат;

б) сенімхат;

в) мінездеме;

г) жеделхат;

д) өтініш;



57.Түпнұсқа жоғалған кезде берілетін құжат:

а) үзінді;

б) төлқұжат;

в) көшірме;

г) түпнұсқа;

д) жарғы;



58. Белгілі бір адамды сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының түрі:

а) өтініш;

б) түйіндеме;

в) өмірбаян;

г) мінездеме;

д) анықтама;



59.Жұмыс беруші келісімшарт бойынша жұмыскердің ... бақылайды:

а) үйін;


б) көлігін;

в) өмірбаянын;

г) жұмысын;

д) мерзімін;



60. «Реми» сөзі арқылы жасалған мағынасы дұрыс тіркестерді көрсетіңіз:

а) ресми көше, ресми ел, ресми аумақ;

б) ресми мақсат, ресми тіркес, ресми өнім;

в) ресми сөз, ресми тіл, ресми қағаз;

г) ресми қалам, ресми курс, ресми компания;

д) ресми мемлекет, ресми қала, ресми ел;



61. Ұйымдастыру-құқықтық құжаттарға:

а) штат кестесі, жарғы, қаулылар;

б) нұсқаулықтар, жарғы, ережелер;

в) шешімдер, жарғы, бұйрықтар;

г) қаулылар, өкімдер, шешімдер, бұйрықтар;

д) өкімдер, жарғы, юұйрықтар;



62. Анықтама-ақпарат құжаттары бұл –

а) жеделхат-телеграмма;

б) бұйрық;

в) ереже;

г) қаулы;

д) куәлік;



63. Ұйымдастыру-өкімдік құжаттар бұл –

а) жарғы;

б) баяндама хат;

в) ілеспе хат;

г) хаттама;

д) өкім;


64. Ұйымдастыру-құқықтық құжаттарға:

а) штат кестесі, жарғы, қаулылар;



б) нұсқаулар, жарғы, ережелер;

в) шешімдер, жарғы, бұйрықтар;

г) қаулылар, өкімдер, шешімдер, бұйрықтар;

д) өкімдер, жарғы, бұйрықтар;



65. Анықтама-ақпарат құжаттары бұл –

а) жеделхат-телеграмма;

б) бұйрық;

в) ереже;

г) қаулы;

д) куәлік;

66. Ұйымдастыру-өкімдік құжаттар бұл-

а) жарғы;

б) баяндама хат;

в) ілеспе хат;

г) хаттама;

д) өкім;

67. Бұйрықтардың түрлері бұл:

а) өтініш;

б) шешім, нұсқау;

в) анықтама;



г) жеке құрам және негізгі құрам бойынша бұйрық;

д) баяндама;



68. Бұйрық мәтінінің қай бөлімі міндетті:

а) қалыптастырушылық;



б) өкімдік;

в) негізгі;

г) кіріспе;

д) ұсыныс;



69. Қызметтік хаттың деректемесі бұл:

а) оның керекті элементі;

б) қызметтік хаттың бөлігі;

в) фирмалық бланк;

г) формуляр үлгісі;

д) заңдылығы;

70. Қызметтік хат ұйымда қанша пайыз құжат көлемін құрайды?

а) +80%;

б) 100%;


в) 45%;
г) 10%;

д) 150%;


71. Қызметтік хаттың авторы ол:

а) хатты жіберген ұйым немесе мекеме, жеке тұлға;

б) хатқа қол қоятын лауазымды адам;

в) хатқа мәтін дайындаушы;

г) ұйым басшысы;

д) хатшы;

72. Қызметтік хаттар бұл:

а) жеке тұлғалар арасындағы хат алмасу;

б) әрекетке шақыру, өндіру;

в) қызметтік мәселелерді шешетін, ақпарат-анықтама құжаттарының тобына кіретін құжаттар;

г) бұйрық;

д) хаттама;

73. Қызметтік хаттардың басты мақсаты:

а) әрекетке шақыру;

б) түсіндіру;

в) дәлелдеу;



г) қызмет мәселесі жөніндегі мәселелерді шешу;

д) кеңес беру;



74. Қызметтік хат бланкісі мен жалпы бланкінің айырмашылығы:

а) қызметтік хатта құжат атауы жазылады;



б) қызметтік хатта құжат атауы жазылмайды;

в) жалпы бланкіде құжат атауы жазылады;

г) жалпы бланкіде құжат атауы жазылмайды;

д) екі бланкіде де құжат атауы жазылады;



75. Ұйымдастыру-өкімдік құжаттарға жататындар:

а) хаттама, шешім, өтініш;



б) қаулы, жарлық, бұйрық;

в) еңбек шарттары, коммерциялық хат;

г) баяндама хат, анықтама, актілер;

д) телефонограмма, телеграмма, факстер;



76. Жарғы дегеніміз бұл:

а) ұйымның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құрылтайшылық құжат болып табылады;

б) ұйымды мемлекеттік тіркеу кезінде құрылтайшылық құжат ретінде қарастырылады;

в) заң орындарында мемлекеттік тіркеуден өткен құжат;

г) субъектіні басқару органдарының қалыптасу тәртібі мен құзыреті;

д) ұйыдастыру-өкімдік құжаттар;

77. Қызметтік хаттар бұл:

а) жеке тұлғалар арасындағы хат алмасу;

б) әрекетке шақыру, өндіру;

в) қызметтік мәселелерді шешетін, ақпарат-анықтама құжаттарының тобына кіретін құжаттар;

г) бұйрық;

д) хаттама;

78. Қызметтік хаттардың басты мақсаты:

а) әрекетке шақыру;

б) түсіндіру;

в) дәлелдеу;



г) қызмет мәселесі жөніндегі мәселелерді шешу;

д) кеңес беру;



79. Жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген жеке алушы жазып алған құжат:

а) кепілдік беру;

б) растау;

в) жауап хат;

г) сұрату;

д) телефонограмма;

80. Адресатты қандай да бір жүргізілетін іс шараларға шақыру. Нақты тұлғаларға, сондай-ақ мекемелерге жіберілетін хат...

а) хабарлама;

б) ілеспе;

в) бастама;



г) шақыру;

д) ескертпе;



81. Қандай хат адресатқа, хатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін құжат?

а) ілеспе;

б) жауап;

в) өтініш;

г) ескертпе;

д) шақыру;

82. Қандай да бір міндеттеменің не жүргізілген іс шаралардың орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсететін хат?

а) ескертпе;

б) бастама;

в) өтініш;

г) ілеспе;

д) жарнамалық;

83. Қандай хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас? Нақты адресат үшін толтырылады және сұрауға жауап болып табылады.

а) растау;

б) коммерциялық;

в) жарнамалық;



г) хабарлама;

д) ілеспе;



84. Қандай хаттар қандай да бір мәселе туралы мекемелерден, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын әртүрлі мазмұндағы басқару құжаттаманың үлкен тобының жинақталған аты:

а) қызметтік;

б) ресми;

в) шағым;

г) ескертпе;

д) жолдама;

85. Жауап талап ететін хат, осындай хаттардың көпшілігі қандай да бір мәселені шешуді өтіну болып келетін хаттар:

а) қызметтік;

б) хабарлама;

в) өтініш;



г) бастама;

д) жарнамалық;



86. Қандай хаттар келісім шарттар жасау және оны орындау кездерінде жасалады?

а) сұрату;

б) хаттар;

в( жарнамалық;



г) коммерциялық;

д) ілеспе;



87. Ақпараттық хаттардың бір түрі, нақты адресатқа жіберіледі және жан-жақты сипаттамасы және жарнамалап отырған тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетілетін хаттар:

а) коммерциялық;



б) жарнамалық;

в) ақпараттық;

г) ескертпе;

д) анықтама;



88. Қандай хаттар бастама хаттардың сипаттамасына байланысты болады, бастама хатта қойылған мәселелерді шешу сипатын жазу ғана қалады: ұсынысты, өтінішті орындауды қабылдау немесе одан бас тарту:

а) ілеспе;



б) жауап;

в) өтініш;

г) ескертпе;

д) түсініктеме;



89. Шақыру дегеніміз не?

а) қандай да бір міндетті шешу үшін арналған құжат;

б) электронды-жарық труба экранындағы құжат бейнесі;

в) адресатты қандай да бір жүргізілетін іс шараларға қатысуға шақыру;

г) қандай да фактіні, оқиғаны дәлелдейтін құжат;

д) барлығы дұрыс;

90. Баяндау хат бұл –

а) ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат;

б) басқару аппараты жұмысын құқықтық реттеу пікірін білдіре алды;

в) субъект қызметкері қандай да бір құжат жасалуының дұрыстығын;

г) жиналыс барысында болып жатқанның бәрі жазылған құжат;

д) дұрыс жауабы жоқ;

91. Баяндама-хат бұл:

а) құжатта ұйым қызметкері қандайда бір мәселеге байланысты өз пікірін білдіру;

б) басқару аппараты жұмысын құқықтық реттеу;

в) қызметкерге өз бетімен құрастырған құжат;

г) жиналыс барысында барлығы жазылған құжат;

д) ұйым қызметінің нақтылы бір жұмысына арналып жазылған құжат;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет