Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ - дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Ата заңым құт сыйладың еліме!
-Міне осы жыр жолдарынан Ата заңымыздың мемлекетіміздің гүлденіп дамуына,халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің орасан зор екенін байқаймыз.Ендеше барлығымыз 30 тамыз күні Ата заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының неше жылдық мерейтойын тойладық? /15 жылдығын атап өттік/
/Сабақтың тақырыбы аталып,негізгі мақсат айқындалады,Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылады/
- Балалар, осы Жер атты планетада әр адамның ең ыстық ,жүрегіне жақын орны бар - ол оттан да ыстық Отаны. Отан! Қандай керемет,қандай ыстық,сүйіспеншілік пен мейірімге толы ғажап мекен! Біздің еліміз,атамекеніміз – Қазақстан Республикасы.
Атамекен деп аталу себебі мұнда ғасырлар бойы біздің ата – бабаларымыз өмір сүрді,осы киелі топырақты мекен етті. Туған жер деп аталу себебі біз осы жерде туылдық,барлығы біздің туған тілімізде сөйлеседі,осында барлығы біз үшін ыстық,жүрекке жақын,таныс.
Достарыңызбен бөлісу: |