2 тақырып. Ұйымның технико-экономкалық көрсеткіштерінің есебі
Кәсіпорынның жұмыс уақытының жоспарлы қорын және қызметкерлер санын есептеу
Жұмыс уақыты қоры қызметкерлердің жұмыс тиімділігін анықтайтын ең маңызды көрсеткіш болып табылады. Оны есептеуде әртүрлі формулалар қолданылады.Жұмыс берушінің міндеті – ресурстарды ең жоғары өнімділікпен пайдалану.Бұл кәсіпорынды жоспарлаудың құрамдас бөліктерінің бірі. Қорды пайдалану жұмыс уақытының балансын жасау үшін де қажет.Қор әртүрлі көрсеткіштерді қамтиды, оларды есептеу формулаларды қажет етеді.Осы көрсеткіштерді толығырақ қарастырайық:
Номиналды.Бұл барлық демалыс және мереке күндерін шегергеннен кейін бір жылда қалған күндер саны.
Ең ықтимал.Бұл қызметкер өз функцияларын орындай алатын жылдағы ең көп күндер саны ретінде түсініледі. Ол үшін номиналды қордан міндетті демалысты алып тастау керек.
Жоспарлау кезінде сіз болжауға болатын кәсіпорындағы тоқтап қалу уақытын да есепке ала аласыз.Есептеу кезінде нақты ақпаратты алу керек, содан кейін оны болжамды көрсеткіштермен салыстыру керек.
Күнтізбелік қор – мерекелер – демалыс күндері
Номиналды қордың негізін есептеулер жүргізілетін күнтізбелік кезең құрайды. Бұлай болуы мүмкін:
Жыл. Жұмысшылардың еңбек өнімділігін толыққанды зерттеу қажет болған жағдайда өзекті.
Тоқсан.Жиынтық уақытты бақылау үшін қажет.
Ай.Көрсеткіш нақты жұмыс күндерінің өнім көлеміне қатынасын анықтай отырып, жалақыны есептеуде қолданылады. Бұл ең ағымдағы мән.
Номиналды қорды құру кезінде өндірістік күнтізбені пайдалануға болады.Есептеудің бірінші қадамы мақсаттар мен міндеттерді анықтау болып табылады.
Максималды ықтимал қорды анықтау үшін номиналды қордан демалысқа бөлінген уақытты алып тастау керек.Алынған нәтиже жалпы шығару стандарты болып табылады.Көрсеткіш ұйымдағы персоналдың оңтайлы мөлшерін анықтау үшін қажет.Жұмыс беруші қызметкерлердің нақты жұмыс уақытын өндірістік қажеттіліктермен (яғни белгілі бір тапсырманы шешуге бөлінген уақытпен) салыстыруы қажет.Алынған коэффициенттер кәсіпорындағы қызметкерлердің оңтайлы санын анықтайды.
Максималды ықтимал қор формуласы әртүрлі көрсеткіштерді пайдалана алады.Мысалы, қызметкердің демалысына келетін көптеген мемлекеттік мерекелер бар.Яғни, оның еңбек нормасы мерекелерге бай кезеңге демалысқа шыққан қызметкердің еңбек нормасына қатысты жоғары болады.
1.2Дайын өнімнің құнын және тауарлық өнімнің калькуляциясын есептеу
Өнімніңөзіндік құннын калькуляциялаумен өндіріс шығындарынның есебі бойынша нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялау мен шығындар есебінің әдістеріне жеткілікті және анық ұғымды бермейді, ал көптеген танымал авторлардың берген ұғымы бір-біріне өте ұқсас болып келеді.Ол өндірісте шығындардың басқарушы (бұрынғы аналитикалық) есебін құрудан, шығындардың жіктеу қағидаларын таңдаудан, шығындар есебінің номенклатуралық объектісінен (бұйым, тапсырыс, өңдеу, шығындардың пайда болу орны т.б.), сатылған мен дайын өнімнің және аяқталмаған өнімнің өзіндік құнын тарату әдістерінен, шығындарды тікелей қаржылық нәтижелерге жатқызу жолымен өтеуден тұрады.
Басқарушы есеп жүйесінен бсқа да маңызды жағы болып, ол өндіріс шығындарының есебін және калькуляциялау процесін өнімді шығарумен байланысты екенін ескеретін біртұтас есептік процесі ретінде қарастырылады. Бұл кезде шығындар есебінің объектісін таңдау ішкі есеп беру көрсеткіштерінің жүйесін, басқарудың әр түрлі мақсаттар үшін калькуляциялық есеп берудің кезеңділігін анықтайды.
Есеп берудің жұйесі келесідей кезеңдерден тұрады:
Өндірістік қызмет процесінде олардың пайда болуына қарай, өндіріске жұмсалған ресурстарды алғашқы құжатта көрсету.
Қызмет түрлері, өндірістер, құрылымдық бөлімшелер, шығындардың пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары, өнімдер, жұмыстар және т.б. өндірістік шығындар туралы мәліметтерді локализациялау (тараптау).
Өндірістік шығындарды олардың пайда болу уақыттары: "тарихи", өткен шығындар, есеп беру кезіндегі шығындар және болашақ кезең шығындары бойынша локализацияланады;
ЖШС жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында тарату; жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын және сатылған өнімнің өзіндік құнына енгізу арқылы өтеу;
Қызмет көрсетуші өндірістің өндірістік шығындарын олардың аяқталмаған және дайын өнімдерінің (орындалған жұмыстарының мен қызметтерінің ) арасына таратады және қызмет көрсетуші өндірістің өнімін, жұмысын және қызметін тұтынушылары бойынша, яғни өндірістік бөлімшелері бойынша шығындарды қайта таратады;
Өндіріс процесінде алынған қалдықтар, аяқталмаған өндірістерді анықтау және бағалау, және өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын, сосын барлық тауарлы өнімнің көлемін анықтау.
Егер негізгі мақсатты орындауға бағытталған, басқару модельдеріне сәйкес келетін өндірістік қызметтің өткен, қазіргі және болашақтағы нәтижелері мен шығындарын пайдаланатын болса, онда мұндай есеп жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.
Одан басқа, калькуляция тек дәстүрлі мәселелер бойынша негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ мынадай жағдайлардың экономикалық зардаптарын болжайды:
өнім өндірудің бұдан былайғы мақсатқа лайықтылығы;
өнімге оптималды баға белгілеу;
өндірілетін өнімнің ассортиментін оптималдандыру ;
әрекет етуші технологияларды және парк станоктарын жаңартудың бүгінгі күннің талабына лайықтылығы;
басқарушы персоналдың жұмыстарының сапасын бағалау.
Калькуляцияның мәнін сипаттауды аяқтай келе, біз оның негізгі аранлымын тағы бір атап өтсек - табыс алуға басшының бағдарламасын дайындау мен жетілдіру, және де қолданыстағы калькуляциялау процесін барынша мақсатына бағыттау және оны сынақтан өткізу болып табылады.
1.3 Жұмысшылар еңбек ақы қорын есептеу және Жылдық еңбек ақы қорын есептеу.
Кәсіпорында, барлық мемлекеттік және жеке ұйымдардағы сияқты, еңбекке ақы төлеу және ынталандыру, еңбекақы қорын қалыптастыру тәртібі, еңбек ақы төлеудің нысаны мен жүйесі, еңбекақы төлеу тәртібі, басшыларға сыйлықақылар, мамандар мен қызметкерлер.
Кәсіпорын сондай-ақ еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық төлемі, қызметкерлерге төлем, әлеуметтік пакет, сыйлықақы түрінде материалдық көмек көрсету сияқты еңбекті ынталандыруды қарастырады. Сондай-ақ кәсіпорын мамандары мен қызметкерлері үшін санаторийлерге жолдамалар ұйымдастыру нұсқалары қарастырылған.
Ерекшеленген қызметкерлерге ай сайынғы сыйақылар беріледі.
Кәсіпорынның әрбір қызметкерінің жалақысы құпия болып табылады, ол мамандардың, қызметкерлердің, қызметкерлердің көптеген факторларына байланысты.Атап айтқанда, атқаратын лауазымынан, осы кәсіпорындағы еңбек өтілінен және басқа да көптеген факторлардан.
Жалақы қызметкердің пластикалық картасына аударылады, сонымен қатар клиенттің шотына ақша аудару кезінде клиенттің ұялы телефонына оның шотына ақшаның аударылғаны және түскені туралы қысқа хабарлама арқылы хабарланатын қызмет те енгізілген.
Бұл қызмет жақында енгізілді және кәсіпорын қызметкерлерінің жақсы пікірлерін тапты.
1.4Кәсіпорынның негізгі және айналым қаражатын есептеу, амортизация
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық құралдарының және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, оларды рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің артуы кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейлі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляцияның әсерін ескеру қажет.
Активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын компанияның 2022 жылғы баланс мәліметтері бойынша талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кестені қарастырамыз.
1-кесте 2022 жылдың басымен соңындағы компанияның баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
№
|
Көрсеткіштер
|
Жыл басында
|
Жыл соңында
|
Ауытқулар (+,-)
|
Құрылымдық өзгерістер
|
|
|
сомасы, мың.тг
|
үлес салмағы, ℅
|
сомасы, мың.тг
|
үлес салмағы, ℅
|
сомасы, мың.тг
|
үлес салмағы, ℅
|
|
1
|
Ақша қаражаттары
|
15669
|
2
|
2327
|
1,4
|
-13342
|
-85,15
|
-0,6
|
2
|
Дебиторлық берешектер
|
693344
|
87,46
|
47512
|
29,2
|
-645832
|
-93,15
|
-58,26
|
3
|
ТМҚ
|
72741
|
9,2
|
69294
|
42,6
|
-3447
|
-4,74
|
33,4
|
4
|
Сатуға арналған активтер
|
10616
|
1,34
|
6968
|
4,3
|
-4648
|
-43,78
|
2,96
|
5
|
Басқалары
|
300
|
0,04
|
36975
|
22,7
|
36675
|
+122,25
|
22,66
|
|
ҚМ активтер сомасы
|
792370
|
11,1
|
162701
|
2,6
|
-629669
|
-79,47
|
-8,5
|
6
|
Негізгі құралдар
|
6318494
|
99,9
|
6131879
|
99,9
|
-186615
|
-3
|
0
|
7
|
Материалдық емес ативтер
|
169
|
0,1
|
118
|
0,1
|
-51
|
-30,12
|
0
|
|
ҰМ активтер сомасы
|
6318663
|
88,9
|
6131997
|
97,4
|
-186666
|
-3
|
+8,5
|
|
Активтер жиыны
|
7111033
|
100
|
6294698
|
100
|
-816335
|
- 11,5
|
0
|
|
Өндірістік потенциал құны
|
6391235
|
89,9
|
6201173
|
98,5
|
-190062
|
-2,97
|
+8,5
|
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы -816335 мың теңгеге немесе 11,5%-ке төмендегенін көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуының төмендегенін оның жұмысының кері нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғандығын және есепті жылы неге көбірек бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын активтарының мобильділігін анықтау қажет. Ол үшін , ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтау қажет. Өндірістік потенциал – ол кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамығанын сипаттайды және негізгі құралдар, өндірістік запастар мен басқа да ұзақ мерзімді активтердің құрамында есептелетін аяқтамалған активтер құрылыс құндарының сомасын көрсетеді. Өндірістік потенциал жыл басында – 6391235 мың теңгені, жыл соңында – 6201173 мың теңгені құрайды, яғни 190062 мың теңгеге немесе 2,97%-ға төмендеп отыр, оны кері нәтиже деп бағалауға болады. Мұндай нәтижеге себеп болған негізгі құралдар құнының 3%-ға және тауарлы материалдық қорлардың 4,74%-ға абсолютті төмендеуі себеп болды. Оған қарамастан, осы коэффициенттің нақты деңгейі 0,98(6201173/6294698) тең, ол ұсынылған мөлшерден жоғары, сондықтан кәсіпорынның өндірістік потенциалының жа,дайы жеткілікті деп қорытындылауға болады. Қысқа мерзімді активтердің жыл бойы 79,47%-ға немесе 629669 мың теңгеге, ұзақ мерзімді активтердің сомасы 3% немесе 186666 мың теңгеге азайған. Кәсіпорынның активтерінің жұмылдыру коэффициенті 0,11ден 0,02-ге дейін төмендеген. Мұндай жағдайды терісінен бағалауға болады, себебі бұл коэффициенттің төмендеуі кәсіпорынға өзінің береешектерін өтеу, ұйымның тоқтаусыздығын қамтамасыз ету үшін және активтерді жұмылдыру арқылы олардың айналымдылығын жылдамдату үшін беретін мүмкіндіктерден айыраып отыр. Қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін арналған құралдардың абсолютті дайындық деңгейін сипаттайтын көрсеткіш болып мобильділік коэффициенті табылады. Бұл коэффициенттің мөлшері қысқа мерзімді активтердің ең мобильді бөлігінің сомасын олардың брлық сомасына бөлу арқылы анықталады. Қарастырып отырған мәліметтер бойынша мобильділік коэффициент жыл басында 0,02(15669/792370) тең болса, жыл соңында 0,014(2327/162701) дейін төмендеп отыр. Нәтижесінде бұл көрсеткіш кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізуде деген божам бере аламыз. Қарастырып отырған мысал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектер сомасының есепті мерзім ағымында 93,15%-ға төмендегені анықталады. Қысқа мерзімді активтердің барлық құнының ішігдегі дебиторлық берешектердің үлес салмағының көрсеткіші кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Ал біздің мәліметтер бойынша дебиторлық берешектер коэффициенті немесе олардың қысқа мерзімді активтер ішіндегі үлес салмағы жыл басында 087 (693344/792370), жыл соңында – 0,29 (47512/162701) тең, яғни жыл соңында күрт азайғаны байқалады. Алайда бұл көрсеткішті тура оңынан бағалауға болмайды. Нақты оң немесе теріс нәтиже екенін анықтау үшін кәсіпорынның сату көлемінің өзгерісін анықтау қажет. Егерде дебиторлық берешектерді өтеу мерзімін қысқарту нәтижесінде мөлшері азайса, онда мұндай жағдай оңынан бағаланады. Ал егерде дебиторлық берешектердің сомасы сату көлемінің қысқаруына байланысты азайса, онда мұндай жағдай кәсіпорынның іскерлік белсенділігі төмендегені жөнінде айғақтайды. Қарастырып отырған мәліметтер бойынша 122,25%-ға басқа да активтер өскен. Яғни кесте мәліметтері бойынша жыл басында басқада активтер болмағаны тек жыл соңында басқада активтер сомасының пайда болғаны көрініп тұр. Ал сатуға арналған активтер жыл бойы 43,78%-ға немесе 4648 мың теңгеге төмендеген. Алайда ол 2,96 пайыздық пунктке өскен. Сатуға арналған активтер ретінде баланстық құндарының есесі оларды пайдалану арқылы емес, сату арқылы қайтарылатын активтер қаралады. Тауарлы материалдық қорлар маңында әдеттегі іс-әрекет барысында немесе өндіріс процесінде сатуға арналған және өндіріс немесе қызмет көрсету процесінде пайдаланатын шикізат немесе материалдар нысанында болатын активтер түсініледі. Тауарлы материалдық қорлардың салыстырмалы төмендеу қарқыны 4,74%-ға азайғанын жалпы оңынан бағалауға болар еді. Алайда жыл соңындағы қысқа мерзімді активтердің үлес салмағындағы мөлшері 42,6%-ды құрап отар. Бұл жағдай жыл соңында артық тауарлы материалдық қорлардың немсе сұранысы тқмен дайын өнімнің, сондай-ақ шикізат пен материалдардың көбеюін айғақтауы мүмкін. Кәсіпорынның активтерінің ахуалын талдау нәтижесін былай қорытындыладым: активтер бөлімі бойынша балансты қанағатсыз деп бағалауға барлық белгілер бар, өйткені баланс валютасының төмендегені байқалады және қысқа мерзімді активтердің арту қарқыны ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынан өте төмен екені айғақ көрініп тұр. Сондықтанда қосымша пайда мен зияндар есебін қарастырып кейін нақты баға беру керек деп ұсынамын. Өйткені кәсіпорын қаржылық тоқырау кезінде қаржылық дағдарыс ұшырағанға ұқсайды. Әрі қарай, келесі 2-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.
1.5 Өнім түрлерінің рентабельділігін есептеу
Жалпыға белгілі, кәсіпорынның қызметінің нәтижесі әртүрлі көрсеткіштермен бағалануы мүмкін, атап айтсақ, өндірілген өнім көлемі, сату көлемі, пайда. Қаржылық немесе өндірістік нәтижені сипаттай отырып, аталған көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалауға қабілетті емес. Бұл, аталған көрсеткіштердің кәсіпорын қызметінің абсолюттік сипаттамасы болып табылатындығымен байланысты және олардың нәтижелілікті бағалау бойынша дұрыс интерпретациясы кәсіпорынға салынған қаражаттарды сипаттайтын басқа да көрсеткіштермен өзара байланысты жүзеге асырылуы мүмкін.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш болып рентабельдік немесе табыстылық көрсеткіштері табылады.
Экономикалық әдебиеттерде рентабельдік түсінігіне бірнеше әртүрлі түсініктер беріледі. Солардың бірі келесідей, рентабельдік- (неміс тілінен «rentabel» - табыстылық, пайдалылық) материалдық, еңбек және ақшалай ресурстарды кешенді пайдалануды көрсететін кәсіпорындағы өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіші .
Басқа авторлардың пікірі бойынша рентабельдік- бұл өндіріс шығындарының сомасына, өз қызметін ұйымдастыру үшін фирма мүлкінің сомасына немесе коммерциялық операцияларды ұйымдастыруға салынған ақшалай салымдарға пайданың қатынасын көрсететін көрсеткіш .
Рентабельдік- табысты қалыптастыруға салынған капитал мен табыстың арасындағы қарыс қатынасты білдіреді. Пайданы салынған капиталмен байланыстыра отырып, рентабельдік ұқсас тәуекел жағдайында кәсіпорынмен алынған табыстылық немесе капиталды альтернативті пайдаланудағы кәсіпорын табыстылығының деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Барынша тәуекелді инвестициялар барынша жоғары пайданы талап етеді, яғни олар тиімді болуы үшін. Капитал барлық уақытта пайданы әкелетін болғандықтан, табыстылық деңгейін анықтау үшін пайда тәуекелге сыйақы ретіндеосы пайданы алу үшін қажет болған капитал көлемімен үйлестіріледі.
Рентабельдік кәсіпорын қызметінің тиімділігін кешенді сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.
Оның көмегімен кәсіпорынды басқарудың тиімділігін бағалауға болады, қаншалықты жоғары пайданы алу және табыстылықтың жеткілікті деңгейі көбінесе қабылданатын басқарушылық шешімдердің дұрыстығы мен шынайылығына тәуелді болғандықтан. Міне сондықтанда рентабельдікті басқару сапасының критерийлерінің бірі ретінде қарауға болады.
Рентабельдік деңгейінің мәні бойынша кәсіпорынның ұзақ мерзімді игі жағдайын бағалауға болады, яғни инвестицияларға жеткілікті пайданы алуға кәсіпорынның қабілеттігін. Кәсіпорынның меншікті капиталына ақшаларын
салушы ұзақ мерзімді кредиторлар мен инвесторлар үшін аталған көрсеткіш барынша маңызды индикатор болып табылады, баланстың басқа баптарының қарым қатынасы негізінде анықталатын өтімділік пен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштеріне қарағанда.
Пайда сомасы мен салынған капитал арасында байланыс орната отырып, рентабельдік көрсеткішін пайданы болжамдау процессінде де қолдануға болады. Нақты және күтілетін инвестицияларды болжамдау процесінде осы инвестициялардан алынады деп күтілетін пайда үйлестіріледі. Алынатын пайданы бағалау болжанған өзгерістерді есепке ала отырып өткен кезеңдердегі табыстылық деңгейіне негізделеді.
Сонымен қатар, рентабельдік инвестициялау саласында шешімдер қабылдауда, жоспарлауда, сметаларды құрастыруда, кәсіпорын қызметімен оның нәтижесін бағалау мен бақылауда маңызды роль атқарады.
Бұдан барып, мынадай қорытынды шығаруға болады, рентабельдік көрсеткіштері кәсіпорын қызметінің тиімділігін және қаржылық нәтижесін сипаттайды. Олар әртүрлі жайғасымдағы кәсіпорын табыстылығын өлшейді және экономикалық процеске қатысушылардың мүддесіне сәйкесті жүйелендіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде әртүрлі авторлар рентабельдік көрсеткіштерін әртүрлі жіктейді. Осындай жіктеулердің бірі көрсеткіштерді төмендегідей жіктейді:
шаруашылық қызметінің рентабельдігінің көрсеткіштері;
қаржылық рентабельдік көрсеткіштері;
өнімдердің рентабельдік көрсеткіштері.
Шаруашылық қызмет рентабельдігі (R) қайтарым нормасының кәсіпорынмен пайдаланылған барлық көздердің жиынтығына қатынасын сипаттайды, яғни салымшылар мен кредиторлардың табыстар сомасының (П) олармен инвестицияланған капитал сомасына қатынасымен анықталады (ИК):
R=П /ИК
Мұндағы, П - салымшылар мен кредиторлардың табыстар сомасы ИК - инвестицияланған капитал сомасы
Шаруашылық қызмет тиімділігін бағалауда инвестицияланған капитал ретінде барлық активтер сомасын пайдалану қажет, себебі олардың жалпы көлемі кәсіпорынның барлық қарыздарын есепке алады, соның ішінде эксплуатация бойынша қарыздарын да.
Рентабельдікті есептеу барысында мынаны ескерген жөн, кәсіпорынға инвестицияланған капитал көлемі табысты алу кезеңінде өзгереді, сондықтанда ол орташа шама ретінде анықталуы керек. Бұл жағдайда ең дұрысы болып инвестицияланған капиталдың орташа хронологиялық мөлшерін есептеутабылады.
1.6 Қаржы жоспарының негізгі көрсеткішін есептеу
Пайда кәсіпорынның инвестициялық қызмет үшін негізгі (амортизациядан басқа) меншікті көзі болып табылады.
ЖШС-нің негізгі қорлардың жай-күйі бойынша мүліктік жағдайының осындай қайғылы жағдайдың неліктен қалыптасқанын түсіндіре алар еді. Сонымен қатар, соңғы жылдары меншікті айналым қаражатының тапшылығы (осыған байланысты кәсіпорынның өтімділік жағдайы толығымен қанағаттандырарлық емес), оның негізгі және негізгі көзі қайтадан пайда болып табылады.Пайда, дәлірек айтсақ рентабельділік – шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің негізгі және кең тараған көрсеткіші.
ЖШС үшін жалпы тенденция қарастырылып отырған бүкіл кезең ішінде кейбір табыстылық көрсеткіштерінің төмендеуі болды.
Негізгі қызметтің рентабельділігі (өткізуден түскен пайданың өзіндік құнына қатынасы) 8%-дан 1%-ға дейін төмендеді. Өнімнің рентабельділік индексі (өткізуден түскен пайданың сатудан түскен түсімге қатынасы) негізгі қызметтің рентабельділік индексінің динамикасын қадағалап, 5%-дан 1%-ға дейін төмендеді.Жалпы алғанда, табыстылық көрсеткіштерінің елеулі ауытқуларына қарамастан төмендеу үрдісін анықтауға болады деп қорытынды жасауға болады – бұл зерттеу кезеңіндегі ЖШС қызметінің рентабельсіздігін көрсетеді.
Меншікті капитал рентабельділігінің динамикасына қатысты бірдей төмендеу үрдістерін анықтауға болады.
«Досчан-М» ЖШС рентабельділігін талдаудан шығуға болатын жалпы қорытынды келесідей: жалпы тенденция жалпы рентабельділік көрсеткіштерінің төмендеуі болып табылады, дегенмен олардың динамикасы барлық қарастырылып отырған кезең ішінде тұрақты болмаған.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қысқа мерзімді кезең тұрғысынан өтімділік пен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерімен сипатталады, яғни. қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша уақтылы және толық көлемде есеп айырысу мүмкіндігі.Кәсіпорынның өтімділігі туралы айтатын болсақ, олар қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін теориялық тұрғыдан жеткілікті мөлшерде, тіпті шарттарда қарастырылған өтеу мерзімдерін бұзған жағдайда да айналым қаражатының бар екенін білдіреді.Төлем қабілеттілігі кәсіпорында тез арада өтеуді талап ететін кредиторлық берешекті төлеуге жеткілікті ақша қаражаттары мен олардың баламаларының болуын білдіреді. Сонымен, төлем қабілеттілігінің негізгі белгілері:
а) ағымдағы шотта жеткілікті қаражаттың болуы;
б) мерзімі өткен кредиторлық берешектің болмауы.
Өтімділік пен төлем қабілеттілігі бір-біріне ұқсамайтыны анық. Мұның бәрі ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің құрылымына байланысты.
Дегенмен, өтімділік коэффициенттерін дәстүрлі талдауға әлі де назар аударған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |