«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Пәні Әдебиеттік оқу
Сыныбы 4 «»
Күні ____________
Оқушының аты – жөні ________________________________________________________
ІІ нұсқа
1 – тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Ғарышты бағындырған қазақтың үш алыбы Қазақ ел болғалы үш батырын аспан көгіне ұшырды.
Олар – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Адамзат ғарыш кеңістігін бағындырғаннан соң 30 жылдан кейін, яғни, 1991 жылы ғарышқа қазақ баласы көтерілді. Бұл – халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров еді. Бұдан кейін де қазақтың қайсар ұлдарына ғарышты бағындыру бұйырды. Ашық ғарышқа 8 рет шыққан келесі қазақ баласы – Талғат Мұсабаев. Ол – ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында ғарышқа ұшуға тағы бір қазақ баласының жолы түсті. Адамзат ғарышты бағындырған 1961 жылдан 11 жыл кейін дүниеге келген Айдын Айымбетов – Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.
Осылайша, қазақ даласында бой көтерген дүниежүзіндегі ең көлемді ғарыш айлағы – Байқоңырдан бүгінге дейін қазақтың үш азаматы ғарыш кеңістігіне сәтті сапар жасап қайтты. Бұл – біздің елдің, халықтың, ұлттың жетістігі.
а) Сұрақтарға жауап жаз.
1) Ғарышқа сегіз рет ұшқан қазақ ғарышкері кім? Талғат Мұсабаев 2)Қайғарышкер Халық қаһарманы атағын алды ? Тоқтар Әубәкіров, Айдын Айымбетов b) Тыңдалған мәтінді І жақта жағдаяттар және оқиғалар қосып, өрбітіп, әңгімеле.(Ауызша) 2 – тапсырма Мәтін мазмұнынан қазақ ғарышкерлері туралы сәйкес ақпараттарды жаз.
1991 жылы ғарышқа қазақ баласы көтерілді. Бұл – халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров еді.
Ашық ғарышқа 8 рет шыққан келесі қазақ баласы – Талғат Мұсабаев. Ол – ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты
Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында ғарышқа ұшуға тағы бір қазақ баласының жолы түсті. Адамзат ғарышты бағындырған 1961 жылдан 11 жыл кейін дүниеге келген Айдын Айымбетов – Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.