Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.
Ойын – сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын – сауық орындары.
Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай.
Жастардың қауіп – қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін – өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымның есірткіге бейімділігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туындаған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, менмендікке итермелеуі негізгі себептер болып табылады.
Есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы немесе достар арқылы пайда болады.
Нашақорлардың негізгі белгілері
Есірткі қолданатын адамдарды мынадай белгілерден анықтауға болады:
Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;
Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;
Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
Солғын, ұйқылы – ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;
Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;
Көз қарашықтарының үлкеюі;
Адамның бос жерге қарап отыруы;
Нашақорлардың жаргон тілін білуі;
Кісінің белгілі уақытта басқа жерге кетіп қалуы.
Адамның негізгі мұқтаждықтарының басқа нәрселерге көп ақша жұмсай бастауы;
Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады.
Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды.
Есірткінің әсерлері
Физикалық әсері
Ми және орталық жүйке жүйесі: Темекіден бастап барлық есірткі түрлері ми мен орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян тигізеді. Сондықтан миға тәуелді ақыл – ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе – теңдік ұстай алмай, қалыпты мінез - құлық пен әрекеттерден айырылады.
Сау ми дұрыс ақыл – ойдың ең үлкен дұшпаны есірткі болып
табылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұмытшақтық, барлық психикалық аурулар.
Ас қорыту жүйесі: Жүректің айнуы, құсу, іш ауру, қаталау,
Іш өту, асқазан және ішектердің ауруы, қанау және асқазан жаралары, мерез т. б
Бауыр және бүйрек: Майлану, бауырдың қабынуы, бүйректің әлсізденуі, қан мен зәрдің көбеюі, бауыр мен бүйректің тығындалуы, өте ауыр бүйрек аурулары.
Көз: Жарық және алыс жерді көрмеу, қылилық, түнде көрмеу, көз қарашығының үлкеюі немесе кішіреюі, т. б
Тыныс алу жүйесі: тыныстың тарылуы, жөтел, тұншығу, жүректің қысылуы, тыныс ағзаларының сал болуы.
Қан ағзалары: Қан адам өмірінің ең маңызды ағзаларының бірі бола тұра есірткіден өте көп зиян шегеді.
Бұл « қырсықтан» қалай құтылуға болады?
Есірткіден қорғауға ең үлкен жауапкершілік жанұяға түседі. Жанұя қоғамның негізі болып табылады.
Балалар әр түрлі проблемаларын алдымен ата – анасына айта алуы керек. Бақыт пен сүйіспеншілікті өз жанұяларынан іздеу керек.
Жаман достардан алыс болулары керек. Мұндай адамдарды әрекеттерінен, сөздерінен тануға болады.
Бос уақытты ең жақсы түрде ( кітап оқу, мәдени және басқа да пайдалы істермен айналысу) өткізу керек.
Есірткі қолдану туралы тек ескерту жасау мен оның зияндарын айту жеткілікті емес. Тіпті бұлардың өзі кері әсер беруі мүмкін. Әсерлі шара балалар мен жастарды « Есірткіге қарсымыз!» дейтін дәрежеге жеткізуі керек. Бұл үшін өздеріне деген сенімдерінің арттырылуы, қиындықтарды жеңе білулері және өздерін өмірге дайындау жөнінде оларға көмек көрсету керек. Есірткі қолданатындығын көрсететін белгілерді байқап көріп, кешікпей шаралар қабылдау өте маңызды. Бұл міндеттердің орындалуына мектеп дәрігері, мұғалімдер мектеп пен жанұяның бірігіп атсалысуы көп пайдасы тиеді.
Адамның есірткі қолданатындығы қаншалықты ерте байқалса, бұл аурудан айығу соншалықты жоғары. Сондықтан тәуелді адамның ата – анасы және өзі дәрігерге барулары керек. Емдейтін дәрігер құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс істейді және тәуелді адамға ешқашан жаза берілмей, емделуі үшін барлық жағдай жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |