«Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)» мамандығы бойынша


III БӨЛІМ. Қаржылық менеджмент негіздері



бет6/9
Дата24.01.2023
өлшемі0,8 Mb.
#166278
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Саткен Адиля

III БӨЛІМ. Қаржылық менеджмент негіздері

3.1 Қаржылық есептердің элементтері


Бухгалтерлік баланс есепті кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді, ол баланстық теңдікпен тікелей байланысты. Бухгалтерлік баланс үш элементтен тұрады: активтер, міндеттемелер және меншікті капитал.
Активтер – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қазызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқысы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу керек. Ұйымның болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе ұйым келісім шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны өтеу жолымен өтеледі, немесе басқа бір активті бенген кезде жойылуы мүмкін.Сондай – ақ міндеттемеден кредиторлың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.
Меншік капиталы – бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс.Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлесі көп болса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Табыстар мен шығындар туралы есеп және оның элементтері
Табыстар мен шығындар туралы есеп екі элементтен тұрады. Біреуі тауарлады, жұмыстарды, қызметтерді сату нәтижесінде алынуға тиісті шоттар және ақшалай қаражаттар формасында активтердің қалыптасуын бейнелейді. Мұндай сомалар табыстар деп аталады. Екіншісі осы активтерді алуға қажетті ресурстарды тұтынуды көрсетеді. Бұл сомаларды шығындар деп атайды. Табыстардың шығындардан артуын таза табыс деп атайды. Егер шығындар табыстардан асып кетсе, онда ұйымдарда зиян болады.

3.2 Компанияның қаржылық модулі


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы резервтермен және шығындармен оларды қалыптастырудың меншікті және тартылған көздерімен қамтамасыз ету дәрежесімен, меншікті және тартылған қаражат көлемінің арақатынасымен анықталады және абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.
Тәжірибелік жұмыс қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде жүргізіледі. Қажетті ақпарат базасы баланс болып табылады. Толық зерттеу үшін бухгалтерлік балансқа қосымшқамтылған деректер тартылады.
Кәсіпорында өндірістік қызмет барысында тауарлы-материалдық құндылықтардың қорларын үнемі қалыптастыру (толықтыру) жүреді. Ол үшін меншікті айналым қаражаттары да, тартылған қаражаттар да (ұзақ және қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар) пайдаланылады. Резервтер мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражаттардың сәйкестігін немесе сәйкессіздігін (артық немесе жетіспеушілік) талдай отырып, қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштерін анықтау.

3.3 Компаниядағы қаржылық талдау


Кәсіпорынның кірістері мен шығыстары бөлінеді:
қарапайым қызметтен түсетін кірістер мен шығыстар;
операциялық кірістер мен шығыстар;
негізгі емес кірістер мен шығыстар;
төтенше кірістер мен шығыстар.
Қарапайым қызметтен түсетін кірістер: өнім мен тауарларды өткізуден түсетін түсімдер;
жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге байланысты кірістер.
Түсімдер ақшалай нысанда есептелген, ақшалай және өзге де мүліктің түсу сомасына және (немесе) дебиторлық берешек сомасына тең мөлшерде есепке алынады.Түсімдердің сомасы шартты ақша бірліктеріндегі сомаға баламалы сомада төлем рубльмен жүргізілген жағдайларда туындайтын сома айырмашылығын ескере отырып анықталады.Негізгі қызметтен түсетін табысқа:
ұйымның бірлескен қызмет нәтижесінде алған пайдасы;
негізгі қорларды, өнімдер мен тауарларды сатудан түсетін түсімдер;
ұйымның қаражатын пайдалануға бергені үшін алынған сыйақы, сондай-ақ ұйымның осы банктегі шотындағы ақша қаражатын банктің пайдаланғаны үшін сыйақы.
Операциялық шығыстарға мыналар жатады: негізгі құралдарды, өнімдер мен тауарларды сатуға, шығаруға және басқа да есептен шығаруға байланысты шығыстар;
ұйымның оған пайдалануға берген қаражаты үшін төлейтін сыйақысы;
несиелік мекемелер көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығыстар;
бухгалтерлік есеп ережелеріне сәйкес құрылған болжалды қорларға, сондай-ақ шаруашылық қызметтің шартты фактілерін тануға байланысты құрылған резервтерге шегерімдер;
басқа операциялық шығыстар.
Негізгі қызметтен тыс кірістерге мыналар жатады:
өсімпұлдар, өсімпұлдар, шарттар талаптарын бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы;
тегін алынған активтер, соның ішінде сыйға тарту шарты бойынша; ұйымға келтірілген шығындарды өтеу бойынша түсімдер;
есепті жылы анықталған өткен жылдардың пайдасы; талап ету мерзімі өтіп кеткен кредиторлық берешек пен салымшының берешегі сомасы;
курстық айырмашылықтар; активтерді қайта бағалау сомасы;
басқа операциялық емес кірістер. Операциялық емес шығыстарға мыналар жатады:
айыппұлдар, өсімпұлдар, шарттар талаптарын бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы;
ұйым келтірген шығындарды өтеу; есепті жылы танылған өткен жылдардың залалдары; талап қою мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек және өндіріп алу мүмкін емес басқа да берешек сомасы;
курстық айырмашылықтар; активтердің амортизациясының сомасы; қайырымдылық қызметке, спорттық іс-шараларды, демалысты, ойын-сауықты, мәдени-ағартушылық іс-шараларды және басқа да осыған ұқсас іс-шараларды өткізуге арналған шығыстарға байланысты қаражатты аудару; басқа операциялық емес шығыстар.
Кесте 2  2022 жылдың басы мен соңындағы ЖШС баланс активтерінің құрамы мен құрылуын талдау



Көрсеткіштер

2022 жыл басында

2022 жыл соңында

Жыл бойындағы

Құрылы-мының өзгеруі (4гр.-2гр.)





өзгеріс (+;-)




сомасы тг

үлес салмағы %

сомасы, тг

үлес салмағы, %

тг.
(3гр.-1гр.)

% (5гр/1гр* 100)













Активтер құны, барлығы

399092222

100

329240219

100

-69851993

-17,503

х


соның ішінде:









Ұзақ мерзімді активтер:

339054668

84,956

271663331

82,512

-67391337

-19,876

-2,444


Ағымдағы активтер:

60037544

15,044

57576888

17,488

-2460656

-4,099

2,444

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 69851993 теңгеге немесе 17,5 пайызға азайғандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының теріс нәтижесін көрсетеді. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге азырақ көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.
2-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 69,91 пунктке аз болса (84,966-15,044), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 65,02 пунктке асып кетті (82,512-17,488) және 82,51 пайызды құрады. Ағымдағы активтердің өсуінен 15,78-ге (19,876-4,099) кем болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтерқұнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (модильділік) коэффициентіні өсуі.Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,15 (60037544/399092212), ал жыл соңында 0,18 (57576888/329240219) құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қауіпті және қолайлы көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарды берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс. 
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында 0,18 (60037544/339054668), ал жыл аяғында 0,21 (57576888/271663331) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 0,96 есеге (57576888/60037544), ал екіншілері – 20%-ға (271663331/339054668*100) кеміген.
3.4 Қаржылық жоспар. Бюджеттеу
“Досчан-М” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қаржылық есепті қаржы директоры – бас бухгалтер басқаратын бухгалтерия жүргізеді.Бұл бөлімшенің басшысы лауазымының атауынан көрініп тұрғандай, бухгалтерия бухгалтерлік және салық регистрлеріне шаруашылық операцияларды тіркеп қана қоймайды, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық ағындарын жоспарлайды және оңтайландырады.
Бухгалтерия ол туралы Ережеге сәйкес дербес құрылымдық бөлімше болып табылады және директорға бағынады.
Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтерді директор қызметке тағайындайды және босатады.
Негізгі міндеттері мен функциялары
Қаржылық есептілікті уақтылы жасау және ұсыну.
Қаражаттарды дұрыс және уақтылы есепке алу.
Шығарылған өнімді, өнімді өткізуді сенімді және уақтылы есепке алу, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын дайындау.
Жұмысшылармен және инженерлік-техникалық қызметкерлермен есеп айырысуларды уақытылы және дұрыс жүргізу.
Қаржылық іс-әрекетті уақтылы есепке алу.
Барлық қаржылық-несиелік операцияларды уақытылы есепке алу, басқа ұйымдармен есеп айырысуларды дер кезінде салыстыру.
Кассалық және есеп айырысу тәртібін қатаң сақтау.
Түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау.
Жетіспеушілік,жымқыру және ұрлық фактілері бойынша материалдарды уақытылы рәсімдеп, заң кеңсесіне өткізу.
Бухгалтерлік құжаттарды белгіленген тәртіпте дұрыс сақтау.
Кәсіпорынның есеп саясатына (2-қосымша) сәйкес бухгалтерлік және салықтық есепті кәсіпорынның бухгалтері жүзеге асырады.
Бухгалтерлік және салықтық есеп деректерін растау үшін қолданылады:
ҚР заңнамасына және кәсіпорында қолданылатын бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарының тізбесіне сәйкес жасалған бастапқы есеп құжаттары (соның ішінде бухгалтерлік есеп пен есеп айырысулар);
қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес салықтық есепке алудың талдамалық тіркелімдері;
салық салу мақсатында объектілер мен шаруашылық операцияларды топтастыру және есепке алу тәртібі бухгалтерлік есепте топтастыру және есепке алу тәртібіне сәйкес келсе; онда бухгалтерлік есеп регистрлері салықтық есепке алу регистрлері болып саналуы керек;
айналым парақтары;
журналдар-ордерлер, топтастыру парақтары;
аналитикалық есеп карточкалары және баланстық шоттар бойынша басқа да регистрлер;

3.4 Айналым капиталын тиімді басқару


Кәсіпорын өнімді өндіру үшін шикі заттын, материалдын, сатып алынатын жартылай фабрикаттардын, құралдардын, түйіндердін, жарналардын, ыдыстардын, қосалқы бөлшектердін, құрылыс материалдардын қорлары болуы керек. Бұл қорлар, сонымен қатар аяқталмаған өндірістін шығындары кәсіпорынның өндірістік айналым қорларын құрылуы.
Өндірілген өнімді сату үшін дайын өнім қоймалары болуы тиіс. Өнімдердін бір бөлігін тұтынушыға тиеп жіберіп ол жолда болса, бір бөлігі тұтынушыға жетіп ақшасы әлі төленген жоқ. (дебиторлық қарыз)
Өндірістік- шаруашылық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін кәсіпорында шикі затқа, материалдарға, жалақы төлеуге ақша қаражаттары болуы керек 
Дайын өнім, дебиторлық қарыз тиелген тауарлар және ақша қаражаттары кәсіпорынның айналым қорын көрсетеді.
Кәсіпорынның айналым қаражаты – бұл өндірістін айналым қорлары қалыптастыруға жұмсалған қаражат құны. Баланыс активінде байқалады.
Айналым капиталы – Кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптасатың қаржылық көздердін сумасы баланыстын пассивінде байқалады.
Айналым қаражатының роциональды өлшемін анықтаудың және қайталану- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және тиімді іс-әрекеттінің бірден бір шарты. Егер қолда бар айналым құралдары роциональды өлшемнен кейін болса, онда өндіріс тоқтайды.
Кәсіпорынның айналым қаражаттарына қажеттілігін анықтайтын мынандай тәсілдер қолданады: тікелей есеп, нормативті аналитикалық тәсілдер, тапсырысты оңайландыру тәсілі. Тауарлы материалдықұндылықтар бойынша айналым қаражатын қажетін анықтау .Өз ішінен мыналарды біріктіреді; ішкі зат қорларың, негізгі материалын ,сатып алнатын жартылай фабрикаттың қосалқы материалын жанармайдын, ыдыстын, қосалқы бөлшектермен құралдың аяқталмаған өндірістің көлемінің қоймадағы дайын өнімінің есебі.
Тікелей есеп тәсілі. Шикі зат және материалдар бойынша айналым қаражатының қажеттілігінің есебі. Шикі заттың және материалдың, сатып алынатын жартылай фабрикаттың әрбір түрі бойынша әр күнге қор есептеліп, бір күндік шығын есептеледі.
Күндер бойыншажалпы қор көлікті дайындалу техникасының ағымдағы және сақтандыру қорлардың ұзақтығына тең. 
Көлікті қор – шикізаттардың, материалдардың жолда өткізген уақыты.
Дайындау қоры - шикізатпен материалдарды қабылдауға, түсіруге, үйуге қажет уақыты
Техникалық қоры - шикізатпен материалдарды өндіріске дайындауға қажет уақыт
Ағымдағы қор – қамтамасыздандыру циклі, жеткізудегі аралық. Егер, мысалы: күндік шығын тұрақты болып 1 жыл да 60- қа тең болса ағымдағы қор 6 күнге жасалады.
Сақтандыру қоры- шикізаттармен материалдарды жеткізудегі ақауларға байланысты жасалады. Оны ағымдағы қордың 50% тең қылып жасайды. Шикізаттармен материалдың 1 күндік шығыны шикізаттар мен материалдың шығынының өндірістік бағдарламасы мен нормасына сәйкестелініп толықтырылады. Шикізаттармен материалдың әр бір түрі бойынша айналым қорларына қажеттілік 1 күндік шығынның өндірілуіне және күндер бойынша жалпы қорға тен.
Шикізаттармен материалдар бойынша айналым қаражаттарына қажеттілік әрбір түрге байланысты қажеттіліктерді қосу арқылы анықталады.
Дайын өнімдегі айналым қаражатының қажеттілігі қоймадағы және бір күндік дайын өнімнің ұзақтығымен анықталады.
Айнымалы қаражаттың қажеттілігі алдағы кезеңнің шығынына бойынша көрінеді. Бұл шығынға: орын жайға төленетін аванс төлем ақы, мезгілге байланысты ауылшаруашылық өнімдердін дайындаудағы шығындар және тағы басқалары жатады. Әр алдағы кезең шығынына жылдық жоспар сметасы дайындалады. Айналым қаражатының қажеттілігінің шығындары (Прбп ) мына формула бойынша анықталады:
Прбп = РБП н + РБПп – РБПвкл,
РБП н – жылдық жоспардың басымдағы болашақ шығындар кезеңі.
РБП п – жылдық жоспарға болашақ шығындар кезеңі.
РБП вкл - жылдық жоспардағы өндірістегі өнім шығындарына қосылатын болашақ шығындар кезеңі.
Айналым қаражатының қажеттіліктерін материалды- тауардың құндылығы бойынша жалпы қажеттілігін тікелей есеп әдісімен табамыз.
Нормативтік әдіс. (блок Д5) Кәсіпорын тұрақты өндірістін бағдарлама,, шикізат сатып алудағы тұрақты жүйе , жанар –жағар май,энергия, дайын өнімді сату, өнімді шығару жүйесі, материалдар, олардын құны көп өзгермейді. Кәсіпорын тікелей есеп әдісін қойып айналым қаражаттарын қажеттілігін анықтауда нормативті әдісті қолданылуына болады. Кәсіпорын өзіне норматив қаржы әр тауар- материалды құндылық бойынша дайындайды және айналым –қаражатының қажеттілігін өндірістін бағдарламаның тауарлы-материалды құндылықтардың орташа бір күндік шығынның көбейту нормасымен анықталады.

3.6 Дебиторлық қарызды басқару


Дебиторлық борыш – сатып алушылар дайын өнімді арттырған уақыттан бастап банкідегі шотқа оның бағасын төлегенге дейінгі қарыз. Дебиторлық қарызды талдау оның заңдылығын, пайда болған уақытын анықтауды қамтиды.
Мұндай жағдайда қалыпты және қалыпсыз қарыз пайда болады. Өтейтін уақыты бола қоймаған қарыз қалыпты деп есептеледі. Төлем құжаты бойынша уақытында төленбеген қарыз қалыпсыз деп есептеледі.
Дамыған елдерде дебиторлық қарыз кредиторлық қарыздан асып тұрса айналымның өскендігін дәлелдейді, қауіпті деп саналмайды. Кейбір елдерде бұл жағдай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын әлсірететіндіктен қауіпті деп есептеледі.
Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін дебиторлық, кредиторлық қарыздың ара қатынасын бақылап отыру қажет. Дебиторлық қарыздың біршама өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді, қаржыландырудың қосымша көздерін жұмылдыруды талап етеді:
уақыты өтіп кеткен қарыздың жағдайын бақылап отыру керек;
тапсырыс берушілердің қарызды өтемеу қаупін азайту үшін тапсырыс берушілердің санын мүмкіндігінше көбейтіп отыру қажет;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына дебиторлық қарыз өз бетінше әсер етпейді, оның көлемі, қозғалысы, формасы әсер етеді.
Дебиторлық қарызды талдау кәсіпорынның балансының мәлметіне сай оның бір жылдың ішіндегі көлемін анықтаудын басталады. Қарызды өтеу мерзімі бойынша дебиторлық қарыз ұзақ уақыттық (өтейтін уақыты 12 айдан көп), қысқа уақыттық (12айға дейін) деп екіге бөлінеді.
Бұл екі бөліктің әрқайсысында төлейтін уақыты өткен қарыздың мөлшері белгіленеді.
Уақыты өткен қарызды талдай отырып, оның қайсысының сенімсіз қарызға жататынын анықтап, алдағы уақытта талдаудан шығарып тастау қажет.
Уақыты өтпеген, бірақ өтелмеген дебиторлық қарыз өтейтін уақыты өтіп кеткен, қарыз төлейтін мекеме жойылғандықтан сенімсіз қарыз деп бөлінеді.
Дебиторлық қарыздың айналымы төмендегі көрсеткіштердің көмегімен талданады:
ағымдағы активтің жалпы көлеміндегі дебиторлық қарыздың үлесі;
сенімсіз (үш айдан көп уақыт өтелмеген) қарыздың үлесі;
қарастырылып отырған мерзімде дебиторлық қарыздың орташа айналым мөлшері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет