Қорытынды:Мұғалім: « Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс- әрекетпен тәрбиелеген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қлғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт- бағдарды белгілеп, қоныс- суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, он бес- жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған.
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз,бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру-әке міндеті болып есептелген. « Қыз өссе-елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі,киіне білуі оның ішкі мәдениетімен,тәрбиелік деңгеймен байланысты.
Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы басынан төзімділікке,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеген.
Қазақ халқының салт дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да,салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр ,әдет-ғұрыппен өте тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |