Мұғалім: Келесі бөліміміз «Заңсыз арал» деп аталады.(бұл сіздердің алдарыңызға плакат беріледі соған өз ойларыңызды сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп бересіздер.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді ? (Оқушылар пікірі тыңдалады).
Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды.Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Достарыңызбен бөлісу: |