2-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
3 - оқушы: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
4 - оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Достарыңызбен бөлісу: |