Менің Өлкем сұрақтарға жауап жазыңыз



Дата13.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162578
түріСабақ
Байланысты:
қазақ әдебиеті 6-сынып

Бүгінгі сабақта:

  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіресіз.

МЕНІҢ ӨЛКЕМ
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
  • «Туған өлке» деген сөзді естігенде ең бірінші ойыңызға не келеді?
  • Туған өлкеңізге деген махаббаттыңызды қандай сөздермен жеткізер едіңіз?

Жанат Әскербекқызы (Аймұхамбет)
(1966 жылы туған)
1966 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 7-сыныпта оқып жүрген кезінен бастап өлеңдері республикалық жасөспірімдерге арналған газет-журналдарда жариялана бастаған.
1995 жылы «Қарлығаш» жас ақындар жинағына өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғұмырымды» (1999), «Қаракөз-бұлақ» (2001), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Көктүріктер әуені» (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр» (2007), «Ай-тамғы» (2014), «Қыш тақтадағы сына жазу» (2019) жыр-жинақтары шыққан. «Миф дүниесі және көркемдік әлем» (2003), «Көркемдік өріс» (2009), «Мифтің поэтикадағы қызметі» (2010), «Әдебиет әлемінде» (2012), «Сөз өнеріндегі мәтін мен шығарма кеңістігі» монография, ғылыми-зерттеу кітаптарының авторы.
Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, жапон ақыны Сайгенің, Басенің, тәжік ақыны Фарзонаның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз өлеңдері қырғыз тілінде шыққан «Қазақ поэзиясының антологиясы» жинағына енген. 20-ға тарта кітаптың, 300-ден астам ғылыми мақаланың авторы.
1993 жылы ұйымдастырылған республикалық «Аққұс» ақындар мүшәйрасының, республикалық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері. Қасым Аманжоловтың 90 және 100 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасында және Тәуелсіздіктің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде «Көктүріктер әуені» өлеңдер топтамасы үшін жүлделі орынның иегері болды. Сонымен қатар Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), «Шығыс шынары» халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері.
Китіңқараға қаталап барып,
Сыбанбұлақтан сырға қансам деп,
Жұмбақ жасырған жотаны ақтарып,
Көненің сөзін тыңдап алсам деп
Қиялдаймын-ау...
Бұлақ суалып, құрыған дей ме,
Баба қонысым, бағың қайтқан ба?!
Жылы үмітпенен жылынам кейде
Сағынышымды сағымға айтқанда.
Арғанатыдан бұлт көшкенде
Бауырын осып, жел қамшылайтын
Тілін тістеген тымық кештерде
Тау маңдайынан тер тамшылайтын.
Жанат Әскербекқызы
«Атақоныс»
... Баяғы мөлдір көгім қалыпты,
Бұлт орамалын маған бұлғады,
Сыбанбұлақтан шөлім қаныпты
Тәтті түсімде таң алдындағы.
Көмейден ұшты бір ән жыраққа,
Жанымды қайтіп алып қалармын,
Китіңқараға – Сыбанбұлаққа
Бұлт болып кейін маңып барармын...
Тапсырма_Берілген_үзінділерден_көтерілген_мәселені_анықтаңыз.'>Тапсырма
Берілген үзінділерден көтерілген мәселені анықтаңыз.
...Жұмбақ жасырған жотаны ақтарып,
Көненің сөзін тыңдап алсам деп
Қиялдаймын-ау...
Жылы үмітпенен жылынам кейде
Сағынышымды сағымға айтқанда.
...Баяғы мөлдір көгім қалыпты,
Бұлт орамалын маған бұлғады.
Әдеби өмірд
Тапсырма
Көтерілген мәселе арқылы өлеңнің идеясын анықтаңыз.
Идеясы
көненің сыры
туған өлкені аңсау
сырға қанық көк аспан
баба қоныс
Тапсырма
Берілген өлең жолдарындағы автордың ойына өз пікіріңізді білдіріңіз.

Өлеңнен үзінді

Менің пікірім

Китіңқараға қаталап барып, Сыбанбұлақтан сырға қансам деп, Жұмбақ жасырған жотаны ақтарып, Көненің сөзін тыңдап алсам деп Қиялдаймын-ау...

...Баяғы мөлдір көгім қалыпты,
Бұлт орамалын маған бұлғады, Сыбанбұлақтан шөлім қаныпты
Тәтті түсімде таң алдындағы.

Қорытынды
Әдеби шығармада көтерілген мәселені
идеясы арқылы түсіндірдіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет