Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Жұмбақтар (презентация арқылы)
Мысық құлақты,
Бүркіт тұяқты. (үкі)
Тұмсығы қашау, кәсібі - ұя жасау,
Ағашты қорғап, зиянкестерді асау. (тоқылдақ)
Қайталап атымды,
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа саламын. (көкек)
Биікке самғайды,
Бірақ ізі қалмайды. (бүркіт)
Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді. (торғай)
Жылдың ең суық мезгілі?
Көктемде ұшып келеді,
Қандай құс?
Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
Бал жинайтын жәндік?
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады.
Қорытынды.
Оқушыларға тақтадан неге құстар біздің досымыз екені туралы плакатта берілген суреттер арқылы түсіндіріледі.
Құстар-біздің досымыз,
Шырқап, әнге өосамыз.
Құстар-біздің досымыз,
Көктем айын тосамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |