Жаслан:
-Міне, мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы – ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.
Жан:
-Иә, бізің туған жеріміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.-Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.
Жан:
-Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы. Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар әртүрлі ертегі айтады.
Әртүрлі бесік жырын жырлайды. Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.
Малика:
-Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, корейлер, татарлар, украйндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді. Иә, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазқа халқынан кем білмейді.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Достық тату өмірге
Дүние жүзі сенеді.
Соғыс өртін өшіре
Бейбітшілік жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |