Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Мақсаты: Зат есім туралы алған білімдерін еске түсіріп



Дата12.10.2020
өлшемі17,96 Kb.
#68413
түріСабақ



Қазақ тілі




Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Мақсаты: Зат есім туралы алған білімдерін еске түсіріп,

зат есімдерді сөйлем ішінен таба біліп, дұрыс

сұрақ қоюға үйрету.
Білімдік: Тапсырмаларды орындау арқылы

оқушылардың ойлауын, дербес жұмыс істеуін,

алған білімдерін пайдалана білулерін дамыту.

Сауатты, таза жазуға дағдыландыру.


Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, ұйымшылдық-

қа, ізденушілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Қайталап, бекіту сабағы.
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, жеке және жұппен жұмыс,

жұмбақ шешу, пәнаралық байланыс (ана

тілі), көрн. жұмыс.
Көрнекілік: Тірек-сызба, мақал-мәтелдер, алма,

тапсырмалар.


Сабақтың жоспары:

І. Ой қозғау.
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ә) үй тапсырмасын тексеру.


ІІ. Мағынаны тану.
а) сабаққа мақсат қою;

ә) жұмбақ жасыру;

б) “Сөз ойла, тез ойла” ойыны;

в) оқулықпен жұмыс, 290-291 жаттығулар;

г) сергіту сәті;

д) “Сен білесің бе?” кітапшасымен жұмыс.


ІІІ. Ой толғаныс.
а) жаңа тақырыпты модульге салу, тірек сызба жасау;

ә) үйге тапсырма, бағалау.




І. Ой қозғау.
Сабақтың барысы: - Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыз жырлаған туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Қазақ тілі бәрімізге белгілі бірнеше салалардан, бөлімдерден тұрады. Біз қайсысын оқып, үйрендік? (фонетика, лексика, синтаксис, сөзжасам, т.б. )



ІІ. Мағынаны ашу.
- Ендеше, бүгін біз үлкен курсты бастаймыз, ол – морфология.
- Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, “Қазақ тілі “елінің шаһарында 9 хандық өмір сүріпті. Олар кімдер екен?

Тірек сызбамен жұмыс.




Сөз таптары




Зат Сын Сан Етіс- Есім- Көсем- Ода- Үс- Шы-

есім есім есім тік ше ше ғай теу лау


  • Бұл хандықтардың қайсысы бізге таныс?




  • Ал, осы сызбаға қарапне айтуға болады?

- Біз зат есім, сын есім, сан есім, етістікпен таныспыз. Бүгін біз “Зат есімге” тоқталамыз.


- Ендеше, бүгін біз алдымызға қандай мақсат қояды екенбіз?
- Бізге зат есімнің түрлері белгілі, сұрақтар т.б.
- Дұрыс, бүгін сабақта зат есім туралы білетінімізді жинақтап, есімізге түсіріп, қорытындылаймыз.

(Алманы көрсетіп) Бұл не? Қандай? Нешеу? Не істейміз? Алма, жеміс, қызыл, тәтті, дөңгелек, біреу, жейміз.


Оқушылар қорытындылайды, мен неге алманы көрсеттім?
Себебі: бұл зат есім, қызыл – сын есім, біреу – сан есім, жейміз, бөлеміз – етістік. (қорытындылау).


  • Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырамын.

  • Бар жемін, бітеудей асайды.

Әйтсе де, ұзақ жасайды.

(Құстар).


- Құстар туралы қысқаша әңгімелеу, қыстап қалған қандай құстарды білеміз? (қарға, сауысқан, суықторғайлар).
Сөйлем конкурсы:

“Сөйлем ойла, тез ойла”, құстарға байланысты (ауызша).

- Зат есімнің қай түріне жатады?

(жалпы)


- Енді оқулығымыздың 101 бетін ашып 290-жаттығуды

орындаймыз. Әлімқұловтың өлеңін талдаймыз.

сын е. зат е. ет.

Кө/рік/ті өл/ке/ме қа/ра/шы, 9

ет. зат е. зат е. зат е.

Ті/зіл/ген ор/ман, тау, қа/ла/сы. 9

зат е. зат е. зат е.

Ал/тай мен А/ла/тау а/ра/сы – 9

зат е. сын е. сын е. зат е.

Қа/зақ/тың кең бай/тақ да/ла/сы. 9


1 шумақ, 4 тармақты, 9 бунақты, шұбыртпалы ұйқас.

Өлке деген сөзге жуық мәндес сөздер - туған жер, Отан, ел, т.б.


ІІІ. Бой сергіту.
- Құлпыра берші, кең дала,

Гүліңді мен терейін,

Жапырағыңмен жасыршы,

Қойныңа мен енейін.

291-жаттығу. Мәтіннен зат есімнің түрлеріне байланысты іздейміз.
І-қатар. Бас әріппен жазылған сөздерді тап.
ІІ-қатар. Жалқы: Дина Нұрпейісова, Алматы, Дина, “Тойбастар”,

“Жігер”, “Әсем қоңыр”.


ІІІ-қатар. Жалпы: күйші, композитор, слёт, күйлер, жүлде.


  • Композитор кім? Тағы қандай композиторларды білесің?

Сен білесің бе?” кітабымен жұмыс.


Үйге берілген тапсырма: Ұнаған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап келу. (тексеру). Айтылу мақсатына қарай, құрамына қарай, неше сөйлем мүшесі бар?

ІV. Сөз ойла, тез ойла.
өнерлі – қандай? сын есім, дара

өнер – түбір сөз, не? зат есім



лі – сөз тудырушы жұрнақ
1-2 мысал келтіру, ой толғаныс.
V. Сабақты қорытындылау.
Сызба-тірек арқылы сызып, қорғау.
Үйге тапсырма: Зат есімнің түрлерін қатыстырып, шағын мәтін құрастыру.
Уақыт қалса, мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет