«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау «Құндылықтар»


«Әдебиеттік оқу» 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалар



бет29/47
Дата01.12.2023
өлшемі2,77 Mb.
#194378
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
Байланысты:
ББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып

«Әдебиеттік оқу» 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалар

Пәні: әдебиеттік оқу


Күні
Сыныбы 4 «»
Оқушының аты-жөні -----------------------------------------------------
Орындау уақыты 45 минут
ІІ нұсқа

Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында

Малды пайдаға жарату
Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:
– Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің? Көзге түсетін еш нәрсең көрінбейді, – деді.
Үйші айтты:
– Тапқан малымның бір бөлігімен борышымды өтеймін, бір бөлігін өсімге беремін.
Көрші:
– Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қанша ақша беруші едің? – деді.
Үйші:
– Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін. Өзімнен туған балаларды оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе?! – деді.
А)Ата-ананың алдындағы борыш дегенді қалай түсінесің?
Ә)Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және оған жауап бер.
Сұрақ: _____________________________________________________________

Жауап:_____________________________________________________________



2-тапсырма Берілген жоспардан қалаған бөлікті таңдап, мазмұнын І жақта өзгертіп айт.
Жоспар:
1)Үйшіге көршісінің берген сауалы
2) Үйшінің көршісінің сұрағына жауап беруі
3)Үйшінің жауабының мағынасын түсіндіруі

Оқылым
2-тапсырма Өлеңді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің.
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
Ержеткізіп, елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.


  1. Өлеңнен негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып, көшіріп жаз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2) Өлеңге ат қой ___________________________________________________________________


3) Өлеңдегі қарамен берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз.





Теңеу сөздер

Эпитеттер








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет