Мәнмәтіндік тапсырмалар -мәнмәтін Бір дұрыс жауабы бар тапсырма


Адамның түйсіне алу қабілеті: сезгіштік



бет6/20
Дата24.12.2021
өлшемі437,24 Kb.
#104727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
мәтіндік тест

Адамның түйсіне алу қабілеті: сезгіштік

Бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын бейнелейтін түйсік: тең басу

Кинестезиялық түйсік дегеніміз... дене қозғалысы.
10-мәнмәтін

Болат 13 жаста. Жалпы сыныптастарынан ерекше мінез-құлқымен көрінбейді. Соңғы кездерге дейін «үлгерімді» оқушылар қатарында болған. Өткен уақыттарда ешқандай ауытқулар байқалмаған. Соңғы кездері сабақты себепсіз босататын болған. Кейде агрессия көрсетіп, сабақ кезінде бұрыңғы жолдастарымен ұрысатын болды. Өзі бастаған төбелестің бірінен кейін мұғаліммен сөйлесуде мінез-құлқына баға бере алмады. Осы жылы бірнеше рет үйге «шегіп алған» күйде немесе ішімдік ішіп келген.

13 жастағы баланың жас ерекшелік кезеңі: жасөспірімдік шақ.

Баланың жас ерекшелігіне байланысты жетекші әрекеті: қарым-қатынас.

Баланың ауытқулы мінез-құлық деңгейі: біріншілік.

Баланың темекі шегіп, ішімдік ішу әрекеті: негативизм.

Баланың мінез-құлқының ауытқу себебі: даму өзгерісі.
11-мәнмәтін

Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар болып қалыпты. Ауланың қарын тазалауға кірісті. Жалғыз өзі істеген ісі өнбеді. Көрші үйдегі досы Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. Екеуі шанамен қар толтырып тасыды. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде-ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді.

Қарым-қатынаста бірін-бірі қабылдауы және бағалауы: перцепция.

Басқаға өзін ұқсату – бұл: идентификация.

Басқа адаммен қарым қатынаста тең құқылы әріптес болып саналуы, бірлесіп іс әрекет жасау стилі: демократиялық.

Іс-әрекет барысында партнерлердің бір-біріне әсер етуі: интеракция.

Партнердің өз мақсатына жету үшін қарайтын қатынас түрі: примитивті.
12-мәнмәтін

7-сынып оқушысы жынысы ұл бала, жасы 13-те. Жасөспірімдермен қарым-қатынас орната алмай жүр. Сыныптастары онымен араласпайды. Психологиялық тұрғыдан баланың өзіне деген жек көрушілік сезімі пайда болған. Отбасы 4 адамнан тұрады: анасы балаларын жалғыз өзі асырайды, әкесі қайтыс болған. Анасының алатын айлығы төмен.

Жоғарыда сипаттама берілген баламен әлеуметтік педагогтың ең алғашқы іс-әрекеті: сыныптастар арасында қарым-қатынас мәселелерінің себептерін анықтайды.

Берілген жағдайдың проблемасын шешу мақсатында әлеуметтік педагог мына мамандармен бірге отырып жұмыс жасайды: сынып жетекшісімен, психологпен.

Аталған отбасы отбасының қай түріне жатады: толық емес.

Әлеуметтік педагог отбасының жағдайын ескере отырып мектеп тарапынан көмек көрсете ала ма? құжаттар бойынша аз қамтылған отбасы болған жағдайда, ыстық тамақ пен материалдық көмек.

Әлеуметтік педагогтың сыныптастары араласпау себебін анықтау мақсатында атқаратын іс-әрекеті: сыныптастарымен және жеке оқушымен әңгіме жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет