Сабақтың тақырыбы: «Ғарыш және ғарышкер»
Сабақтың мақсаты: 1. Кісінің аты – жөні, жер су аттары бас әріппен басталып жазыла тынын меңгерту. Ғарыш жайында білімдерін кеңейту, жаңа мағлұматтар беру.
2. Ойлау дағдыларын, өз - ой пікірін толық айту мүмкіндігін, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
3. Ғарышқа өзі білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданатын адамдар үшін ұшатынын ұқтыра отырып, еңбексүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Т. Әубәкіровтің суреті, сызбалар.
Түрі: Жаңа білімді тереңдету.
Әдісі: Ойландыру, сұрақ - жауап, топтастыру.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақта қандай тақырыпта өттік?
- Заттың атын білдіретін сөздер.
3. Ережелерді еске түсірейік:
Өткен тақырыпты қайталай (№1)
Адамдарға қатысты сөздерге кім? Кімдер? Заттар мен жануарларға не?
Нелер? деген сұрақтарға қойлады.
3. Сәйкестендіру (№2)
Не? Ана
Кім? Сүт
Не? Бала
Кім? Тіл
Не? Бал
- Осы сөздерді пайдаланып қандай мақал құрастыруға болады?
Ананың сүті - бал
Баланың тілі - бал
4. Қызығушылықты ояту:
- Ерте, ерте, ертеде. Ешкі жүні бөрте де. Бас әріппен кіші әріп екеуі дос болыпты. Олар ойнаса да, қуанса да, ренжісе де бірге екен. Күндердің бір күнінде бас әріп пен кіші әріп кішкентай әріпке өзінің үлкен екенін дәлелдей түседі. Ал кіші әріп болса, еркелеп бас әріптің үлкендігін мойындар емес. Сонда бас әріп кіші әріп кіші әріпке былай дейді:
-- Мен сенен үлкенмін, оның үстіне ең басты әріп мен боламын.
Өйткені мен болмасам, ешкім де өз атын жаза алмайды
Кіші әріп бас әріптің бұл сөзіне түсінбей, таңғалады.(Түсінгеніміз бас әріптер болмаса өз аты - жөніміз дұрыс жазылмайды екен)
4. Жаңа сабақ
(Күн жадысы мен тақырыпты жазу) Бас әріппен жазылатын сөздер.
№5 Ой шақыру:
... Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)
5. Оқулықпен жұмыс
220 - жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу
Тұңғыш қазақ ғарышкер
Әубәкіров ағаның
Даңқы көпке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған
Тоқтар ағам жан ағам
Бұрыннан да ер еді
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келді (Сұлтан Қалиұлы)
А) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Ә) Өлеңді оқушылардың оқуы
Б) Өлеңді талдау
6 Есіңе сақта.
Ең алғаш аспан кеңістігінде адамдар 1961 жылы ұшқан екен. Биыл ғарышкерлердің аспан кеңістігіне жол салғанына50 жыл. Ғарыш кемесін ұшыратын жер Қазақстанның Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш кешені.
- Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жаз. Әубәкіров, Тоқтар, Гагарин(сөздерін тақтаға жазып талдау)
- Сонымен кісінің аты - жөні бас әріптен басталып жазылады екен.
7. Ереже
Кісінің аты - жөні бас әріптен басталып жазылады: Әмірхан, Зәйкүл, Медетов
221 - жаттығу
Сөздерді көшіріп жаз.
Айдос, Раушан, Сәуле, Арай, Ілияс, Бидар, Мерует.
8. Кім шапшаң? ойыны Өз аты – жөнін, қөршісінің аты – жөнін жазу
2. Суреттегі заттардың атын ата. Бірінші дыбыстарын қосып оқығанда суда да, құрлықта да тіршілік ететін жануардың атын оқи аласың
Бота, алма, қой, ара. (Бақа)
6 - Қорыту.
Артық сөзді тап ойыны
Айгүл, Қагат, Сәуле, Жұлдыз, гул, Жанар, Айдос.
7. Бағалау
8 Үйге тапсырма бер Өлеңді мәнерлеп оқу. Ереже жаттау. Өз отбасында неше адам бар солардың аты – жөнін жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |