1.4 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар Электрондық оқулық - оқу пәнінің ғылыми мазмұнының негізін қамтитын, компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. үшін жинақталған программалардың толықтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Әсіресе кері байланысты практика жүзінде тез арада қамтамасыз етуі; жай оқулықтағы мәліметтерді іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болғандықтан электронды оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді; гипертексті түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуі; жеке тұлғаға бағдарланған, яғни оның нақты бір бөлім бойынша білімді тексеруі және қысқа текстпен кодтарын көрсету, баяндау, модельдеу т.б. мүмкіндіктер жылдам орындалады.
Жай оқулықпен салыстырғанда электрондық оқулықта кездесетін кемшіліктері: экранды мәтін ақпаратты қабылдау ыңғайлылығы мен тиімділігін пайдалану барысы кұнының жоғарылығында. Компьютерлік өнімдер, оның ішінде оқыту программалары мен электронды оқулықтар саны жылдан-жылға еселенуде. Алайда, осы күнге дейін электронды оқулық қандай болу керек және қандай функциялар мен міндеттемелеріне айналу керек деген мәселе шешуін таппай отыр .
Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесі талаптар қойылады:
тандалған курс бойынша мәліметтері жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;
текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе видео түрдегі ақпараттан тұру керек. "Жанды лекциялардың" міндетті интерфейстер элементі ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек, текстік ақпарат "Жанды лекциялардың" кейбір бөліктерін қайталауы мүмкін;
күрделі модельдер мен құрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болуы керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері карталар, жоспарлар, схемалар бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны керек;
керекті ақпаратты іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім қамтамасыз етілуі тиіс. Бірпәнаумағындаарнайы түсіндірмесөздікенгізілген болу қажет;
материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені дұрыс. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады.
Адамға өзі көрмеген кейбір құбылыстарды түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және кұбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік берді. Енді, электрондық оқулықтарды даярлаудың тиімді кұралдарын қарастырсақ. Олар:
дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
жалпы мақсаттағы инструментальді кұралдар;
мультимедиа құралдары;
гипертекстік және гипермедиалық кұралдары;
Ал, электрондық оқулықтың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды оқулықтың негізгі үш жұмыс істеу режимі бар:
бақылаусыз оқыту;
бақылаумен оқыту
тестік бақылау.
Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақтар берілсе, тестік бақылауда баға қою арқылы білімдерін тексереді. Қазіргі кезде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Нақты пән аумағын игеру үшін теорияны игерумен қатар есептерді шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін зерттелінетін процестер мен кұбылыстардың математикалық моделін тұрғызуды үйрену керек. Оның алгоритмдік шешімін жобалау және программа түрінде жазу. Студенттердің интуициясы мен бейнелеп ойлануын дамытуға мүмкіндік берумен кодтар олардың түсіну деңгейін жоғарылатуға көмек беретін алгоритмдердің кұрылымы мен жұмысын графикалық иллюстрациясын қамтамасыз ететін модельді программалар сериясы электрондық оқулық кұрамына жоғарыдағы мақсатқа жету үшін кіруі тиіс.