Менің сүйікті қалам Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі144,33 Kb.
#35445
Н.Қ. Аимаханбетова,

№72 «Жанарым» балабақшасының

1 санатты тәрбиешісі,

Астана қаласы


Менің сүйікті қалам



Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты:

- Республикамыздың қалай аталатынын, қала туралы түсініктерін тиянақтау. Қазіргі орталығы, бас қаласы туралы мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

- Суреттер бойынша әңгімелеу, тақпақ айту, жұмбақ шешу арқылы тілдерін дамыту.

- Балаларды Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қоршаған табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.
Сөздік жұмыс: елорда, Бәйтерек, көп қабатты үйлер.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Біз білімпаз қазақ баласы,

Сәлем – сөздің анасы.

Бізге келіп отырған

Қонақтарға қарашы.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар шеңбер жасап амандасу, өлеңін қимыл қозғалыспен көрсете тұрып айтады.

Ұйымдастырушы-лықізденістік

Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым - Астанам.

Өлеңде не туралы айтылған?

Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?

Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар, сендер «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Отан деген не?

Отан туралы тақпақ білеміз бе?
-Біздің ұлтымыз қандай?

- Қай тілде сөйлейміз?


- Балалар біздің елімізді кім басқарады?

(Слайдпен балаларға елбасымыздың суретін көрсетіп, түсіндіру.)


- Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл қанша жыл толды?


-Иә балалар. Ол біз үшін үлкен мереке.

- Біздің қазақ екенімізді білдіретін мемлекеттік рәміздерді ата?

(слайд арқылы мемлекеттік рәміздерді көрсету)

- Балалар, туымызда не бейнеленген?


-Ал енді туымыздағы күн, қыран құс, ою- өрнек не мағынаны білдіреді?

- Туымыз жайлы кім қандай өлең шумақтарын біледі?

-Балалар тудың авторлары кім?
Балаларға слайдпен елтаңбаны көрсету.

-Балалар, біздің елтаңбамызды кім бейнелеп береді?

-Балалар елтаңбамыз жайлы

қандай өлең шумақтарын білесіңдер?


-Елтаңбамыздың авторлары кім?

-Балалар біздің үшінші рәмізіміз не?

Балалар ән ұранды орындайды.


- Балалар әнұран жайлы кім тақпақтар біледі?
Астана қаласы туралы мына электрондық киіз үйде көптеген өлеңдер бар екен?

Астана туралы мәлімет беру.

(Слайд арқылы көрсетіп түсіндіру)

Балаларға елордамыздың көрікті жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет беру.

Ақорда – Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы.

Бәйтерек – Астананың басты белгісі. Оның биіктігі 97 метр.

Бұл - «Қазақ елі» монументі. Оның биіктігі 91 метр. Бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Оның басындағы алып құс самұрық – Қазақстанның тыныштығының белгісі.

Тәуелсіздік сарайы – мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

Парламент үйі – Өкімет үйі.

Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

Астана циркі – цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

Хан Шатыры – Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.

Сендер Астана жайлы өлең білесіңдер ме?
Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп.

Өрімдей боп өріліп

Уықтар боп иіліп.

Шаңыраққа киіліп

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй боп көрінер.


Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы, 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып сайланды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, алыс, жақын шет елдерден келген қонақтарды таңқалдыртады. Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы берілген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз қалашығы жасалады. Онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.


Дидактикалық ойын.

Шарты. Көптеген кеспе әріптер беріледі. Сол әріптерден балаларға сөздер құратамын.

Балалар, біз сендермен «Жылдам сөз құрастырып, мақал айтқызу» ойынын ойнайық.
Балалар мынадай қағаздардан орау, желімдеу арқылы жасайды.

Бірінші топ қыранды жасасын, екінші топ күнді жасайды.


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.


Астана жайлы айтылған.


Қазақстан Республикасы.
(Балалардың жауаптары тыңдалады)

Отан деген біздің еліміз, ата-анамыз, бауырымыз, ауыл- қаламыз, туып

өскен жеріміз.

Отан – менің ата-анам

Отан – досым, бауырым

Отан – өлкем астанам,

Отан – аудан, ауылым

- Қазақ


- Қазақша сөйлейміз.
Президент Н.Ә. Назарбаев басқарады.
Қазақстан даласы

Керемет қой, қарашы!

Нұрсұлтандай елбасы.

Осы жердің баласы

Биыл біз еліміздің тәуелсіз, дербес елдің 23 жылдығын тойлаймыз.

Балалар өз ойлары бойынша жауаптарын береді!


- Гимн, Ту, Елтаңба
Желбіре мәңгі көк туым

Алтын күннің төрінде!

Жүрекке сеуіп рух буын

Қуаныш сыйлап көңілге.

Түсің аспандай көгілдір

Қазақстанның байрағы.


Ш. Ниязбеков

Балалар жауаптары.


Төрт түлігім бақ үйсін

Серттен тайсаң дәм ұрсын

Елдігімді, ғұрпымды

Елтаңбамнан танырсың.

Елтаңбамыз – ел беті

Төрге ілінер көрнекті

Анам таққан шолпыдай

Дөп-дөңгелек өрнекті.


Ж. Мәлібекұлы

Ш.Уәлиханов


Әнұран

Балалардың жауаптары.

Қастерлемес даңқын кім

Қадірлемес салтын кім

Әнұраны елімнің,

Үні, Тілі халқымның!

Бақыт бірлік – күн талабы

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республика Әнұраны!


Балалар бір әнді көңіл койып тыңдады.

Астана қаласындағы көптеген мұражайлармен танысты.


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Астана – бас қала

Жаңа қала, жас қала.

Зәулім сәнді үйлері

Үлгі болған басқаға

Балалар қимылдарды жасай отырып, сергіту сәттерін орындайды.

Астана қаласы – бас қала.

Мен өз Отанымды жақсы көремін.

Балалар кеспе әріптерден Отан, Ел, Жер сөздерін құрастырады. Құрастырған сөздерге мақал-мәтелдер айтады.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Ел болам десең – бесігіңді түзе.

Өз елім – Отан бесігім.

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.


Балалар екі топқа бөлініп, орау, желімдеу әдісімен берілген үлгіге қарап жасайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Балалар шеңберге тұрады. Балаларға доп лақтырып, сұрақтар қоямыз. Еліміздің Астанасы қай қала?

Қазақстан Республикасының елбасшысы кім?

Біздің еліміздің қандай рәміздері бар?

«Астана» сөзі неше буыннан тұрады?

Астана қаласы қай өзеннің

жағалауында орналасқан? т.б

Балалар мынау жәй ағаш емес. Мынау – алтын ағаш. Бұл ағашқа тілегімізді айтып ілсек, бар тілегіміз орындалады.

Ән «Астана»

Біздің еліміз болашақта осы балалардың арқасында әрі қарай дамиды деген сенімдемін.



Балалардың жауаптары.

Балалар қолдарындағы жүрекшелерді іліп, еліне деген тілектерін айтады.

- Мен еліме тыныштық тілеймін.

- Елім гүлдене берсін. т.б


Балалар «Астана» әнін барлығы бірге орындайды.



Күтілетін нәтиже: Балаларда Елордасы Астана туралы түсінік қалыптасады.

Біледі: Балалар Елордасы Астана қаласын басқа қалалардан ажырата білуі тиіс.

Игереді: Балалар Елордасы Астана қаласындағы зәулім ғимараттарды ажырата алып, айырмашылығын түсінеді.

Меңгереді: Балалар тапсырмалар арқылы Елордасы Астана қаласындағы зәулім ғимараттарды тауып көрсете біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет