ІІ.Негізгі бөлім. Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін! - деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай,бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы:
«Туған жер тұғырың » деп аталады.
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. (картамен жұмыс).
Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен,Семей, Талдықорған. Бұлар - әдемі қалалар.
Астана-Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. (Астана қаласының әсем, көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп, әңгімеленеді).
Қазақстан тарихында төрт астана болды. Олар: Орынбор(1920-1925), Қызылорда (1925-1929), Алматы(1929-1997), Астана (10 маусым 1998ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |