«Мен өз елімнің патриотымын!» Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Мақсаты


Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз» Мақсаты



бет7/9
Дата18.02.2018
өлшемі1,56 Mb.
#37915
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты:

1.Білімділік: Жабайы және үй құстары туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.

2.Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Балаларды дала, үй құстарына қамқор болуға баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі:суреттер, кластер, үнтаспа, карточкалар, презентация.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

l. “Шаттық шеңбер”

Сылдыр-сылдыр шапалақ,

Міне, менің қолым.

Міне, менің жүрегім,

Сені жақсы көремін.

Негізгі кезеңі.

1. Кіріспе әңгіме: -Балалар бүгін аптаның қай күні? -Жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін “Орман патшалығына” саяхатқа барайық. Келе жатқан жолымыздың жан-жағы сары алтынға боялған, ауасы таза, күн ашық. Айнала сайраған құстардың дауысы естіледі.

Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар?

(Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия)

— Иә, бұл құстардың дауысы. Олай болса бүгінгі

тақырыбымыз құстарға арналады. Онда бүгін біз

сіздермен жұмбақтар, жаңа сөздер, қызықты ойындар



ойнап, суреттер бойынша әңгімелесеміз.

Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.

Мұғалім: Ал, енді балалар, бір сәтке көзімізді жұмайық. Балалар орман патшалығынан жүргендей елестетіп, отырады. (презентация)

Слайдта берілген үй құстарымен балалар танысып шығады.

Мұғалім: Балалар ендә орман патшалығынан өзіміздің сыныбымызға оралайық.

Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден –ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілік шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян еткен. Халық өз орталырынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үішн, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңеген. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген. Аққу 30-40 жылдай өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киілі құс.

Оқушыларға құстар туралы қызықты мәліметтер видео арқылы көрсетіледі. Видео көрсетіліп болған соң, оқушылармен ой бөлісу.

Сергіту сәті.

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Жұмбақтар (презентация арқылы)

Мысық құлақты,

Бүркіт тұяқты. (үкі)

Тұмсығы қашау, кәсібі - ұя жасау,

Ағашты қорғап, зиянкестерді асау. (тоқылдақ)

Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға,

Жұмыртқа саламын. (көкек)

Биікке самғайды,

Бірақ ізі қалмайды. (бүркіт)

Тал басында ағаш үй,

Терезесіз тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетеді. (торғай)

  1. Жылдың ең суық мезгілі?

  2. Көктемде ұшып келеді,

Қандай құс?

  1. Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.

  1. Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

  1. Бал жинайтын жәндік?

  2. Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады.

Қорытынды.

Оқушыларға тақтадан неге құстар біздің досымыз екені туралы плакатта берілген суреттер арқылы түсіндіріледі.

Құстар-біздің досымыз,

Шырқап, әнге өосамыз.

Құстар-біздің досымыз,

Көктем айын тосамыз.

Сабақтың тақырыбы: «Ғарыш және ғарышкер»
Сабақтың мақсаты: 1. Кісінің аты – жөні, жер су аттары бас әріппен басталып жазыла тынын меңгерту. Ғарыш жайында білімдерін кеңейту, жаңа мағлұматтар беру.
2. Ойлау дағдыларын, өз - ой пікірін толық айту мүмкіндігін, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
3. Ғарышқа өзі білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданатын адамдар үшін ұшатынын ұқтыра отырып, еңбексүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Т. Әубәкіровтің суреті, сызбалар.
Түрі: Жаңа білімді тереңдету.
Әдісі: Ойландыру, сұрақ - жауап, топтастыру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақта қандай тақырыпта өттік?
- Заттың атын білдіретін сөздер.
3. Ережелерді еске түсірейік:
Өткен тақырыпты қайталай (№1)
Адамдарға қатысты сөздерге кім? Кімдер? Заттар мен жануарларға не?
Нелер? деген сұрақтарға қойлады.
3. Сәйкестендіру (№2)
Не? Ана
Кім? Сүт
Не? Бала
Кім? Тіл
Не? Бал
- Осы сөздерді пайдаланып қандай мақал құрастыруға болады?
Ананың сүті - бал
Баланың тілі - бал
4. Қызығушылықты ояту:
- Ерте, ерте, ертеде. Ешкі жүні бөрте де. Бас әріппен кіші әріп екеуі дос болыпты. Олар ойнаса да, қуанса да, ренжісе де бірге екен. Күндердің бір күнінде бас әріп пен кіші әріп кішкентай әріпке өзінің үлкен екенін дәлелдей түседі. Ал кіші әріп болса, еркелеп бас әріптің үлкендігін мойындар емес. Сонда бас әріп кіші әріп кіші әріпке былай дейді:
-- Мен сенен үлкенмін, оның үстіне ең басты әріп мен боламын.
Өйткені мен болмасам, ешкім де өз атын жаза алмайды
Кіші әріп бас әріптің бұл сөзіне түсінбей, таңғалады.(Түсінгеніміз бас әріптер болмаса өз аты - жөніміз дұрыс жазылмайды екен)
4. Жаңа сабақ
(Күн жадысы мен тақырыпты жазу) Бас әріппен жазылатын сөздер.
№5 Ой шақыру:
... Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)
5. Оқулықпен жұмыс
220 - жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу
Тұңғыш қазақ ғарышкер
Әубәкіров ағаның
Даңқы көпке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған
Тоқтар ағам жан ағам
Бұрыннан да ер еді
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келді (Сұлтан Қалиұлы)
А) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Ә) Өлеңді оқушылардың оқуы
Б) Өлеңді талдау
6 Есіңе сақта.
Ең алғаш аспан кеңістігінде адамдар 1961 жылы ұшқан екен. Биыл ғарышкерлердің аспан кеңістігіне жол салғанына50 жыл. Ғарыш кемесін ұшыратын жер Қазақстанның Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш кешені.
- Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жаз. Әубәкіров, Тоқтар, Гагарин(сөздерін тақтаға жазып талдау)
- Сонымен кісінің аты - жөні бас әріптен басталып жазылады екен.
7. Ереже
Кісінің аты - жөні бас әріптен басталып жазылады: Әмірхан, Зәйкүл, Медетов
221 - жаттығу
Сөздерді көшіріп жаз.
Айдос, Раушан, Сәуле, Арай, Ілияс, Бидар, Мерует.
8. Кім шапшаң? ойыны Өз аты – жөнін, қөршісінің аты – жөнін жазу
2. Суреттегі заттардың атын ата. Бірінші дыбыстарын қосып оқығанда суда да, құрлықта да тіршілік ететін жануардың атын оқи аласың
Бота, алма, қой, ара. (Бақа)

6 - Қорыту.
Артық сөзді тап ойыны
Айгүл, Қагат, Сәуле, Жұлдыз, гул, Жанар, Айдос.
7. Бағалау
8 Үйге тапсырма бер Өлеңді мәнерлеп оқу. Ереже жаттау. Өз отбасында неше адам бар солардың аты – жөнін жазып келу.

Сынып сағаты "Мейірімділік"


Сабақтың тақырыбы:          Мейірімділік
Мақсаты:  1.  «Қайырымдылық»,  «Мейірімділік»,   адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
         2.  Әңгімелесе отырып, қамқорлық жасауға  жетелеу.  Сабақ барысында құстарға жемсауыт дайындап, оларды мектеп ауласына  ілу, суреттер салу.
         3.   Мейірімділікке тәрбиелеу.
Қолданылған құрал – жабдықтар:   Сюжетті суреттер, жағдаяттар,  болжау үлестірме  қағаздары.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.

Жан-жағына  нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

2. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

-         Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

-         Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

-         Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

3. Әжем айтқан ертегі   айдарымен әңгіме, ертегілер тыңдау.

Жақсылық пен жамандық.

         Мысал ертегі.

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.  Иттердің біреуі – ақ, екіншісі – қара.  Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы.

-         Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі –ақ, екіншісі – қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі.

Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап:  «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!»

-         Ненің таңбасы, ата?

-         Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын.

Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді.  Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып:

-         Қайсысы дейсің, балам?..   Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді.

4. Суреттерге қарап, жағдаяттар шешу.

1.     Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп келе жатқан  пошташыны кездестірдің..............

2.     Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ..........

3.     Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті........

 

Біз қандай мейірімділік, қамқорлық жасай аламыз?

Оқушылардың ойларын тыңдау.  Мысалдар келтіру.

Бірде мектепке бір кішкене торғай кіріп кетіп, шыға алмады. Біз оған көмектеспек болсақ, ол бізден қорқып, ұстатпайды.  Ал, егерде ол мектепте жүре берсе, ашығып өліп қалуы мүмкін. Өйткені шошып тіптен тамақ берсең де ішпейді. Әр сыныптардан көптеген оқушылар келіп, зорға деген де аулаға шығарып жібердік.

Бөлме өсімдіктеріне қандай мейірімділікпен қарау керек. Неге?  Мысал келтіре отырып, әңгімеле.



Сергітейік жанымызды.

         Гүлдер әнін барлығы орындайды.

Біздің әсем аулада

Гүлдер көктеп келеді.

Күн сәулесі оларға

Алтын нұрын төгеді.

Гүлім менің өзімнен,

Айнымауын қарашы.

Гүлдер кімнің баласы,

Мен анамның баласы.

5 . Тапсырма орындау.

Құстарға жемсауыттар дайындап, мектеп ауласындағы ағаштарға ілейік. Ол үшін бізге мынадай заттар қажет:  шырынның бос ыдысы, қайшы, жіптер, салатын жемдер.

Жемсауыттың дайындалу жолдарын үйрете отырып, жасату. Техникалық қауіпсіздіктерді  еске түсіріп, қадағалау. Жасалған  жемсауытты аулаға апарып ілу.

6. Жан-жануарларға да қамқорлық жасай біл!

Мейірім әңгімесін оқып беру.

Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Сабақ тстен кейін басталатын болғандықтан, асықпай келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенімде үрейлене жылаған баланың  дауысын естідім. Жалт қарасам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік 3-4 жасар қыздың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес.күшікті қуып жібердім. Қыз қатты қорқыпты. Денесі дірілдеп, өксігін баса алмай солқ-солқ етеді.

7.     Сабақты бекіту.

Мейірімді бол!  Кестесін толтыру.

Сұрақтарға жауап алу.

-         Талға мысық мініп түсе алмаса не істер едің?

-         Сырқат жанға сенің қолыңнан қандай жақсылық жасау келеді?

-         Үлкен кісіге қандай жақсылық жасау керек?


Тақырыбы: Мен қайырымды баламын

Мақсаты: Оқушылардың бойына қайырымдылық нұрын құю.Адамгершілік қасиет туралы түсініктерін кеңейту. Айналасындағыларға жақсылық жасай білуге үйрету.

Түрі : саяхат сабақ

Көрнекілігі: «Жақсылық», «Мейірімділік», «Қайырымдылық»

Елді мекендерінің аты жазылған карта.

І.Ұйымдастыру

ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар бүгінгі сабағымызда айнала қоршаған дүниедегі жақсылықтар туралы, адамдардың бойындағы ғажайып құндылықтармен, олардың арасындағы ізгі қатынастармен танысамыз.

Сендермен бірге «Жақсылық», «Мейірімділік», «Қайырымдылық» елді мекендеріне саяхатқа шығамыз. Осы елдердегі түрлі оқиғалардың куәсі боламыз.Қолымыздан келгенше осы жердің тұрғындарына көмек берейік.

Қане, бәріміз ғажайып мекенге сапарға аттанайық:

  • Біз қазір «Жақсылық» елді мекеніне келіп тоқтадық. Бәріміз көзімізді жұмып , қандай жақсылық жасағанымызды еске түсіреміз. Іштеріңде жақсылық жасағандарыңды бөліскілерің келетіндер бар ма?


  • Жарайсыңдар ,балалар, барлық уақытта жақсылық жасап жүріңдер.


  • Енді келесі елді мекенге аттанайық.Ол жерде бізді қандай қызық оқиғалар күтіп тұр екен.


  • Балалар сендер үйлеріңнен алыс жақтарға сапарға шыққанда ең бірінші кімді сағынасыңдар?


  • Сендерді ата-аналарың ,ата-әжелерің қалай еркелетеді?


  • Сендер мейірімді сөздерді кімдерден естисіңдер?


  • Сендер үшін өмірдегі ең мейірімді жан кім? – сұрағына жауап ала отырып, мейірімділік қасиетке сипаттама беру.


  • Сонымен балалар біз келген елді мекенді қалай атауға болады?


Келесі елді мекенге жеткенше сендерге мен А.Хамзин аталарыңның «Қайырымдылықты әжемнен үйрендім»әңгімесін оқып берейін.

Мен өсіп тұрған гүлді теріп ,жия бастадым. Сонда әжем маған:

- Гүлді, көкті жұлмайды, балам солып, өліп қалады.Қатыгездікке барма, жаным!-деді. Мен жөнді мән бермей гүлді тере бердім. Бір кезде әжем қасыма келіп, уысымдағы гүлдерді қолына алып сабағынан тамып тұрған тамшыны көрсетіп: Міне, көремісің гүл де жылап тұр ғой,- деді. «Біздің қандай жазығымыз бар? Неге тиесің?»-деп , жылап тұрғандай көрініп кетті маған. Мен гүлдерді аяп кеттім. Жұлғаныма қатты өкіндім. Мен қайырымдылықты әжемнен үйрендім.

-               Сонымен біз қай елді мекенге жеттік деп ойлайсыңдар?

-               Қайырымдылық

-               Дұрыс, айтасыңдар. Оны қайдан білдіңдер?

-               Неге әңгіме «Мен қайырымдылықты әжемнен үйрендім »деп аталған?

Ой түйіндеу.

Бүгінгі сабақта біз қайырымды, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау керек екенін түсіндік.



Тақырыбы: «Әжелер сайысы»

Мақсаты:

Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету.

Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті


өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы
кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.

Сайыстың жүру тәртібі:


1. Ұйымдастыру.
2. Әжені таныстыру.
3. Әділ қазылар алқасын таныстыру.
4. Сайыстың шарттарымен танысу.
5. Сайысты қорытындылау.


Жүргізуші сөзі
Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған: «Ақ әжелер сайысы» мерекесіне қош келдіңіздер!
Наурызбенен ұласып көктем жеткен,
Үлкен-кіші көңілін көкке өрлеткен
Жан-жануар, табиғатты түрлендіріп,
Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен! –дегендей Жаңа жыл тек жақсылығын әкелсін.
Олай болса, балалар Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымен жалғастырсын:

Дінмұхамед Жанәли Тастемір Ниязбек Айболат Серік Нұрасыл



Жүргізуші сөзі
Әже біздің күніміз
Әже біздің гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз – дей отырып, Мадинаның әжесі Нұрбала әженіду қол шапалақпен ортаға шақырайық, қарсы алыңыздар.

Әже деген көп шығар,

Айсананың әжесіндей әже жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі дей отырып Сұлушаш әжейді, ортаға шақырамыз.

Таусылмайды өлеңі,


Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Мадинама деп кәмпит алып келеді дей отырып Мадинаның әжесі Базаркул әжейді, қарсы алайық.

Бізге әр кез тілекші боп жүретін,


Қуанышымызға ортақ бола білетін,
Мейірімді әже, асыл әже, ардақты әже– деп Ләйләнің әжесі Бота әжейді ортаға шақырайық.

Жүргізуші сөзі

Кім жеңеді сайыста? Үміт алда,


Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Әділ-қазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман менен бақыт жолда – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Мұғалімдердің қамқоршысы , бастауыш сыныптың оқу ісі жөнініндегі басшысы, аяулы да ардақты ана, болашақ әжеміз Достаева Гүлшат Игілікқызы

  2. Ендеше, сайысбағдарламасыментаныстырайық:




1. «Тегін білу – тектілік» (өзін таныстыру)
2. Өнер сайысы(өз өнерін көрсету)


3. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін көрсету

4. «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы.
5. «Дәм – думан» сайысы.

Ендеше сайысқа қатысушыларға сәттіліктілей отырып

1 әжені ортаға шақырайық.

2 әжені ортаға шақырайық.

3 әжені ортаға шақырайық.

4 әжені ортаға шақырайық.


  1. «Тегін білу – тектілік» (өзін таныстыру)

Жүргізуші сөзі Әділқазылар алқасы бағаларын беру шешімін қабылдағанша:

Нағыз қазақ қазақ емес,


Нағыз қазақ домбыра – деп кезекті: «Домбыра» биіне берейік.

Құрметті әділқазылар алқасы, бірінші кезеңнің бағасын айтсаңыздар, сөз кезегі өздеріңізде.



ІІ сайыс. Өнер сайысы (өз өнерін көрсету)

Ал кімнің өнері бар қаншалықты?

Толғанта ән салдырып, билетіп

Жасына қарамастан бұл ортада,

Қай әже таң қалдырар, бұл халықты –деп «Өнер сайысын» тамашалайық.

Екінші сайыс бойынша, әділқазыларға сөз кезегін берейік.



ІІІсайыс Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін көрсету

  1. Балаға ат қоюМадинаның әжесі Базаркүл

  2. Бесікке салу Мадинаның әжесі Нұрбала

  3. Тұсау кесер Айсананың әжесі Сұлушаш

  4. Тілашар Ләйләнің әжесі Бота

Өте тамаша, әділқазылар өзара келісімге келгенше балаларымыз әжелеріне арнап ән айтып берсін.

Хор «Әжем айтқан ертегі»

IV сайыс «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы

«Сыр сандық» деп аталатын. Яғни, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп, көпті көрген әжелеріміз бен білімді балаларымызға сұрақ-жауап кезегін берсек. Ол үшін берілген ұяшықтарды таңдаймыз.



1 тапсырма: 1. «Тілашар» қай уақытта жасалады? (Бала мектепке барған кезде).

  1. Ұйқасын тап: «Өзінше ноян, қорқақ кім? ( Қоян)

2 тапсырма: 1. Жеті ата қалай аталады? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2. Ұйқасын тап: «Үні ғажап дүл-дүл,

Бақта сайрайды не? ........» (Бұлбұл)

3 тапсырма: 1. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз

2. Ұйқасын тап: «Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді не? ......... (Шымшық)

4 тапсырма: 1. Ән салып берсеңіз.

2. «Сызып өтіп қарды мен,

Таудан түстім ............ (Шаңғымен)

Ал әділқазылар алқасы бұл бөлімнің қорытындысын шығарғанша



V сайыс «Дәм – думан» сайысы.
Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығып таныстырайық.
№1 нөмірі: жеті шелпек бауырсақ.
№2 нөмірі: сүт тағамдары.
№3 нөмірі: наурыз көже.
№4нөмірі: ет тағамы

Хор: «Наурыз»

Ойын: «Асық ату» (Ойынның шартын түсіндіру).

«Қол күрес»

«Арқан тартыс»

Қорытынды бөлімі: Әділ қазыларға сөз кезегін берсек!


Әжелер қалқып бақыт арасында,


Уайым мұң қонбасын басыңызға.
Осымен сайысымызды аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – деп жеңістеріңізге құтты болсын айтамыз. Әр әжені номинация бойынша марапаттау.

1 номинация: «Өнерлі әже-2015»

2 номинация: «Білгір әже-2015»

3 номинация: «Аспаз әже-2015»

4 номинация: «Мейірбан әже-2015»

Назарларыңызға көп – көп рахмет!



Сынып: 2

Тақырыбы: «Менің отаным-Қазақстан»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Қазақша рәміз, ту, елтаңба, ән ұран, сөздерін үйретіп, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, демонстрациялық, пікір-талас

Көрнекіліктер: қима қағаздар, қанатты сөздер. Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер

Барысы:

1 -жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар. Арайлы жаздың үш  айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя  мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

 Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

2-жүргізуші :  Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!



Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!?

Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!

(әнұран ойналады)

1 -жүргізуші : Қане балалар! - Кімнің досы осында бар? ( бір рет шапалақ)

- Кім бүгін апайға гүл сыйлады? (екі рет шапалақ)

- Кім өзі жалғыз мектепке келген жоқ?(үш рет шапалақ)

- Кім мектепті сағынды? (көп рет шапалақ)



2 -жүргізуші : тамаша балалар! Ал бүгінгі біздің мерекелі тәрбие сағатымыздың атың білу үшін ойын ойнауымыз керек. Дайынбызба ойынға? (4 слайд)

1 -жүргізуші: Балалар сендердің отырған орындықтарының астында белгілі бір қағаз бар. Сол қағазда сан дар орналасқан. Қане кім тапты. (5 слайд )

2 -жүргізуші : Кімде 1 деген сан ? (балалар рет ретімен шағады., берілген қағаздағы әріпті атап, оны дыбыс түріне ажыратады.

Мысалы: п-дауыссыз, қатаң . (6 слайд)



1 -жүргізуші : Балалар сонымен қандай сөз шықты? ҚАЗАҚСТАН (7 слайд)

2 -жүргізуші : Дұрыс айтасындар балалар. Бүгінгі біздің «Менiң Отаным Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (8 слайд)

1 -жүргізуші :. «Отан оттан да ыстық» дейдi халқымыз. Қалай ойлайсыңдар, неліктен халық осылай деген?

(балалар өз ойларын ортаға салады) (9 слайд)

2 -жүргізуші:-Балалар, әр мемлекеттің өз президенті  және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?

1 -жүргізуші: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ( 10слайд)

1 -жүргізуші : Елбасы жайында қысқаша мәлі мет беру.

(Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін жазғандардың бірі)



2 -жүргізуші : Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Дарина : (11 слайд)

-Мынау – біздің туымыз.

— Көк түс нені білдіреді?

Балалар: Ашық аспанды білдіреді.

— Сары түс нені білдіреді?



Балалар: Күн сәулесін білдіреді.

-ал осы туымыздың авторы кім?

(Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.)

1 -жүргізуші :

 Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?



Балалар:  Қазақстан.

— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі.



(Класстер құрастыру) (тақтаға жазу)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет