Сүйелшөппен денеде болатын сүйел,шиқан, теміреткі сияқты ауруларды емдеуге болады. Емдік дәрі былай дайындалады: жақсы ұнтақ етіп уақталған сүйелшөпті вазелинге болмаса ланолинмен араластырады. Вазелин мен сүйелшөп ұнтағы 1:1 мөлшерінде алынады.
Сүйелшөп – биіктігі бір метрдей, қысқа тамырлы көпжылдық өсімдігі. Сабағы қырлы, көп жапырақты, бұтақты болып келеді. Жапырағы шар тәрізді айналасы тілімденген.Гүлдері сары түсті, ұзын сабақтарының басына жиналып шатыр сияқты болып орналасады. Мамыр айынан бастап тамызға дейінгүлдейді. Дәрілікке бұл өсімдіктің шөбі пайдаланылады. Онда түрлі алкалоидтар, каротин және аскорбин, хемидон, алма, лимон және янтарь қышқылдары, С витамині.