Хор: «Ағайынбыз бәріміз»
Ән: «Біз өмірдің гүліміз» орындаушылар: 2 «А»
Жан:
Үзім нанды бөліскен,
Ынтымағы келіскен
Достық аулақ тұрады
Ұрлық, ұрыс-керістен.
Дидар:
Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол-дағы.
Достық деген ізгіліктің алаңы
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта, досын сатқан адамдар.
Малика:
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басынан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз.
Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Көрініс: «Рас екен мақалдар»
1. Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
2. Мал көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді.
3. Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
4. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
5. Достың ескісі, киімнің жаңасы жақсы.
6. Жаңа дос жаныңда жүрсе,
Ескі дос есіңде жүрсін.
7. Ескі дос келгенде,
Жаңа достың көзінен жас шығады.
8. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
9. Досыңмен дос болғанша шаттан,
Дұшпаныңмен дос болғанна сақтан.
10. Асы көптің – тәні семіреді,
Досы көптің – жаны семіреді.
11. Досың мың болса да аз,
Дұшпаның біреу болса да көп.
12. Дос құшағы жаз.
13. Жаман туғаның болғанша
Жаман дос қосып айтар.
14. Жақсы дос ашып айтар,
Жаман дос қосып айтар.
Малика:
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы.
Жаслан:
Достық – өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы. Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да басқа игілікке түгел ие бола тұрса да дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.
Достарыңызбен бөлісу: |