Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сто стратегиялары.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суретті плакат, бүктеме суреттер, нақыл сөздер.
Жоспар: 1. Қ.О. топтастыру
2. М.Т. «Қазақстан мемлекеті ұлттар ынтымағы» жайлы анықтамалары.
3. Тақпақтар.
4. Мақал-мәтелдер көрініс. «Рас екен мақалдар»
5. «Бар елге қымбат туыстық»
Кіріспе Қызығушылықты ояту -Балалар, мамыр айындағы алғашқы мереке қалай аталады?
-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі.
-Олай болса, бірлікке, татулыққа бізде ұмтылайық.
Сіздермен бірге мына тренингті жүргізейік.
Дөңгелене шеңбер болып, қол ұстасып тұра қалайық. Бірімізге-біріміз «Мен сенімен дос боламын» – деп күлімсірейік. Орнымызға отырайық.