Практикант-студенттің негізгі міндеттері
Мамандық бойынша оқытылатын студенттердің оқу іс-тәжірибесі төмендегі міндеттерден тұрады:
-студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету;
-макроэкономика, менеджмент пәндерінен білімдерін тереңдету және бекіту;
Іс-тәжірибе кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын және жеке тапсырмалардың орындауы
Іс-тәжірибе өту кезеңінде студент кафедра тарапынан бекітіліп берілген тақырыптарға сай жеке тапсырмалары орындайды.
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын- студенттердің жоғары білімді маман ретінде қалыптасуының маңызды бір құралы ретінде қарастыруға болады. Студенттердің шығармашылық қабілетілігін көтереді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары тапсырмаларды студенттер кәсіби іс-тәжірибе кезінде кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мазмұнында орындайды.
Жеке тапсырмаларды орындау кәсіби іс-тәжірибенің негізгі компонеттерінің бірі. Жеке тапсырмаларды орындау арқылы мамандарды сапалы түрде дайындауға және ілімдік білімдерін шығармашылқ қолданумен тәжірибелік іс-әрекеттерде пайдалануға себтігін тигізеді.
Жеке тапсырмалардың міндеттері болып төмендегілер саналады:
- студенттердің ізденушілік, аналитикалық, тәжірибелік жұмыстарын өз кәсіби іс-әрекеттерінде қолданушылығын қалыптастыру;
- мәліметтерді жинақтауда, өңдеуде, жүйелеуде және талдауда жаңа дағдыларды қалыптастыру;
- өз бетінше талдау дағдыларын қалыптастыру;
Студенттерге жеке тапсырманы университет тарапынан бекітілген жетекші береді. Жеке тапсырма іс-тәжірибе түріне, студенттің мамандығына және іс-тәжірибе базасына қатысты беріліеді. Кәсіби іс-тәжірибе есебінде жеке тапсырма негізгі бөлімі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |