Ал қайырымдылық деген не?
Оқушы: қайырымдылық-өзіңнен кішілерге, жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету.
Мақал –мәтел жарысы:
Әдептілік, ар-ұят—адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат—надандықтың белгісі.
Әдепті бала—арлы бала,
Әдепсіз бала—сорлы бала.
Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі—келіп –кетіп жүргені.
Ән : «Мен әдепті – баламын»
Е. Өтетілеуовтың «Әдептілік –әдемілік » өлеңін оқу
Мұғалім :Әдеп әліппесі туралы кім не біледі
Ә – әрпі
Әдеп, тәртіп білемін,
Әдеппен сөйлеп күлемін.
Әрқашан жұрт алдында
Әдеппен сөйлеп жүремін.
Д –әрпі
Досты сыйлау салтымыз,
Достық жасау шартымыз.
Достық жасап бар елмен,
Достасады салтымыз.
И –әрпі
Иландырған әдепті
Иман- сенім әдепке.
Иманды жан біледі,
имандылық әдетті.
С – әрпі
Сабырлы жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа.
Сабырлық ақыл туындай
Сабырдың туын құлатпа.
Достарыңызбен бөлісу: |