«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Әдебиеттік оқу
Сынып 4 « »
Күні
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Орындау уақыты 20 минут
ІІ нұсқа
1-тапсырма a) Мәтінді мұқият тыңда. Кестедегі сұрақтарға жауап бер.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар тіршілік етеді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
Қазақстанның табиғаты қандай?
|
|
Ата-бабаларымыз дың ерлігі қандай?
|
|
(2)
Мәтін бойынша бір сұрақ құрастырып жаз. Жауабын жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (1)
Достарыңызбен бөлісу: |