Қалай және неге негіздей енгізілген өзгерістер тиімді?
Мектептегі оқу- тәрбие жүйесін өзгерту арқылы, оқушының өзгерістеріне ықпал етеміз. Ол өзгерістер қалай жүреді?-деп ойлансақ, мектептегі жүргізілген тәжірибе көрсеткендей, кез-келген іс-шараның басында ұйытқы болар көшбасшылық жүйе басты рөл атқарады. Оқу мен оқытудағы өзгерістер көшбасшының айқын көрініс тапқан төрт сипатымен орнығады:
орындаушылық-мектептің жақсарту қағидаттарына негізделген сыныптардағы тәжірибеге көшу. Сол арқылы, мектеп ішіндегі байланыстарды беріктігіне, мұғалімнің рухани өсуіне кепілдік бере алуы;
қатысушылық-көшбасшы ретінде танылу, өзгеріс пен дамудың бір бөлігі екенін сезну;
делдалдық- тәжірибе мен ақпараттың маңызды көзі болуы;
қарым-қатынас мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас құру, сол арқылы өзара білім алуы.
Қазіргі жаңа оқыту кезеңіндегі ол әдіс-тәсілдер мыналар: сын тұрғысынан ойлау, бірлескен оқу, топтық, ұжымдық, жұптық оқытулар, өздігінен білім алу, сындарлы оқыту, шығармашылдық, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау оқуға негізделеген өзгерістер. Осы білім саласында аса маңызды және тиімді болғанын іс- тәжірибе көрсеткіші дәлелдеп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғaлiмдeргe aрнaлғaн нұcқaулық, Бірінші (ілгері) деңгей,Екінші бacылым, «Нaзaрбaев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж.
М Жумабаев еңбектері мен ойлары. Алматы. 1998 ж.
Оралсын Абдуллаева. http://yvision.kz/post/243454 12.11.2013 ж.
Г.Ю.Ксензова.Перспективные школьные технологии.М. «Наука»,2001.
Достарыңызбен бөлісу: |