Оқу іс-тәжірибені қорытындылау
Іс-тәжірибе соңында студент кафедраға есеп өткізеді. Есеп мазмұнында базалық кәсіпорындардың ерекшеліктері, тарихы, кәсіпорынның іс-әрекетін растайтын нормативті құжаттар туралы мәліметтер болуы шарт. Сонымен, қатар есепте күнделік негізінде кафедраның бекіткен тапсырмалары толығымен орындалуы керек. Есеп соңында қорытындылар мен қосымшалр беріледі. Кәсіби іс-тәжірибе есептерін қабылдау үшін кафедра меңгерушілері комиссия мүшелерін құрады. Оның құрамына кафедраның жетік оқытушылары, университет тарапынан, мүмкіншілік жағыдайда кәсіпорындардан бекітілген жетекшілер кіреді.
Іс-тәжірибе соңында қорытындылау конференциясы өткізіледі. Онда іс-тәжірибе бойынша есептерді қорғайды, құжаттамалары тексеріліп, қорытынды бағалары қойылады.
Өндірістік іс-тәжірибе бойынша жетекші үлгіге сай есеп жазады және 10 күн ішінде институттың іс-тәжірибе бөліміне өткізеді. Іс-тәжірибе нәтижелері кафедра жоспар бойынша кафедра мәжілісінде және ғылыми мектеп кеңесінде талқыланады.
Оқу іс-тәжірибе есептерін безендіру тәртіптері
Достарыңызбен бөлісу: |