Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні



бет66/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73
Байланысты:
Лекции
СА
2. Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл нарық механизмінің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Бұндай реттеудің элементтері алғаш рет 1-ші дүниежүзілік соғыс кезінде болған. Ал 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу өнеркәсіпті дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналады.
Экономиканы реттеудің 2 әдісі бар: 1-шісі - рыноктық тетіктер – тауар –ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі- әкімшілік-әміршілік, директивалық әдіс. 1-ші әдіс бойынша өндірістің өсіп-дамуы төлем қабілеті бар сұранысқа байланысты. 2-ші әдіс бойынша кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды.
Нарық мемлекетпен және тауар өндіретін кәсіпорындар арқылы реттеледі. Реттеу әдістерін 2 белгісі арқылы топтастыруға болады:
а) реттеу субъектілеріне қарай – мемлекеттік және мемлекеттік емес;
ә) нарықтық тепе-теңдікке әсер етуіне қарай - тікелей және жанама.
Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір объектіге бағытталған. Нарықты тікелей реттеу әдістеріне төлем қабілеті бар жиынтық сұранысты құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланатын орталықтандырылған тәсілдер кіреді.
Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет