Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы


Электрондық оқулықты пайдалану саласы



бет3/8
Дата06.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#167661
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дипломная работа Лукпанова
возврат, Карточка. вып. Лукпанова, 3 сынып ҚМЖ жаңа., реферат (копия) (копия), pdf21
1.2 Электрондық оқулықты пайдалану саласы

Электрондық оқулықтар мен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға еңбек пен шығармашылық етуіне жағдай жасайды.


Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас пікір жоқ. Электрондық оқулық - мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарды еске түсіруге зор ықпал етеді. Бір жағынан, электрондық оқулықтың жағымсыз жақтарыда бар. Бұл психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық қатынастың жоқтығы сияқты. Тағы айтып кетер бір жайт оның ең үлкен кемшілігі – фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы үшін оқулықтарды толық аударуы, берілген материалдағы санитарлық, гигеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің пайдалануының нашарлығы және әлсіздігі.
Электрондық оқулықтарды пайдалану барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды көп мөлшерде алынады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа қолдануы - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде талқылауға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен артта қалмай жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүреге асыру үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады.


1.3 Электрондық оқулық және оның құрылымы

Енді электронды оқулықтың сыртқы кұрылымын, яғни қолданушыға көрінетін элементтерін қарастырсақ. Электронды оқулықтың кұндылығы оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі кұрылымда берген жөн:


1) мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с түрінде берілуі. Сонымен кодтар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерлерге тән элементтер орын алуы мүмкін;
2) схемокурс - оқулықтың мазмұны қысқартылған мәтін график түрде бейнеленуі. Бұл оқу материалының құрлымы, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдары арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауына үлкен көмек береді;
3) өзін – өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбінесе алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әрине, мұндай жүйе оқулықтың авторлары кұрған тестер қорынан тұрады және бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады .
Енді электронды оқулықтың кұрамы жөнінде айтып өтсек. Электронды оқулықтың құрамында:

  • мұқаба беті;

  • мазмұны;

  • аннотация;

  • оқу материалының толық мазмұнының схемалары, графиктері, иллюстрациялары, кестелері;

  • тапсырма жүйесі;

  • бақылау тест жүйесі;

  • мәтін бөлігін іздестіру жүйесі;

  • авторлар жөнінде ақпарат;

  • программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.

Электронды оқулықтың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. Мұнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықтың аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға болады.
Мазмұнын электронды оқулықтың ең маңызды кұрылымдық элементі. Ол бір жағынан оқу материалын толық қанды қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде жасалуы қажет.
Аннотация — программа жөнінде қысқаша мәлімет болуы қажет. Жақсы электронды оқулықты кұрудың бастапқы шарты оқу материалының толық камтылуы керек және мәтіндер мен графиктер болуы тиіс.
Тапсырма жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы қажет. Ол үйренушілерге осы тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді. Егер берілген тапсырма толығымен орындалмаса, үйренуші келесі тақырыпқа өтпейді. Бұл пайдаланушы үшін ізденуге, оқу материалын мұқият қайталауға мәжбүр етеді.
Тестік жүйе үйренушінің соңғы қорытындысы білімінің деңгейін бағалауға арналған. Ол текстік сұрақтар түрінде беріледі. Тестік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықты жазушылар тандап, құрастырып, текстік сұрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын кұра алуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет