Мерзім: 17. 11. 2015 Мұғалім: Куталиева Канағат Сынып



Дата21.07.2017
өлшемі58,92 Kb.
#21755
түріСабақ
«Өзін-өзі тану»сабағының жоспары

Мектеп: Нұржау жалпы орта мектебі

Мерзім:17.11.2015

Мұғалім: Куталиева Канағат

Сынып: 7 «А» Оқушылар саны: 16

Тақырып: Қарым-қатынас мәдениеті

Құндылық: « Дұрыс әрекет »

Қасиеттер: адамгершілік,сыйластық,мәдениеттілік.



Мақсаты:-Қарым-қатынас мәдениетін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі: Өмірлік ұстанымдарын қалыптастыра отырып оны жүзеге асыруға баулу

Дамытушылығы: Оқушы бойындағы ізгі қасиеттерді дамыту.

Тәрбиелілігі: Өзін және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас

пен ішкі жан дүниесіндегі мәдениеттілігімен үйлесілімдікте тәрбиелеу.



Ресурстар:

/құралдар,

мәліметтер




Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйі мен сабаққа қатысты тексеру.

5 т ережесін сақтау.

Тәртіп


Талап

Тыныштық


Тазалық

Татулық
Тыныштық сәті:



Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыздар,қолдарыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіздер. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізге, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, ұстаздарыңызға, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұр уақытша түсініспей, ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!Қандай сезімде болыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер...


Топқа бөлу.

Оқушыларды түс арқылы топқа бөлу.



Үй тапсырмасы:

Өмірдің өкінбейтін бар айласы

Ой-ойла қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім аңсап,әділет,адал еңбек.

Таза жүрек,тату дос-сол шарасы.

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

-жаттау

- өзіңнің ойыңды жеткіз

-ұйқастырып өлең шығар
Түйін: Өмірге өкінбес үшін қоршаған ортаға,әлемге,адамдарға тек таза ой ойлауға дағдылан.


Ескерту

Дәйексөз.

–Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын,

Жаманның жамандығын айт, құты қашсын. (Халық мақалы)

ұлдар қайталап жіберейік (2) рет

қыздар қайталап жіберейік (2) рет дәптерге жазып аламыз.

- жаттап алу.

-Бұл нақыл сөзден не түсіндік?

- Мағынасына талдау жүргізу әр топтан 1 оқушыдан ойын білу

- Осы нақыл сөзден қарама-қарсы сөздер табайықшы Дәйексөзді өзім қорытындылаймын

Осы қоршаған ортамызда барлық жанды-жансыз әлеммен қарым-қатынаста боламыз.Бірінің жақсылығын көрсек,енді бірінің жамандығын көреміз, үлгі алып сабақ аламыз.Жақсыны көріп сүйсінеміз,жаманды көріп налимыз.Өмірде тек жақсы қарым-қатынас жасап,дұрыс әрекет жасауға үйренейік.Жақсыны көріп,сүйіспеншілікпен жан-жағымызға қиянат жасамай, әр басқан қадамымызға есеп беріп,дұрыс әрекет жасап,жан тыныштығын орнатып, дәл қазіргі ақиқатпен өмір сүрейік.


Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат) Мұғалім сыйы. Бейнефильм

«Шегенің ізі»

Мазмұнын сұрау.

Сұрақтар.

1.Фильмді көре отырып қандай ой түйдің?

2.Фильмнің соңында атасы қандай ақыл айтты?

3.Көрген кейіпкердің іс-әрекетінен қандай құндылықты көрдің?

4.Өз бойыңа осы құндылықты дарыта аласыңба?

5.Осы баламен өзіңді салыстыр.

6.Өміріңе осы фильм қажет пе,өзіңе сабақ алдың ба?






Шығармашылық іс әрекет,топтық жұмыс. –сурет салу

-эссе жазу

-өлең шығару

1топ. Қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату.Дәл қәзіргі сәт,дұрыс әрекет


2 топ Жақсылықты тек адам

Дұрыс әрекетпен жасаса

Жасағаның әр қадам

Жүрекке әкеп орнатса

Жақсылығың өзінен

Көрінеді көзіңнен


Айтылған ой мен сөзіңнен,- өлең жолдарына суретпен бейнеле

3 топ Қоршаған ортаға қарым –қатынасыңды сурет арқылы бейнелеп көріңдер


Түйін: Дұрыс әрекет-жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс- жүзінде қолданылатын құндылық.Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды. Адам өзінің түзу ниеті, ойы, іс - әрекеті арқылы жеңіске жетеді. Яғни біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойларымыздан, жағымды қарым - қатынастан, жақсы істерімізден туындайды екен.




Топпен ән айту. А.Қалаубаева

Көңілді күн

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның үнін естіп,

Болашаққа өзіңмен қанат қақтым.

Қ-сы: Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Арқа сүйер тірегім өзің болшы,

Бақытты бол, Жан Ботам!

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балам-ау мені көріп.

Қ-сы Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол,Құлыным!





Үй тапсырмасы. Эссе жазу.

Туған ауылымызға деген өздеріңнің көзқарастарың.






Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуенмен соңғы тыныштықта отырайық,көзімізді жұмамыз.Бүгінгі сабағымызда өткен жақсы қасиеттер мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ойымызға түсірейік,оны жүрегімізге орналастырайық.Біз бақытты ұланбыз,жан-жағымызға тек жақсылық жасаймыз, нұр тұлғамыз

Тыныштық,тыныштық,тыныштық бар жерде

Тыныштық,тыныштық,тыныштық бүкіл әлемде.Көзімізді ашамыз.



Сабақ аяқталды,күндерің жақсы өтсін!




Каталог: uploads -> doc -> 040f
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
040f -> Сабақ Тақырыбы: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет