Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен тест сұрақтары.
1.Хат- хабар деген не:?
+а) кәсіпорында жасалатын құжаттар
ә) жұмысқа алу үшін шығарылатын құжат
б) көшірмелерді куәландыру туралы белгі.
2. Хат-хабар қайда ресімделеді ?
а )ақ қағазға
+ә) фирмалық бланкілерде
б) хат-хабар ресімделмейді
3.Бланк дегеніміз не?
+а) А4 немесе А5 форматындағы заңды түлғаның аты жазылған қағаз
ә) хат-хабар конверті
б) А3 форматындағы қағаз
4.Деректеме деген не?
+а) құжаттың жеке құрамды бөлігі
ә) құжат қосымшасы
б) құжаттың түрі
5.Мыналардың қайсысы деректемеге жатады?
а) хаттама
ә) бұйрық
+б) құжат мәтіні
6.Жалақы қорын, кәсіпорынның лауазымдары мен құрам санын көрсететін құжат?
а)өтініш
+ә) штаттық кесте
б) түсініктеме
7. Кәсіпорын қызметкерінің функцияларын, міндетін, құқығын айқындайтын құжат?
а) баяндау хат
ә) өмірбаян
+б) лауазымдық нұсқаулық
8.Бұйрық қандай құжат?
+а)бір міндетті шешу үшін шығарылатын
ә)жедел мәселе бойынша телефон арқылы берілетін
б) сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының атынан берілетін
9.Адресатты қандай да бір жүргізілетін іс-шараға қатысуға шақыратын хат түрі?
а )жарнама хат
+ә) шақыру хат
б) кепілдік хат
10. Өтініш құжатында кездесетін сөзді белгілеңіз
+а) өтінемін
в) бұйырамын
с) бекітемін
д) келісемін
е)қабылдаймын
11.Сенімхат құжатының мәтіні қандай стильге жатады?
а) ғылыми стиль
+в) ресми іс –қағаздар стилі
с) публицистикалық стиль
д) көркем әдебиет стилі
е) ауызекі сөйлеу стилі
12. Мінездеме» , Өмірбаян » қандай құжаттардың түріне жатады.
а)еңбек қатынастарын реттейтін
+в) анықтамалық –ақпараттық
с) басқару
д) коммерциялық
е) қаржылық
13.Сенімхат құжатты қандай жағдайда жазылады?
+А)сеніп тапсыру
В)өтініп сұрау
С) кепілдік беру
Д) бұйрық шығару
Е) істі хабарлау
14. Хат, Жедел хат қандай құжаттың түріне жатады?
А) еңбек қатынастарын реттейтін
+В) Анықтамалық- ақпараттық
С) басқару
Д) Коммерциялық
Е) Қаржылық
15.Фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын тұлғалар жасайтын құжат?
а) қызметтік хат
+ә) акт
б) хабарландыру
16.Түсініктеме деген не?
а) басшының белгілі бір шешім қабылдауына себеп болатын
+ә) бір фактінің, оқиғаның себебін түсіндіретін
б)адамның өмір жолын баяндайтын
17.Сенімхат не үшін беріледі?
+а) өз құқығын біреуге сену үшін
ә) жұмыстан босату үшін
б ) ақпарат беру үшін
18. Алдағы уақытта болатын іс-шара туралы хабар беретін құжат?
а) мінездеме
ә) хаттама
+б) хабарландыру
19. Жеделхат деген не?
+а) жедел түрдегі телеграф арқылы берілетін құжат
ә) біреудең өмір жолын баяндайтын құжат
б)бір мәселені шешу үшін шығарылатын құжат
20.Оқуға түскенде, басқа қызметке ауысқанда, кәсіби біліктілігін көтеру кезінде берілетін құжат?
а) баяндау хат
+ә)мінездеме
б) штаттық кесте
21. Бір нәрсе жайында сұрай, өтіне жазған құжат түрі?
А) еңбек шарты
ә) анықтама
+б) өтініш
22.Хаттама неше бөлігі болады ?
а) 5
ә) 2
+б) 3
23. Ұйымның жиналысында қаралған мәселені жазатын құжат түрі?
а) сенімхат
ә) еңбек келісімі
+б )шарт
24.Анықтама дегеніміз:
+а) мазмұны белгілі бір фактіні оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық- анықтамалық іс қағазының түрі
ә) белгілі бір себептермен өзі орындай алмайтын жағдайда ақша алуды
немесе басқаны орындауды екінші адамға сеніп тапсыру үшін жазылатын іс қағазы.
б) белгілі бір адамды адамгершілік, кәсіптік тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат.
25.Жеделхат мәтінінде не қолданылмайды?
+а) кіріспе сөз, шылау сөздер
ә) зат есімдер
б) етістіктер
26. Мінездеме» қандай құжаттардың түріне жатады№
а) басқару
ә) қаржылық
+б) еңбек қатыснастарын реттейтін
27.Бұрық құжатында кездесетін сөзді белгіленіз ?
а) бекітемін
ә) келісемін
+б) бұйырамын
28.Жедел хат қандай құжаттың түріне жатады?
+а) анықтамалық -ақпараттық
б)коммерциялық
ә) еңбек қатынастарын реттейтін
29. Өмірбаян қандай құжаттардың түріне жатады ?
+а) еңбек қатынастарын реттейтін
ә) басқару
б)қаржылық
30.Алдағы уақытта болатын іс-шара туралы хабар беретін құжат?
а) қолхат
ә) хаттама
+б) хабарландыру
31.Түсініктеме деген не ?
а) адамның өмір жолын баяндайтын
+ә) бір фактінің , оқиғаның себебін түсіндіретін
б)башының белгілі бір шешім қабылдауына себеп болатын
32. Келісім құжатында кездесетін сөзді белгілеңіз ?
а) өтінемін
+ә) келісемін
б) бекітемін
33.Жеделхат мәтінінде не қолданылмайды ?
а) зат есімдер
ә)етістіктер
+б) кіріспе сөз, шылау сөздер
34.Баяндаухат деген не ?
+а) адамның өмір жолын баяндайтын
ә) бір фактінің, оқиғаның себебін баяндаухат
б) ақпарат беру хат
35.Хат-хабар қайда ресімделеді?
+а) фирмалық бланкілерде
ә) хат - хабар ресімделмейді
б) ақ қағазға
36.Бланк дегеніміз не?
+а) А4 немесе А5 форматындағы заңды тұлғаның аты жазылған қағаз?
ә) хат- хабар ресімделмейді
б) А3 форматындағы қағаз
37. Бір іс-шараға қатысуға шақыратын хат түрі?
а) жарнама хат
ә) кепілдік хат
+б) шақыру хат
Достарыңызбен бөлісу: |