Кәсіби іс-тәжірибені дайындау және ұйымдастыру
Іс-тәжірибе басталар алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Студенттер тізімі жасалынады, іс-тәжірибенің базалық кәсіпорындары анықталады, әр бір іс-тәжірибе базаларына топтар бөлінеді. Іс-тәжірибе базаларына жіберместен бұрын студентерге бекіту конференциясы өткізілдеді. Онда іс-тәжірибе бағдарламасының орындалу әдістемесі, есептік құжаттарды безендіру, іс-тәжірибені өту тәртібі, мерзімі, өту орыны айтыладыі, іс-тәжірибенің мақсаттар мен тапсырмалары, жетекшілердің және студенттердің міндеттері, іс-тәжірибені бағалау критерилері түсіндіріледі. Әр-бір студентке күнделік арналып, жеке тапсырмалар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |