Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы



бет1/8
Дата06.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#167661
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дипломная работа Лукпанова
возврат, Карточка. вып. Лукпанова, 3 сынып ҚМЖ жаңа., реферат (копия) (копия), pdf21

Кіріспе
Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстарын қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады. Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тәсілдері, программалар, электронды оқулықтар пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыру - мемлекеттік саясаттың негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру депинформатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми - техникалық прогресін жеделдететін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Біздің елімізде электронды оқу ресурсын жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары оқу орындарының және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Электротехника» пәнінен мультимедиа технологияларын пайдалана отырып электронды оқу ресурсын әзірлеу.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты – Техникалық-экономикалық колледжі мекемесінің студенттеріне арналған Электротехника пәнінен ең жақсы электрондық оқулық жасау, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электрондық оқулық құру.
Дипломдық жұмыста Google Apps Education тілінің технологиялар мүмкіндіктерін және принциптерін электронды оқу ресурсын жасауда қарастырдым, сонымен қоса электронды оқу ресурсын өзге бағдарламалармен (Flash MX) байланыстырып жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасадым.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электрондық оқулық құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі. 
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде, электрондық оқулық туралы түсінік, электрондық оқулықты пайдалану саласы, электрондық оқулықтың құрылымдық жолдары, электрондық оқулық жасау құралдардың топтастырылуы, электрондық оқулыққа қойылатын талаптар қарастырылған.
Екінші бөлімге Maсromedia Flash анимациялық ортасымен танысу, оның принциптері мен мүмкіншіліктері туралы , сонымен қоса Flash анимациялық ортасында жоба құру сипаттамасы қаралған.
Үшінші бөлімде, Google Apps Education ортаымен танысу, Google Apps Education тілінде құжат жасау негіздері, кесте және тізімдер жасау, формалар және графикалық кескіндермен жұмыс жасау жолдары қарастырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет