Мен қазақ қыздарына қайран қалам!


Тулябова Б.Ж.- колледж кітапханашысы



бет3/3
Дата12.06.2023
өлшемі217,92 Kb.
#178682
1   2   3
Байланысты:
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ газетке мақала
7, Внеклассное мероприятие по русскому языку для 5 классаааа, №3 Бөліп шығару тарауына жиынтық бағалау-1, Директор, Ару қыздар сайысы, Жулд Галактика тур малимет, 4 класс 3 четверть, sil ginetika 20.10. 2023docx
Тулябова Б.Ж.- колледж кітапханашысы
– Қыздың бірінші қаруы – қылығы емес пе?! «Қыз қылығымен» дейді. Мәселен, бой­жеткенді көре салып, бірден оның та­ма­ғын ішпейсің, болмаса ісмерлігін бағалай алмайсың ғой. Сондықтан да бірінші қы­лыққа мән беріледі. Қылықтылығы иман­дылығымен ұштасып жатса, меніңше, бойжеткен бойындағы осы бір қасиет кез келген жігіттің жүрегін жаулап, баурап ала алады. Бірақ, біздің заманда қыздың қылы­ғынан бұрын былығы тез көрініп қалып жатады. Ащы да болса, айтпасқа лаж жоқ.

Қыз тәрбиесі — халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты десек те, біз оған неге мән бермейміз?


































0

























Гагарин даңғылында орналасқан саябақпен үйге бара жатқан едім. Асықпай, алдымдағы екі бойжеткеннің сөзіне құлақ түріп келемін. Сөздеріне қарағанда, бірінің есімі Әйгерім екенін аңғардым.



Кәдімгі қазақтың қарагөз қыздары. Бір уақытта біреуі:
— Ой, Айка, я так устала, надоела эта учеба, эти учителя достали. Сами ниче незнают и еще нас заставляют. Не в тему бір тапсырмалар береді.
— Мм, да, мен де устаю, знаешь сегодня в маршрутке одна бабка просила места но я не уступила. Обзывала меня, но я тоже ей обяснила, что не собираюсь уступать, а оно сказала что когда я стану как оно, то никто мне место не будет уступать.
— А ты?
— Но я обяснила когда стану как оно не буду ездить на автобусе, что у меня будет своя машина.
— Ну да молодец, осы үлкендер ақыл айтқыш, ақылы өзіне. Бірдеңе болса менің жасыма келгенде деп шығады, біз олардың жасында ондай болмаймыз.
— Иә, жынға тиеді, — деп, олар темекілерін бұрқыратып, ары қарай әңгімелерін жалғастырып бара жатты. Иә, шынымен де қатты қынжылып, жағамды ұстадым. Қазіргі заманғы бойжеткендеріміздің өмірге деген көзқарастары негізінен осыған ұқсас. Әрине, көпке топырақ шашып жатқанымыз жоқ. Бірақ осы сынды көріністер әбден санамызға сіңгені сонша, кей ата-аналар үйлерінде мұндай жайларға көңіл аудармайды. Сонда халқымыздың «үлкенге құрмет — кішіге міндет» деген нақыл сөздерінің жай айтыла салғаны ма? Қоғамдық орындарда қыз балалардың темекі шегіп, балағат сөздер айтып өз намысын жерге таптатып жатса да, қоғамға бәрібір болып кеткен сияқты. Себебі «мұның дұрыс емес, қыз бала ізетті, инабатты, ибалы болу керек» деп айтар ешкім қалмағандай. Үлкен апайларымыз ақыл айтып, дұрыс жол сілтеп тұрса да, соған тыржиып, менсінбеушілікпен қарап, олардың ақылын желге ұшырып жіберетініміз тағы бар. Сонда бәрінің бұлай болғанына кім кінәлі? Ата-ананың дұрыс тәрбие бере алмағандығы ма, жоқ әлде бәрін заманға жаба саламыз ба?
Қай заманда болмасын халқымыз қыз бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, ерекше қараған. Кішкентай кезінен бастап, «қызға қырық үйден тыйым» дегендей, жаман әдеттерден аулақтатып, өзін көргенді жердің қызы деген атаққа ие болатындай етіп өсірген. «Шешесін көр де, қызын ал» демекші, ең бірінші ретте анасының жүріс-тұрысы, мінез-құлқына ел арасындағы өзін-өзі ұстауына ерекше мән беріп қараған. Үлкендер жағы көбінесе, «біздің заманымызда қыз бала ақырын күліп, жай сөйлейтін» деген әңгімелерінің астарынан-ақ сол заманғы тәрбиенің қандай деңгейде болғанын аңғару қиын емес. Қыз баланың тәрбиесі ұлттық болмысымызды көрсетіп, халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты болғаны белгілі.
Жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы аты әйгілі Әйгерімнің бүгінде неге Айка, Айгера болып өзгергені өз алдына бір әңгіме. Кезінде Әйгерім атына заты сай сұлулардың бірі болған. Ақылымен, қылығымен хакім Абайды баурап алды емес пе? Негізінен сол кейіпкерге еліктеп шыққан есім емес пе бұл? Енді қазіргі таңда осы Әйгерім есімді қыздарымыздың атын бұрмалап, ұлттық болмысымызға сай емес қылып өзгерткені құлаққа түрпідей тиеді.
Иә, шындығына келер болсақ, бұл жағдайларға адамдардың көзқарастарының өзгергені кінәлі шығар, бәлкім? Бір танысымның үйінде өзім осындай оқиғаға куә болдым. Қызы ызаланып, анасына бүгінгі көшеде бір апайға жол бермегені үшін ұрыс естігенін айтып, әңгіме қылып отырды. Осы кезде анасының қызына «иә, сенің оның дұрыс болмапты» деп ақыл айтудың орнына, «неге үндемей қалдың, орнына қоймадың ба? Адамда мінез болу керек, әйтпесе олардың бәрі ойларына келгенді айтады» дегенін естігенде, не айтарымды да білмей қалдым. Осы сынды ананың тәрбиесін көрген қыз бала қандай бағытта көзқарасы дамитындығы белгілі. Тіптен, өзімнің кішкентай нағашы сіңлімнің үлкен кісілердің атын атап жүргенін де талай естіп, ескертпе жасадым. Кейіннен анасының да өздері үйінде бәрінің атын атап сөйлейтіндігін көріп, кішкентай қыздың бұл қылықты қайдан үйреніп жүргенін де түсінгендей болдым. Жай ғана баланың еркелігі емес, анасының тәрбиесі екендігіне көзім жетті. Ертеңгі күні ол қыз бойжеткенде не болмақ деген ой келді. Осы сынды әдеттерді дұрыс екен деп санасына сіңдіріп өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайлар барлық отбасыларында да кездесіп жүргені сөзсіз. Мүмкін, қазір жаһандану заманының талабы осы ма екен? Бірақ дамыған елдердің қай-қайсысына барсаңыз да мәдениетті адамдар емес пе? Соларға қызығып, соларға еліктеп жүрміз ғой. Қай мемлекет болмасын үлкенді үлкен, кішіні кіші деп сыйлайды емес пе? Ал осы дамыған елдердің қатарына кіреміз деп ұмтылып жүргенімізде қарагөз қыздарымыздың тәрбиесі жайлы ойлансақ болар еді. Ең алдымен аруларымыздың өздері осы тараптан ойланса жақсы болар еді.
Енді бұрынғы қазақ қыздарының бойынан тәлім-тәрбиені, ізетті, сыйластықты бәрін кездестіруге болатын еді. Үлкен кісі отырғанда оған жауап қайтару былай тұрсын, көзіне тік қарамайтындай тәрбие еді ғой. Оған мысал осы Әйгерім, Ұлпан, Данагүлдер емес пе? Тіпті, мұның өзі ескі заман болса да, бертін келе Кеңес Үкіметі тұсында да қыздарымыздың тәрбиесі жоғарғы деңгейде болғаны белгілі. Оған дәлел Меңтай, Таңшолпандар. Иә, қай туынды болмасын сол заманның көрінісі ғой. Сол кездегі қыздарымыздың тәрбиесімен қазіргі бойжеткендерімізді салыстыруға бола ма?
Осы орайда ойыма тағы бір оқиға түсіп отыр. Менімен бір топта оқыған таныс құрбымның әңгімесі. Анасы «үлкен кісілерді сыйла, оларға құрмет көрсет, көрген жерде көмектесуге тырыс» деп қанша ақыл айтса да, құрбымның бойынан ондай қасиетті байқай алмадым. Өзінен үлкен кісілерді атымен атап, кемшіліктерін айтатынына да таңмын.
— Сендер үйде бәрің сондайсыңдар ма, үлкендерді атымен атайсыңдар ма? — деген сұрағыма:
— Жоқ, мен ғана солай істеймін, мамам қанша ұрсып, ескерту жасады, сонда да әдет болып кеткен, оның үстіне жек көрем біреу ақыл айтса, өзім білемін ғой, — деген жауабын естіп, іштей тындым. Ақыл айтатындай мен кіммін? Келешекте ол тұрмыс құрып, балалы болғанда не болмақ? Өзге отбасында оның осы мінезін қалай қабылдар екен деген сынды сұрақтар көкейімде тұрды. Өз анасының ақылына мән беріп, тыңдамай отырған адам, ертеңгі күні енесімен қалай тіл табысар екен? Қаншама балалар әкесіз өсіп жатыр, мүмкін көбісі осындай жағдайдың салдарынан емес пе? Басқа отбасында келін атанған соң, «осындай қырсықтығымды қоя алмадым, мінезім сондай» деген сөздерді жиі естіп жататынымыз да бар. Ажырасып, жалғыз басты ана атанып жүрген қыздарымызға да көз үйренгендей. Қоғам мұндай жағдайларға бейімделіп кеткені сонша, мән беріп қарамаймыз. Сонда бұл қырсықтық мінез бе, әлде тәрбие ме?
Қазіргі кезде қоғамдық орындарда қыз балаларымыздың дөрекі қылықтары, темекі шегіп, балағат сөздерді айтып, үлкен кісі отырса да қымсынбай қандай тақырыптағы әңгіме болсын ашық айтып отыратынын да талай рет көрген шығарсыздар. Тіптен, жігіттерімен құшақтасып, адамды ұялтар қылық жасап оты-ратыны да бар. Осыған шыдамаған үлкендер қауымы үнсіз тұрып кетіп жатады. Кейбірі қыз бала ғой деп ақыл айтып, қылығының орынсыз екенін түсіндіріп жатса да, «ой, қойшы соны, қай заманда қалып қалған, қазір ХХІ ғасыр» деп жататынына да куә болып жүрміз. Сонда ХХІ ғасыр талабы осындай ма? Үлкенді сыйламай, тіпті қоғамды сыйламай өмір сүр деп үйретеді ме? Жоқ, әрине. Бұл жай ғана өз ісіне айтар сылтаулары шығар.
Бірақ осы заманда өмір сүріп жатқан адамға шынымен де осындай ой келуі мүмкін. Күнделікті теледидардан осы сынды құбылыстар бар кинолар мен телехикаяларды жібермей көреміз. Кейбір жасөспірім қыздар ата-аналарымен де қосылып көріп отырады. Мұндай жағдайларға көзі үйреніп кеткен жасөспірімде осының бәрі дұрыс деген ой қалыптасары сөзсіз. Түрік телехикаяларынан бастап, бәрі оғаш қылықтарға толы болып кетті емес пе? Неге түрік дейсіз ғой? Әрине, басқа да елдің телехикаялары мен кинолары жақсы тәрбиелік мәнге ие болып тұрғаны шамалы. Бірақ соңғы кездері қоғам осы түрік телехикаяларын жібермей көріп жүргені белгілі. Қай үйге барсаңыз да, айтар әңгіме солардың өмірі, солардың жағдайлары. Енді соларды көріп, куә болып өскен қыздарымыздан не сұраймыз? Қазір болып жүрген «Мезгілсіз махаббат» телехикаясын алып қарасаңыз. Алысқа бармай-ақ, өз үйімде де осы телетуындыны жібермей көреді, барлық жұмыстарын ысырып қойып, соны күтеді. Үлкені де, кішісі де теледидарға үңіліп, сол өмірге еніп кеткендей. Сұрақ қойып, жауап ала алмайтын кездерім де болады. Міне, осындай жағдай әр отбасында да бар шығар. Бұл телехикаяда бастан-аяқ көргенсіздік сипат алған. Шешесі мен қызының бір адамды ұнатуы, қызының шешесімен талас-тартысы, одан қала беріп өз қайнысымен көңіл қосуы, қайнысының түбі барып сол үйдің қызына үйленуі — бәрі-бәрі қандай тәрбие береді?
Иә, көшеде келе жатып әртүрлі жағдайларды көріп жүрміз. Қыз балалардың қылығы өзгеріп, дөрекіленіп бара жатыр. Кімнің қыз, кімнің ұл екенін де кей кездері ажырата алмай жатамыз. Шаштары қысқа, үстіндегі киімдері ұл балалардікі сияқты, сөздері балағатқа толы, ауыздарында сағыз. Ала көзденіп, айналасындағы адамдарға менсінбеушілік танытып, бәрі соған қызмет ететіндей сыңай танытып тұрады. Сонда қыз балаларға арналған киім жоқ болғаны ма? Мүмкін, бұл ерекшеленудің бір түрі шығар? Біздің қазақи болмысымызға жат мұндай қылықтар қайдан келді? Неге осындай үлкен сұранысқа ие болуда? Мұның астарында не жатыр деген сынды сұрақтар көкейімнен кетер емес.
















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет