Мұғалім: Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,-деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден-бір жауапты ата-ана , өздеріңізсіздер.
Бүгінгі дөңгелек үстелімізді бала тәрбиесінде басты рөлді ата-ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасап және достарының кім екенін біліп отыру керек деп қорытындылай келе сөз кезегін мектеп басшысына береміз.
Хаттама
2014 жылдың 24 желтоқсаны күні №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернатында 6 – сынып тәрбиешісі Алдажарова Гүлзаданың ұйымдастыруымен Жасөспірім. Қылмыс. Жаза атты дөңгелек үстел болып өтті.
Қатысқаны – 25
Қатыспағаны:жоқТыңдалды:
Дөңгелек үстелге 7 – 8 – 9 – 10сынып оқушылары және Аудандық Жасөспірімдер аға капитаны Гүлнар Есенжолова, ата – аналар қатысты. Тәрбиеші дөңгелек үстелдің бөлімдерімен таныстырды. Дөңгелек үстел бес бөлімнен тұрды. Дөңгелек үстел 6 – сынып оқушыларының ұйымдастырыуымен қойылған күнделікті көрініспен ашылды. Осы көрініс жөнінде Гүлнар Есенжолова өз пікіірін білдірді. Ата – аналарға бала тәрбиесіне байланысты сауалдар беріліп оқушылармен арада тартысты ой- пікірлер айтылды. Оқушылармен тренинг ұйымдастырылып бұл тренингте жасырылған жұмбақтың шешуін 9 сынып оқушысы Кенжебаева Арайлым тауып өте ұтымды жауап қайтарды.Мұнан кейін әр топқа постер әдісі бойынша плакаттар таратылып әр топ өз ойларын сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп берді. Бір – біріне «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша өз пікірлерін білдірді. Интерактивті тақтада жанартау бейнесінде берілген «Қылмыскер бала қайдан шығады» атты ой қозғау сауалына ата – аналар өз ойларын жеткізді. Оқушыларда қалыспай пікірлерін білдірді. Тәрбиеші Алдажарова баланы қылмыскер болуға итермелейтін араласатын ортасы, жанұя жағдайы, ата – ананың ажырасуы, жетіспеушілік,байлықты көтере алмауы тағы басқа жағдайлардың әсерінен деп толықтырып кетті. Г. Есенжолова осы жөнінде оз ойын және жұмыс тәжірибесінде кездескен жағдайларды атап айтып өтті. Тәрбиеші Алдажарова: Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,-деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден-бір жауапты ата-ана , өздеріңізсіздер.Бүгінгі дөңгелек үстелімізді бала тәрбиесінде басты рөлді ата-ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасап және достарының кім екенін біліп отыру керек деп қорытындылай келе сөз кезегін мектеп басшысына берді. Мектеп басшысы келген қонақтарға, ата – аналарға алғысын айтып бүгінгі дөңгелек үстел тартысты пікір алмасуларға толы болды, көптеген оқушылардың көкейінде жүрген сауалдарға қанық болдық, өте жақсы өтті деп қортындылады.