«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау «Құндылықтар»



бет45/48
Дата02.12.2023
өлшемі2,65 Mb.
#194647
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Әдебиет бжб, тжб 4кл 090631
Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру
________________________________________________________________________________________

  1. Ертегідегі жеті ұры алтынды бөлудің амалын қалай тапты?

________________________________________________________________________________________

  1. Мәтіннің негізгі бөлімінің мазмұнын І жаққа өзгертіп, қысқаша баяндап бер.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерте, ерте, ертеде ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Киіз үйлерге қонған шегіртке туырлық екеш туырлықты да жеп кетіпті. Үйлер уық, керегесімен ғана қалып, арса-арсасы шығыпты. Бұл апат патшаны састырып, уәзірлерді қарбаласқа түсіріпті. Шабармандар тұс-тұсқа шапқылап, дал болыпты. Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті.
Патша әзірлерінен ақыл сұраса, бірі :
- Дәрімен құрту керек, - десе, енді бірі:
- Отпен құрту керек екен, - дейді екен. Енді біреуі:
- Оның жұмыртқалайтын жерін құртуымыз керек, - десе, тағы біреуі:
- Қыста барлығы үсіп өлмей ме? – деп бас қатырыпты. Шегіртке мәселесіне қатысты бірнеше уәзір орнынан кетіп, бірнеше шабарман зорығып өліпті. Ақыры мұның шарасын табатындығын айтып, ордаға құс бағушы бала келіпті. Бірақ оның сөзіне ешкім нанбапты. Әуелі уәзірлері келеке етіпті. Амалы таусылған бала ақыры қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты. Әбден тойған қараторғайлар дереу бұлақ басына барып суға шомылып, тұмсығымен қанаттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта шегіртке аулауға аттанады екен.
Халық баланың тапқырлығына таң қалып, қараторғайдың еңбекқорлығы мен тазалығына риза болыпты. Ал уәзірлер өздерінің надандығынан ұялып, «Ақыл жастан, асыл тастан» деген екен-ау депті.

1) Мәтіннен баланың тапқырлығын сипаттайтын сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2) Мәтіндегі «Ақыл жастан, асыл тастан» деген мақалды қалай түсінесің? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) Ханның уәзірлері неліктен ұялды? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4) Бала шегірткені жою үшін қандай амал ойлап тапты?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5) Мәтіннің мазмұны бойынша түсіндіруге немесе бағалауға бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет