Мерзімі: 04. 03 Сынып: 8 «А» сынып Пәні



Дата11.02.2018
өлшемі333,46 Kb.
#37588
Мерзімі: 04.03

Сынып: 8 «А» сынып

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырып: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Мұғалім: Шыныбаев Д.К.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 8-сынып.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру

Міндеттері:

  1. Технологиялық картаның регламентін орындау.

  2. Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнымен таныстыру.

  3. Оқушылардың есте сақтау, ойлау, мәтінмен жұмыс істеуде тапқыр бола білу қабілеттерін дамыту.

  4. Шығарманы оқыту арқылы еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету. Оқушылар шығарма мазмұнын түсінеді. Тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері жайлы өз ойларын айта алады.
1 тип

Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация оқушының субьективтік тәжірибесін өзектендіру қабылдауды ұйымдастыру ұғынуды ұйымдастыру түсінуді біріншілік тексеру біріншілік бектіуді тексеру талдау рефлексия.



«Ауызша сабақ - 1» картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.





Кезең

Оқушылардың әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация

Көшбасшы оқушы сыныпты белсендіреді.

-Көшбасшы оқушы сыныптастарыңа бүгінгі сабақта шығармашылық табысқа жету үшін және шабыт беру мақсатында өз тілегіңді айт.

Тақтаның оң жағына 63% нормасының саны қйылады. Сабақ кезеңдері жазылады:

1. Өткен тақырып бойынша сұрақтар

2. Тірек сөздерді есте сақтау

3. Қарама-қарсы сұрақтар

4. Сыни сұрақтар

5. Тақырыптық сөздік қор (ТСҚ)


2

Оқушылардың субьектілік тәжірибесін өзектендіру

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

  1. «Бесеудің хаты» драмасының авторы кім? («Бесеудің хаты» драмасының авторы Шерхан Мұртаза)

  2. Хат жазған бесеу кім? (Хат жазған бесеу: Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышбаев)

  3. Драмада қай кезең суреттеледі? (1931-1933 жылғы ашаршылық кезеңі.)

  4. Ш.Мұртаза қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1932 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.)

  5. Қандай шығармаларын білесің? («Мылтықсыз майдан», «Интернаттың наны», «Бесеудің хаты»)

  6. Голощекин қандай адам? (Қатал, өзімшіл, қазақтарды жабайы халық деп есептейді.).

  7. Тұрар Рысқұлов туралы жазған шығармасы? («Қызыл жебе»).

  8. Түн ішінде бюро не үшін ашқыртылды? ( Бесеудің хатын талқылау мақсатында).

  9. Сталин Қазақстанның жағдайын Рысқұловтан естиді? (Себебі хат жетпей қалған)

  10. Мүсіреповқа бар жағдайды жеткізген қазақ ақыны кім? (Нұрхан.)

  11. Голощекин неге өрт шыққандай қорқып отыр? (Өйткені хатта шындық жазылған.)

  12. Голощекинді қолдайтын бюро мүшесі? (Құрамысов)

  13. Голощекинге қарсы шығатын бюро мүшесі? (Иванов)

  14. Мүсіреповтың үйіне неше рет қоңырау шалады? (Екі рет)

  15. Драмадағы Мүсірепов қандай адам ? (Шындықты айтатын батыл адам)

  16. Драмадағы тарихи тұлғаларды ата. (Рысқұлов, Сталин, Голощекин, Мүсірепов)

  17. Шерхан оқыған оқу орны? (Ломоносов атындағы университет.)

  18. Ш.Мұртазаның мамандығы? (журналист)

  19. Ш.Мұртаза қай жазушының шығармаларын аударды? (Ш.Айтматов)

3

Қабылдауды ұйымдастыру

Дәптерлеріне бүгінгі күн мен тақырыпты жазады.

Оқушылар бір рет шапалақ ұрады, тақтада тұрған тірек сөздерді оқып, еске сақтайды (30 секунд). Уақыт өткен соң, мұғалім сөзді алып тастап, жазуға бұйрық береді, оқушылар қолдарына қалам алып, есте сақтаған сөздерін жаза бастайды (30 секунд).


Оқушылар қаламдарын қояды, дәптерлерін алмасады. Көршісінің дәптеріндегі сөздерді санайды.


- Дәптерлеріңе бүгінгі күн мен тақырыпты жазаыңдар. Бүгін біз сабақта Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы жайында өтеміз. Қ.Жұмаділов 1936 жылы Қытай Республикасы Шыңжан өлкесінің Тарбағатай аймағы Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

Тақтаға 7 сөз жазылады. Оқып шығыңдар және есте сақтаңдар.

Есте сақтап отырған сәтте қолымызда қалам ұстамаймыз. «Қолдағы қалам - қателік».

Бір рет шапалақтаймыз.

Тірек сөздер: Байтас, Етікші шыңы, көкжал, торсық, Тентек Халдай.

- Қолдағы қалам - қателік. Дәптерлерімізді ауыстырамыз.

- Кімнің көршісі 7 сөз жазды, қолымызды көтереміз. Матрицаны толтыру (7 сөз +, 7-ден аз болса -).

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.



4.

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар 252-258 беттерді оқиды. (12 минут).

252-258 беттерді оқыңдар. Оқып болған соң, оқығандарыңды тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

5

Түсінудің бірінші тексерілуі

Оқушылар қарама-қарсы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар сабақта екі минусы бар балаларды айтады.



Қарама-қарсы сұрақтар:

  1. Жолаушы қай шыңға шығып келеді? (Жолаушы Етікші шыңына шығып келеді.)

  2. Қарт жолаушының жолға шыққанына неше күн болды? (Қарт жолаушының жолға шыққанына 4 күн болды)

  3. Қай уақытта асудың ұшар басына жетті? (Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына жетті.)

  4. Ұшар шыңның басына шыққан қарт не істеді? (Ұшар шыңның басына шыққан соң сол жерде аялдағысы келді.)

  5. Ендігі беталысы қандай еді? (Ендігі беталысы төмен, еңіс болатын.)

  6. Жалаңаш жотадан түскен соң, ауа райы қалай өзгерді? (Жалаңаш жотадан түскен соң жел басылып, күн жылынайын деді.).

  7. Асудан асып түскен соң жолаушы қандай әрекет жасады? (Титығы құрып, тәлтіректеп барып, шоқ қайыңның түбіне қисая кетті.).

  8. Қарт жолаушының азығы не болды? (Қарт жолаушының азығы бір уыс малта, ірімшік, қатқан нан).

  9. Тамақтанып отырып, қарт нені армандады? (Бір шәйнек шәй, не бір аяқ қымыз болар ма еді деп аңсады қарт.)

  10. Жан-жағына қарап, қандай жемісті көрді? (Жан-жағына қарап отырып, өсіп тұрған долананы көрді.)

  11. Көңілі жайланған соң жолаушы не істеді? (Көңілі жайланған соң алдағы жолдың жоспарын жасады.)

  12. Шекараға дейін қанша жер қалыпты? (Шекараға дейін енді небәрі қозыкөш жер қалды.)

  13. Жолаушы көбіне неден қауіптенді? (Ұйықтап жатқан жерімде жыртқыш аңдардың бірі бас сала ма деп қауіптенді.)

  14. Жыртқыш аңдардан қауіптенуінің себебі не? (Басты себебі бір көкжал қасқыр артынан қалмай қойды.)

  15. Көкжал қасқырдан қалай құтылды? (Келідей тасты төмен домалатып жіберіп таспен бірге көкжал төмен домалап кетеді.)

  16. Алдында қандай өзен ағып жатыр? (Алдында Тентек Халдай өзені ағып жатты.)

  17. Өзеңге түсе бергенде нені көрді? (Өзеңге түсе бергендегі алаңқайда адамның қу басын көрді.)

  18. Бас сүйектің жатқанына қанша жыл болды деп ойлады? (Мынау кемінде қырық-отыз жыл болған сүйектер ғой деді ба сүйекті аунатып.)

  19. Өзеннің ағысы қандай екен? (Өзен ағысы қатты екен)

Матрицамен жұмыс.

«Құтқару шеңберін» кімге лақтырамыз?

Мұғалім оқушылардың бағаларын көтеру мақсатында 3 сұрақ қояды.


Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.

6

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру


Оқушылар сыни сұрақтарға жауап береді.

Сыни сұрақтар.

  1. Етікші шыңы Тарбағатай тауының бір сілемі? (Иә, Тарбағатай сілемдерінің күрт көтерілген тұсы.)

  2. Жолаушы қапсағай денелі, ұзын бойлы жас жігіт пе? (Жоқ, ұзын бойлы, қапсағай денелі шал.)

  3. Күн тас төбеге көтерілгенде асудан түсіп кетті? (Жоқ, күн тас төбеге көтерілгенде асудың ұшар басына жетті.)

  4. Асудан өткен соң жолаушы не деп сөйледі? (Әйтеуір қиын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп , азы қалды. Құдай енді екі күндік өмір берсе көздеген жеріме жетіп жығылармын.)

  5. Қарт біржола тамақтанып алайын деп қоржынындағы етті шығарды. (Жоқ қоржынынан бір уыс ірімшік пен екі-үш жапырақ нанды алды.).

  6. Ол неге артынан қуған қуғыншыдан емес жыртқыш аңдардан қорықты? (Себебі оның артынан көкжал қасқыр қалмай қойды.)

  7. Қарт неге қиын шыңнан асуды таңдады? (Өйткені бұл шың ең төте жол болатын және жыртқыш аңдар аз жүретін.)

  8. Қарттың соңғы кездегі ұйқысы қанған, сергек болатын. (Жоқ ұйқысы шала, шаршаңқы болатын).

  9. Құйып алып шыққан айраны үш күн бұрын таусылған. (Жоқ айран екі күн бұрын таусылған.)

  10. Шың басының табиғаты қандай?. (Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт арылмайды.)

  11. Байтас қарт қайда кетіп барады? (Байтас қарт туған жеріне кетіп бара жатыр.)

  12. Өзен жағасында қу басты көргенде қандай ой келді? (Бір бақытсыз сорлы ғой, кім болса да. Баяғы ашаршылықта жер аударған болар...).

  13. Қалай ойлайсың әңгіме неге «Қаздар қайтып барады» деп аталған? (Аталу себебі қаздар өз туған жеріне оралады. Кейіпкер де өз жеріне кетіп барады.)

  14. Қарт өзеннен қайықпен өтті. (Жоқ өзенді жалдап өтті.)

  15. Етікші шыңының аты неге байланысты қойылған? (Боранда ұшып өлген белгісіз етікшіге байланысты қойылған.)

  16. Қарт жолаушының жолға шыққанына бес күн болды. (Жоқ төртінші күн дегенде шыңға шықты.)

  17. Өзеннен өтіп алған соң үнсіз отырды. (Құдай бұл жолы да көмектесті.)

  18. Бір топ арқар жолаушыны көріп қаша жөнелді. (Үрке қашып барып, бір қойнауға тығылды.)

  19. Е шалым, сенен аң екеш аң да сескенуді қойған екен деп не үшін айтты. (Өйткені бұны көрген арқарлар қаша қойған жоқ)

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.

7.

Талдау

Уақыт 5 минут



Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін жазады. Дәптерлерін ауыстырып, сөздерді санайды.

Үш рет шапалақтайды.

Тақырыптық сөздік қор. (5 мин).

Сабақта өткен тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін жазыңдар. Эссе түрінде жазуға болады.

Қолдағы қалам - қателік.

Дәптерлеріңді ауыстырыңдар. Сөздерді санаңдар. Шылаулар саналмайды.

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.



8.

Рефлексия




Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды. 4-5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады


9

Бағалар

Журналға баға қою нормативі:

 4 -5 белгі – 5 ұпай

 3 белгі – 4 ұпай

 2 белгі – 3 ұпай





10.


Үй тапсырмасы




«Қаздар қайтып барады» әңгімесін толық оқып мазмұндап келу.

Мерзімі: 05.04

Сынып: 8 «А» сынып

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырып: Төлеген Айбергенов «Аруана – бауыр дүние», «Ана» өлеңдері

Мұғалім: Шыныбаев Д.К.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 8-сынып.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Т.Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру

Міндеттері:

  1. Технологиялық картаның регламентін орындау.

  2. Т.Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, өлеңдерінің мазмұнымен таныстыру.

  3. Оқушылардың есте сақтау, ойлау, мәтінмен жұмыс істеуде тапқыр бола білу қабілеттерін дамыту.

  4. Шығарманы оқыту арқылы еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету. Оқушылар шығарма мазмұнын түсінеді. Тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері жайлы өз ойларын айта алады.
1 тип

Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация оқушының субьективтік тәжірибесін өзектендіру қабылдауды ұйымдастыру ұғынуды ұйымдастыру түсінуді біріншілік тексеру біріншілік бектіуді тексеру талдау рефлексия.



«Ауызша сабақ - 1» картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.





Кезең

Оқушылардың әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация

Көшбасшы оқушы сыныпты белсендіреді.

-Көшбасшы оқушы сыныптастарыңа бүгінгі сабақта шығармашылық табысқа жету үшін және шабыт беру мақсатында өз тілегіңді айт.

Тақтаның оң жағына 63% нормасының саны қйылады. Сабақ кезеңдері жазылады:

1. Өткен тақырып бойынша сұрақтар

2. Тірек сөздерді есте сақтау

3. Қарама-қарсы сұрақтар

4. Сыни сұрақтар

5. Тақырыптық сөздік қор (ТСҚ)


2

Оқушылардың субьектілік тәжірибесін өзектендіру

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Олжас Сүлейменов қай жылы дүниеге келді? (1936 ж)

  2. Олжас қай қалада дүниеге келді? (Алматы қаласы)

  3. Алғашқы мамандығы не болды? (геолог)

  4. Екінші оқыған оқу орны қандай? (М.Горький атындағы әдебиет институты)

  5. Қандай шығармаларын білесің? («Арғымақтар», «Қыш кітап», «Нұрлы түн»)

  6. Қандай кітабы бар? («Аз и Я»).

  7. Олжас қай тілде жазған ақын? (орыс тілінде).

  8. «Арғымақ» өлеңінде не жайында айтылған? ( арғымақ пен ақынның ұқсастығы).

  9. Қазақтың ұлттық ойыны туралы жазған өлеңі? («Қыз қуу»)

  10. Қандай қозғалыстың жетекшісі болды? (Семей-Невада)

  11. «Семей - Невада» қозғалысының негізгі мақсаты не болды? (Полигонды жабу)

  12. Олжас қазақ тілінде жазған ақын? (жоқ)

  13. Даланың жел, ит-құсы –

Шулап қалсын,

Жүйткіші – деген жолдар қай өлеңнен алынған? («Қыз қуу»)



  1. Дала,

Қала,

Болады-ау,

Көз алдымда аунап бара жатқандай деген жолдар қай өлеңде жазылған? («Арғымақ»)


  1. Олжастың өлеңдерінде не жайында жазылады? (қазақтың салт-дәстүрі)

  2. Олжастың әкесінің аты кім? (Омар)

  3. Олжас оқыған оқу орны? (М.Гоький атындағы әдебиет институты)

  4. Геолог мамандығын қай оқу орнынан бітірді? (Қазақ мемлекеттік университеті)

3

Қабылдауды ұйымдастыру

Дәптерлеріне бүгінгі күн мен тақырыпты жазады.

Оқушылар бір рет шапалақ ұрады, тақтада тұрған тірек сөздерді оқып, еске сақтайды (30 секунд). Уақыт өткен соң, мұғалім сөзді алып тастап, жазуға бұйрық береді, оқушылар қолдарына қалам алып, есте сақтаған сөздерін жаза бастайды (30 секунд).


Оқушылар қаламдарын қояды, дәптерлерін алмасады. Көршісінің дәптеріндегі сөздерді санайды.


- Дәптерлеріңе бүгінгі күн мен тақырыпты жазаыңдар. Бүгін біз сабақта Т.Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығы жайында өтеміз. Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген.1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады. Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол туралы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.

Тақтаға 14 сөз жазылады. Оқып шығыңдар және есте сақтаңдар.

Есте сақтап отырған сәтте қолымызда қалам ұстамаймыз. «Қолдағы қалам - қателік».

Бір рет шапалақтаймыз.

Тірек сөздер: Қоңырат, Жас дәурен, Низами, ананың құдіреті, Мұқағали Мақатаев, аруана, Нөкіс қаласы, Сарыағаш ауданы, мұғалім.

- Қолдағы қалам - қателік. Дәптерлерімізді ауыстырамыз.

- Кімнің көршісі 14 сөз жазды, қолымызды көтереміз. Матрицаны толтыру (14 сөз +, 14-ден аз болса -).

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.



4.

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар 252-258 беттерді оқиды. (12 минут).

275-278 беттерді оқыңдар. Оқып болған соң, оқығандарыңды тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

5

Түсінудің бірінші тексерілуі

Оқушылар қарама-қарсы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар сабақта екі минусы бар балаларды айтады.



Қарама-қарсы сұрақтар:

  1. Төлеген Айбергенов қай жылы дүниеге келді? (1937 жылы)

  2. Ақын неше жыл өмір сүрді? (30 жыл)

  3. Қай қалада оқыды? (Ташкент қаласы)

  4. Алғашқы өлеңдері қай жылдары жариялана бастады? (1957 жылы)

  5. Ақынның жырлары қандай жинаққа енді? («Жас дәурен»)

  6. «Жас дәурен» жинағына ақынның өлеңдері қай жылы енді ? (1961 жылы).

  7. Қандай қызмет атқарды ? (мұғалімдік).

  8. Қай қалада қайтыс болды? (Нөкіс қаласы).

  9. Қай жерде директор қызметін атқарды ? (Сарыағаш ауданы)

  10. Қай ақынның қолында қаза болды ? (М.Мақатаев)

  11. Туған жерге деген сүйіспеншілікті жырлаған өлеңі ? (Аруана – бауыр дүние)

  12. Ақын туған жерге деген сүйіспеншілігін жырлау үшін нені пайдаланды ? (аруана туралы аңыз)

  13. Ананың құдіреті, анаға деген махаббат қай өлеңінде көрініс тапқан ? (Ана)

  14. Аруана жаудың қолына түскенде қандай әрекет жасайды? (Ботасын шайнап өлтіреді)

  15. Аруана туралы тағы қандай шығарманы білесіңдер ? («Күй аңызы»)

  16. Ақын қай жылы қайтыс болды ? (1967 жылы)

  17. Қандай сыйлыққа ие болды ? (Ленин комсомол сыйлығының лауреаты.)

  18. Таңдамалы өлеңдер жинағы қашан шықты ? (1997 жылы)

Матрицамен жұмыс.

«Құтқару шеңберін» кімге лақтырамыз?

Мұғалім оқушылардың бағаларын көтеру мақсатында 3 сұрақ қояды.


Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.

6

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру


Оқушылар сыни сұрақтарға жауап береді.

Сыни сұрақтар.

  1. Төлеген Қазақстанда дүниеге келді (жоқ)

  2. Руы Қоңырат ? (Жоқ)

  3. Алғашқы өлеңдері 1957 жылдан бастап жариялана бастады ? (Иә)

  4. Алғашқы кітабы «Жас дәурен» деп аталды (жоқ)

  5. Мамандығы геолог (Жоқ )

  6. Низами қаласында оқыды (жоқ)

  7. Сарыағаш ауданында директор болды (иә)

  8. Қайтыс болғанда қасында Мұқағали болды (иә).

  9. Туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсету үшін аңызды пайдаланды (иә)

  10. Ташкент қаласында қайтыс болды (жоқ)

  11. Ленин комсомол сыйлығының лауреаты (иә)

  12. «Аруана – бауыр дүние» өлеңінде туған жерге деген сүйіспеншілік туралы жазды (иә).

  13. Ана құдіреті туралы өлеңі «Аманат» деп аталады (жоқ)

  14. Таңдамалы өлеңдер жинағы ақын қайтыс болған соң шықты (иә)

  15. Жау қолына түскен аруана ботасын шайнап өлтіреді (иә)

  16. Ақын ұзақ өмір сүрді (Жоқ)

  17. «Күй аңызы» әңгімесі ақынның алғашқы шығармасы (жоқ)

  18. Тірі кезінде марапатқа ие болды (жоқ)

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.

7.

Талдау

Уақыт 5 минут



Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін жазады. Дәптерлерін ауыстырып, сөздерді санайды.

Үш рет шапалақтайды.

Тақырыптық сөздік қор. (5 мин).

Сабақта өткен тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін жазыңдар. Эссе түрінде жазуға болады.

Қолдағы қалам - қателік.

Дәптерлеріңді ауыстырыңдар. Сөздерді санаңдар. Шылаулар саналмайды.

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.



8.

Рефлексия




Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды. 4-5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады


9

Бағалар

Журналға баға қою нормативі:

 4 -5 белгі – 5 ұпай

 3 белгі – 4 ұпай

 2 белгі – 3 ұпай





10.


Үй тапсырмасы




«Ана арманы» тақырыбында ой толғау жазу


Мерзімі: 10.04

Сынып: 8 «Ә» сынып

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырып: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Мұғалім: Шыныбаев Д.К.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 8-сынып.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Т.Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру

Міндеттері:

  1. Технологиялық картаның регламентін орындау.

  2. Т.Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, әңгімесінің мазмұнымен таныстыру.

  3. Оқушылардың есте сақтау, ойлау, мәтінмен жұмыс істеуде тапқыр бола білу қабілеттерін дамыту.

  4. Шығарманы оқыту арқылы ата-анасына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыру.


Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету. Оқушылар шығарма мазмұнын түсінеді. Тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері жайлы өз ойларын айта алады.
1 тип

Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация оқушының субьективтік тәжірибесін өзектендіру қабылдауды ұйымдастыру ұғынуды ұйымдастыру түсінуді біріншілік тексеру біріншілік бектіуді тексеру талдау рефлексия.



«Ауызша сабақ - 1» картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.





Кезең

Оқушылардың әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация

Көшбасшы оқушы сыныпты белсендіреді.

-Көшбасшы оқушы сыныптастарыңа бүгінгі сабақта шығармашылық табысқа жету үшін және шабыт беру мақсатында өз тілегіңді айт.

Тақтаның оң жағына 63% нормасының саны қйылады. Сабақ кезеңдері жазылады:

1. Өткен тақырып бойынша сұрақтар

2. Тірек сөздерді есте сақтау

3. Қарама-қарсы сұрақтар

4. Сыни сұрақтар

5. Тақырыптық сөздік қор (ТСҚ)


2

Оқушылардың субьектілік тәжірибесін өзектендіру

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Т.Әбдіков қай жылы дүниеге келді? (1942 ж)

  2. Төлен қай жерде дүниеге келді? (Торғай облысы, Жангелдин ауданы)

  3. Қандай оқу орнын бітірді ? (Қазақ мемлекеттік университеті)

  4. Оқу орнын қай жылы бітірді ? (1965 жылы)

  5. Қандай шығармаларын білесің? («Қонақтар», «Ақиқат», «Әке», «Оралу», «Өліара»)

  6. Алғашқы жинағы қалай аталады ? («Көкжиек»).

  7. «Көкжиек» жинағы қай жылы жарыққа шықты ? (1969 жылы).

  8. «Қазақстан пионері» газетінде қандай қызмет атқарды ? ( әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі).

  9. Қай газеттің бас редакторы болды ? («Қазақ әдебиеті»)

  10. 1994 жылы қандай қызметке тағайындалды ? (ҚР Президентінің көмекшісі)

  11. Президент апаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін қай жылдан бастап атқарды ? (1997 жылдан)

  12. Қандай спорт түрінен спорт шебері болған ? (еркін күрес)

  13. Бойында тағы қандай өнері бар ? (күйші)

  14. Шығармаларының тақырыбын неше топқа бөлуге болады ? (екі топқа )

  15. Адам мінезінің құпия сырлары, қоғамдық мәселелер қамтылған шығармаларын ата. («Оң қол», «Жат перзент», «Бас сүйек»)

  16. Тарихи тақырыпқа жазылған шығармалары ? («Әке», «Оралу» повестері, «Өліара» романы)

  17. Қай шығармасы бойынша көркем фильм түсірілген ? ( «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт»)

  18. Шығармасы бойынша түсірілген фильм қалай аталады ? («Өтелмеген парыз»)

  19. Қандай шығарманы қазақ тіліне аударған ? (грек аңыздар «Эллада ерлері»)

  20. «Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы. (адамгершілік, ата-ана алдындағы перзентік парыз)

  21. Т.Әбдіков қазақ әдебиетіне қандай өзгеріс әкелді? (философиялық проза жанрын алып келді)

  22. «Қонақтар» әңгімесінің басты кейіпкері кім? (Ерғабыл)

  23. Қандай марапаттары бар? (Мемлекеттік сыйлықтың, Еуропалық алтын медальдың иегері)

  24. Халықаралық қандай орденнің иегері? (Ф.Кафка атындағы орден)

3

Қабылдауды ұйымдастыру

Дәптерлеріне бүгінгі күн мен тақырыпты жазады.

Оқушылар бір рет шапалақ ұрады, тақтада тұрған тірек сөздерді оқып, еске сақтайды. Уақыт өткен соң, мұғалім сөзді алып тастап, жазуға бұйрық береді, оқушылар қолдарына қалам алып, есте сақтаған сөздерін жаза бастайды.


Оқушылар қаламдарын қояды, дәптерлерін алмасады. Көршісінің дәптеріндегі сөздерді санайды.


- Дәптерлеріңе бүгінгі күн мен тақырыпты жазаыңдар. Бүгін біз сабақта Т.Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы жайында өтеміз. Төлен Әбдік (04.09.1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) — жазушы, драматург, қоғам қайраткері.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 — 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды. 1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.[1] Сонан бергі кезеңде “Көкжиек” (1969), “Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрындақойылды. “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.[2] Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған. Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.

«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы – адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы.Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын,жасанды қарым-қатынасы.

Тақтаға 14 сөз жазылады. Оқып шығыңдар және есте сақтаңдар.

Есте сақтап отырған сәтте қолымызда қалам ұстамаймыз. «Қолдағы қалам - қателік».

Бір рет шапалақтаймыз.

Тірек сөздер: Ерғабыл шал, Қаратүбек, кер құлын, Қарбидайық, Бектемір, Шайтанкөң, желінің басы, Сапабек, Жеңіс, шаңқай түс, геология, гранит.

- Қолдағы қалам - қателік. Дәптерлерімізді ауыстырамыз.

- Кімнің көршісі 14 сөз жазды, қолымызды көтереміз. Матрицаны толтыру (14 сөз +, 14-ден аз болса -).

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.



4.

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар 281-287 беттерді оқиды. (12 минут).

281-287 беттерді оқыңдар. Оқып болған соң, оқығандарыңды тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

5

Түсінудің бірінші тексерілуі

Оқушылар қарама-қарсы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар сабақта екі минусы бар балаларды айтады.



Қарама-қарсы сұрақтар:

  1. Ерғабыл шал қай кезде оянды? (күн шықпай оянды)

  2. Кемпірінен не сұрады? (шақшасын сұрады)

  3. Басым сынып, өлейін деп жатырмын, мазалай бермеші – деп кім айтты? (кемпірі)

  4. Шал не деп қалжыңдады ? (Өлсең, Бағила кемпірді алып келемін)

  5. Шал сыртқа шыққанда не жайында ойлады? (кер құлынды бостау орағанын, оралып қалмады ма және алысқа ұзап кетті ме деп ойлады)

  6. Таяғына сүйеніп келе жатып, шаршаған соң не істеді ? (төмпешікке отырды).

  7. Көз алдына не елестеді ? (өзін өлгенен кейін шығарып жатқаны елестеді).

  8. Орнынан тұра беріп не деп сөйледі ? (Сапабекжандар кеше келмегені несі, тлеграмда кеше еді ғой).

  9. Ақырындап аяңдап қайда келді ? (Қарабидайыққа)

  10. Жылқылар қайда жүр екен ? (Шайтанкөңде)

  11. Жаяу жете алмасын білген соң не істеді ? (биені ноқталап, мініп алды)

  12. Ерғабылдың жасы нешеде екен ? (75)

  13. Бие қайда келіп тоқтады ? (желінің басы)

  14. Кемпірі қарсы алып, құлынды байлап жатып не деді? (шай қояйын ба әлде мызғып аласың ба деді)

  15. Ерекең есік алдында тұрғанда не еске түседі ? (кемпірінің сөзі)

  16. Алпыс жылдай бұрын қыстау маңында не болған ? (тізілген үйлер)

  17. Ерекең шай үстінде не істеуші еді ? (көп сөйлемейтін)

  18. Ерекең шай ішіп болған соң не істеді ? (қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар деп мақалдап көзін жұмды)

  19. Ерғабыл неден оянды? (машинаның гүрілінен)

  20. Машина үйдің жанына тоқтағанда шал не істеді? (орнынан тұра алмай қалды)

  21. Баласы мен келінін көрген соң кімді іздеді? (Жеңсті іздеді)

  22. Жеңіс атасына бірден барды ма? (зорға келді)

  23. Қазақша біледі ме екен? (аздап түсінеді)

  24. Сапабек не жайында әңгімеледі? (геология қазба байлықтар туралы )

Матрицамен жұмыс.

«Құтқару шеңберін» кімге лақтырамыз?

Мұғалім оқушылардың бағаларын көтеру мақсатында 3 сұрақ қояды.
Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.


6

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру


Оқушылар сыни сұрақтарға жауап береді.

Сыни сұрақтар.

  1. Ерғабыл түске таман оянды (жоқ)

  2. Кемпірімен сөйлеспестен сыртқа шығып кетті (Жоқ)

  3. Шаршаған соң төмпешікке шығып отырды (Иә)

  4. Жылқылары Шайтанкөңнің бойында жүр деп ойлады (жоқ)

  5. Көз алдына болашақ өмірі елестеді (Жоқ )

  6. Қарабидайыққа атпен келді (жоқ)

  7. Биені ноқталап мініп алды (иә)

  8. Жасы жетпіс бесте (иә).

  9. Кемпіріне шөлдедім, шайыңды қой деді (иә)

  10. Шай үстінде көп сөйлейтін (жоқ)

  11. Сапашжандар неге кешікті екен деп Ерғабыл айтты. (иә)

  12. Кемпір самауырынды алып шығып кетті (иә).

  13. Шайдан соң Ерекең бірден ұйықтап кетті (жоқ)

  14. Шаңқай түсте машина гүрілінен оянды (иә)

  15. Бала келіп қалды деп кемпірі үйге жүгіріп кірді (иә)

  16. Ерекең орнынан атып тұрды (Жоқ)

  17. Бірінші немересінің бетінен сүйді (жоқ)

  18. Немересі бірден жүгіріп келді (жоқ)

  19. Немересі қазақшаны аздап түсінеді (иә)

  20. Ерекең далаға шығып, семіз тоқтысын сойды (иә)

  21. Сапабек ата-анасының қал-жағдайын сұрастырды (жоқ)

  22. Геология жайында мәнсіз әңгімелер айтылды (иә)

  23. Шалдарға бұл әңгімені түсіну қиын болды (иә)

  24. Ерекең баласының сөзін қолдап отырды (жоқ)

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.

7.

Талдау

Уақыт 5 минут



Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін жазады. Дәптерлерін ауыстырып, сөздерді санайды.

Үш рет шапалақтайды.

Тақырыптық сөздік қор. (5 мин).

Сабақта өткен тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін жазыңдар. Эссе түрінде жазуға болады.

Қолдағы қалам - қателік.

Дәптерлеріңді ауыстырыңдар. Сөздерді санаңдар. Шылаулар саналмайды.

Тақтаға норманың қорытындысы жазылады ≤ ≥.



8.

Рефлексия




Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды. 4-5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады


9

Бағалар

Журналға баға қою нормативі:

 4 -5 белгі – 5 ұпай

 3 белгі – 4 ұпай

 2 белгі – 3 ұпай





10.


Үй тапсырмасы




«Қонақтар» әңгімесін мазмұндау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет