Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы



бет65/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Байланысты:
Лекции
СА
1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы. Кез - келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждығын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады Әлеуметтік ұйымның субъектісі - мемлекет, ал объектісі - халық.
Классикалық үлгі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де, тұтынушылар да рыноктық ережелерге сай қызмет етеді. Белгілібір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіліп, реттеу қажеттігі туындайды.
Мұндай үлгіні тұңғыш рет А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. А.Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан толығымен босауы керек.
Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рол атқарады, мемлекеттік араласуды жақтаушылар өз көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы керек. Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның ролі рынок жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Классикалық мектептің экономистері әртүрлі тарифтер жасауды баға деңгейін тұрақтандырды, техникалық жаңалықтарды енгізуді үкімет тарапынан реттеуге ұмтылыстардың бәріне қарсы.
Жаңа классикалық үлгі. Үстіміздегі ғасырдың соңғы 60-70 жылдары ішінде қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен экономикаға ықпал етудегі мемлекет рөліне байланысты көптеген жаңа сипаттар орын алды. Мұның өзі 30-жылдары АҚШ-та орын алған Ұлы тоқырау жылдарына байланысты. Бұл үлгінің қалыптасуына Ж.Б.Сэйдің (1767-1832) өткізу теориясы жатады. Оның артық өндіріс, артық рынокты қалыптастырады деген пікірі, сұраныс пен ұсыныс арақатынас түсініктерін өте қарапайым туындауы. Өнім әрдайым өнімге айырбасталмайды, сондықтанда ол сатылады, ақшаға айналады, ал бұл айналыс өте күрделі процесс. Ұлы тоқырау тәжірибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі процент ставкасының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, олай болса сұраныста ұлғаймайды. Стагнация процесі жалғаса береді. Бұған қарсы бірден бір қолданатын шара – мемлекеттік араласу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет