Мен Жансерікқызы Толғанай Қызылорда облысы,Арал ауданының тумасымын. Абай атамыздың 175 жылдығына орай өзімнің жүрек жарды өлең шумақтарымды арнадым



Дата07.02.2022
өлшемі12,19 Kb.
#90382
Байланысты:
Абай атамызға 175 жыл


Мен Жансерікқызы Толғанай Қызылорда облысы ,Арал ауданының тумасымын. Абай атамыздың 175 жылдығына орай өзімнің жүрек жарды өлең шумақтарымды арнадым.
Абай ата асқақ атың қымбат тым,
Саналықтың биігінен тіл қаттың.
Өсіп, өніп мейірім қылмақ жанға,
Өсиет қып халқыңа бек тыңдаттың.

Сары алтындай тазалығың артылған,


Өшпес, өлмес сөзің қалған артыңнан.
Поэзияң мен нақыл сөзің жастарға,
Ой түйініп түзелетін жол болған.

Жастайынан болып өскен ол зерек,


Ақыл айтар , дана болған Абайым.
Өлеңі мен қара сөздер ол бөлек,
Әр қазаққа дара болған Абайым!

Ұлтының болшағына , алаңдаған Абайым.


Өз халқына қатыгез, бола алмаған Абайым!

Поэзиясы қазақтың


Абайсыз сәні кірерме?!
Әр сөзі оның ой салар
Сөз қадірін білгенге.

Сынай да білген өз елін,


Құлай да сүйген өз елін.
Оқысамда қай жырын,
Тазалықты сеземін!

Қолда барда алтынның,


Бағасын сірә сезді кім?!
Рухына оның сыйынып,
Бас иетін кез бүгін.

Қандай ғып әсем жеткізген,


Төрт мезгіл жылда келетін.
Қыспенен көктем әсем жаз,
Күзім бар, түрлі түске енетін.

Бір жүз жетпіс жылдығың,


Оң болсын ұлы Абайым!
Қиыстырып қиыннан,
Келтірген сөздің шырайын!

Сары алтындай сақтайтын,


Түсінікті әрі таза,ақ.
Абайдың қара сөздерін,
Оқыса екен әр қазақ!
Жансерікқызы Толғанай
Бнк – 1 топ (1курс)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет