Мешіт – Алла жолын тану орталығы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, дінге жаңа бет бұрған кезде 2000 жылы
Қаражар ауылында мешіт салынып, толық жұмыс жасау үшін, бүгінгі талаптарға сай жұмыстары аяқталмай тұр. Нақты айтсақ,электр жүйесінің
линиясы тартылмаған.Жергілікті қоғамдық ұйымға жанашырлар қолдауымен
мешіттің архитектуралық құрылыс жобасы аяқталды.
Қазақтың байырғы дәстүрлі ұйымдасу, қауымдасу сияқты «Үме»атты қолдаулары арқылы жүзеге асты.Әрине мешіт салуға әр үй, әрбіреуі азамат-
тық жауапкершілік танытты.
Бүгінгі таңдағы нарық заңы қиыншылықтарына «бірге көтерген жүк жеңіл»,-
дегендей әсіресе жастар белсеніп кірісті.
Айта кететін жағдай,әрине мешіт салу үшін бір адам осы жауапкершілікті
мойынына алу керек қой.Сол істі, өзім Ерқасымов С.болып мемлекеттік тіркеуден өткізу және Жарғы Ереже бағыттарын анықтап,мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламаларына сәйкес зерттеліп бекітілді.
Сонымен, мешіт салу үшін Байғанин ауданы Жарқамыс село округіне қарасты
Қаражар ауылындағы жанашырлар қолдау көрсетті.
Кеңес Үкіметі құлаған соң, елдегі рухани бас көтеру, яғни адамгершілік пен имандылық жолындағы Алланың дінін,бізге міндеттеген ілімін үйренуге
ықылас етуге және ада
спау жолында дәстүрлі дінімізді үйренуге ынталы болдық.Әлеуметтік жоба платформасындағы жаңа талаптар ережеде көрсетіп;
«қоғамдағы өмірді жақсартуға шынайы үлес қосу керек»- дейді ал,біз осы
бағыттағы бірқатар істерді тындырып қойған сияқтымыз.Алдағы уақытта,ҮЕҰ мен кәсіпкерлердің ынтымақтасуы арқылы, көкірегі ояу көзі
ашық азаматтардың қолдауымен демеу табамыз деп үміттенеміз!
Негізінен, айта кететін мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясы заңы
мен Діни басқару Миністірлігі арасы жермен көктей десе де болады.
Себебі,гуманитарлық, ғылыми техникалық ғылым негізінде жүйеленген
заңдар болды.
Шындығында төбемізде «Құдай» демекші, жаратылыстың табиғи ғылым
негізінде, яғни құдіретті күшке «сену», «сенбеу» табиғи түрдегі болмысты
бағалау кеш қалып тұр.
Тәуелсіздігімізгі тәуба,шүкір! -дейік ,осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
осы бағытты қамтиды.
Сондықтан, Әл-Фараби бабамыз айтқан: «Балаға бірінші білім емес,тәрбие
керек»-дегені алдымыздан шығып отыр. Дамыған елдерде ең алдымен, көп
көрген,оқып түйген, ұзақ ғұмыр жасаған қазыналы қария,яғни ұстаз дәріс
беру керек.Осы тұрғыда үлкенді сыилау, қасиетті адамдарды құрметтеу
үрдісі әліде сақталған. Жалпы қоғамымызда бұл жағдай жасыратыны жоқ ақсап тұр. Оның үстіне өзге бір ағымдағы дәріс алған «діндарлар»,» кесе көлденең
көк атты» болып тағы да қапталдасуы басылмай тұр. Осының бәріде отбасы-нан бастап, топ тобыр, қауымдастықтар арасында ащы-тұщысы айтылып,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң талаптары орындалу қажет.
Жаратылыстың құдіреті көрсеткендей, мен осы мешітті; «төрт құбыласы тең»,
немесе «атақ,даңқ»- дегендей емес, нансаңыз да, нанбасаңыз да «Бекет ата
«Көк асасы» мен мешіттеріне саяхат» атты жаяу сапардан басталған еді.
Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Нұрлан Балғымбаев 1999 жыл
«Бекет ата Мырзағұлұлының туғанына 250 жыл» мерей тойын өткізуді,
Халықаралық ЮНЕСКО қоғамы аясында және облыс аумақтарында өткізуге заң қабылданды.
Біздің, Ақтөбе облыс әкімдігіне ҚР Қаржы Министрлігінен экспедициялық
зерттеу жұмыстарына қаражат бөлінбегені жөнінде хат келді.
Сөйтіп,қаржы көзі болмағандықтан экспедиция зерттеу жұмыстарын тоқтатты.
Бірақ, мен өз инициативам арқылы Ақтөбе облысы тарихи- мәдени мұраларды
қорғау жөніндегі арнайы комиссия төрағасы Амангелді Есіркепов мырзаға
жолықтым.
Сол кісі қолдауымен Ақтөбе –Атырау – Маңғыстау облысы бағытында жаяу
сапар ұйымдастыру үшін «Атамекен» бағдарламасын ұсындым.Ақтөбеде
(Бекет ата «Көкасасы»),- Атырау (Ақмешіт), - Маңғыстау (Ескі бейнеу Бекет ата мешіті) және Оғыландыда (Бекет ата мешіті бағытындағы) маршруты
келісіп бекітілді.
Айтайын дегенім;- Маңғыстау облысында «Ескі Бейнеу Бекет ата мешітіне»
аман- есен жетіп , «құдайы қонақ» болғанымда, Алладан «Аян» болды.
Толығырақ баяндасам, мешіттің саныну архитектуралық кескіні мен «азан»
шақыру минерат өлшемдері туралы болды.Таңертең тұрған соң, тезарада
сызбаға түсірдім.Сөйтіп, шырақшы Бекет ата ұрпағы Қалымбегі ақсақал
мешіт салу жөнінде БАТА берген болатын.
Жоғарыда мешіт салынуға Алладан «Аян» болса, оны құрылыс жұмыстарын
жүргізуге ауыл жастарының қолдауы болды.
Бүгінгі таңда пайдалануға толық жұмысы аяқталмағандықтан, мемлекеттік емес ұйым есебіндегі «Нұрқасым ата атындағы жеке қор» болып тіркелді.
Қажетті жұмыстар аяқталған соң, көпшілікке қызмет етеді деп сенеміз!
Қазіргі Ақтөбе облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев діни бірлестіктерге Кеңестің
жаңа ағымдағы 2018 ж.отырысында облыстың өкіл имамы Төлеби қажы Оспан діни қызметтің жұмыстарын жетілдіру және мешіттерді қайта қалпына
келтіруге тоқталды.Сондай-ақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлермен бірлескен
жаңа орталықтар ашылып жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.
Біздің айтарымыз осы әлеуметтік жобалар платформасы жаңа Ережеге сәйкес,
жергілікті мәселерді шешуге, осы аймақтарға өмір дәрежесін көтеруге ат
салысады деп ойлаймыз.
Осы тақырыптағы жобаның көздегені де осы болып отыр, олай болса
Қаражар ауылының өмірін өзгертіп жақсартуға, шынайы үлес қосқандарға,
келешек өмір өз қолдарыңызда деп алға нық басуға демеу болыңыздар!
Біздің сұрайтынымыз, тек жұмыстарды аяқтап, пайдалануға қосу еді.
Анығырақ тоқталсақ, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қаражар ауылында
100 /жүзден аса/ үйлер түтін түтетеді.Әр үйде орта есеппен 5-6 жан бар десек,
барлығы 600- ден асады.
Оның ішінде дінге сенетіні, сенбейтіні бар, жас мен кәрісі бар.
Түсінікті болу үшін:
а) кәрілер саны /55- 90 жас/ - яғни 600 :3 = 200 адам.
б/ кәмелетке толмағандар : / 1- 18 жас/ яғни 600:3 = 200 адам шамасы.
в/ жастар тобы : /18- 55жас/ , яғни 600: 3 = 200 адамды қамтиды.
Біз көтеріп отырған мәселе осы жастар тобына қамтиды, олармен қандай
жұмыс тындырылғанын баяндадық.Қазіргі мемлекеттік бағдарламалар
бастамасы,яғни «Туған жер» нағыз патриотизмдік бастамалар дер едім.
Себебі, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Руқани жаңғыру» атты мақаласында:
«Адам баласы- шексіз зерденің ғана емес,ғажайып сезімнің иесі.Туған жер
әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұатын өлкесі.»- дейді.Олай болса біздің
жастар шынайы патриоттық сезіммен қолдады дер едім,тек аяқталуын тосып
жүрген жайымыз бар.
Негізгі мақсатымыз, жоғарыдағы мақала көрсеткендей «Отанды сүю иман»,
«Жер тағдыры – ел тағдыры», «Тарихи таным», «Дін мен дәстүр» т.б.
көптеген танымдық мақалаларды оқырмандарға қызықты етіп жеткізу
арқылы, олардың діни-нанымдық көзқарастарын қалыптастыруға ат салысу.
Ата- баба ұстанған дәстүрлі дінін тереңдеп оқып үйреніп, олардың тарихи-
мәдени мұраларын көпшілік орында насихаттауға үлес қосу болып табылады.
Абай бабамыз: «Ғылымсыз адам – хайуан, не қылсаң да ғылым біл!» -дейді.
Карл Густав Юнг : «Өзгені тәрбиелегің келсе, алдымен өзің тәрбиелі бол!»-
деп тәрбие жөнінде айтқан екен.
Мұнан ұғатынымыз сіз, біз болып келешек ұрпақ жолына көкірек ашар
рухани ордаларды көптеп ашып, тәрбие ошағына айналдыру.
Айтарымыз, қоғамдағы адаспайтын жолдарды таңдап, қоғамдағы әрбір адам
өз-өзі айналасына қамқор болуға шақырамыз!
Осы платформа тәртібіне сәйкес,талап жүйесіне сүйене отырып, «МЕШІТ-
-Алла жолын тану орталығы» -деп алынды. Мешіт туралы ғұламаларымыз
түрлі дастандары арқылы, мәңгі мұра өсиеттері мен қазыналарын қалдыр-ғанын білеміз.
Бүгінгі өмір талаптары қазақ елі үшін жастардың діни көзқарастарын қалыптастыруда, Мұхаммед п.ғ.с.с. Құран кітабын Алла түсіре бастаған
уақыттан бастап бүгінге дейін, дін жолында көптеген тарихи мәліметтермен
нақты деректер арқылы оқып жеткіземіз..
Бірқатар діни ағым өкілдері сол дәуірді, қаз қалпында бүгін жүргізу керек
десе,екіншілері Алладан Құран арапша түскен, сондықтан барлық жағдай
арабша даму керек деп мәлімдейді.
Елімізде Қазақстан Республикасы Діни басқармасы және азаматтық қолдау
Комитеті дүниежүзілік дінбасыларымен кездеу форумы, яғни адами тұрғыда
сьездер өткізіп, жаратылыстағы әр адамның нәсілі мен ұлттық тұрғыдағы тілдерге еркіндік арқылы наным- сенімді жетілдіруді көздеп бақылап отыр.
Осы тұрғыда Ахмет Байтұрсынов:«өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-
деген ұлағатты сөзі ақиқат болып қалды.
Мешіт тек қана құлшылық орны емес, діни дәстүрді қазахи түрде сақтап
қалудың жаңа формаларын жүзеге асыру,яғни сыпайы мәдени түрде болғанын
қалаймыз.
Алдағы уақытта болашақтағы жастарымыз жарқын жүзді, сауатты, инабатты, жомарт, жан-жақты білім үлгісін көрсететін орталыққа айналса дейміз.
Біздің басты мақсатымыз,Елбасы көрсеткен: «Рухани жаңғыру» бастамасына
Үн қосу, діни төзімділік пен бірліктің, татулық пен толеранттық қазақстандыфқ үлгісін насихаттау.Бүгінгі замандағы мұсылман қауымның
әсіресе жастар қауымдастығына жаңа түсініктер қалыптастыруға ұдайы
қолдауға көмектесу болып отыр.
Жоғарыда мешіт құрылыс жұмысын аяқтауға, мақсатқа жету үшін, Қаражар
ауыл орталығынан ,алдымен трансформатордан 700 м.шамасындай электр
жүйесінің бағандары мен изолаторлау электр тогын қабылдайтын проводтар
мен кабельдер және диаметрі 16-32 мм. сымдар тартылуы тиіс.
Аудандық электр станция басшылығынан рұқсат алып, енді қондыруға
1000000 /бір миллион/ тенгеден жоғары баға сомасын сұрайды.
Мешітті ұдайы электр жүйесімен жабдықтау, яғни батереяларды тоқпен орнатуды жүргізіп, қазіргі арнайы тоқ батереялармен жабдықтау.
Біз мешіт құрылысын табиғи қаратаспен, яғни жергілікті табиғи материалдарды пайдаландық. Сондай-ақ, есік, терезе,еденді, төбелерді
арнайы су өткізбейтін материалдармен жабдықтау қажет.
Бүгінгі күн талаптарына сай әсемдеу, іші-сыртын әрлеу, құдық суын дайындау үшін, 7-8 метр кольцолы тереңдіктен қазып шығаруды жүзеге асыру.
Оған мешіт айналасын абаттандыруға тал,гүл ағашпен орындықтар жасап әзірлеуді қолға алу.
Мешіттің минерет құрылыс конструкциясына нақты терезелер мен арнайы
басқыштарды (ТБ) сәтті орналастыруды қарастыру қажет.
Сондай-ақ, мешітке келушілер үшін, ерлер мен әйелдерге әжетхана мен
ғұсыл құйыну орны мен дәрет алу үшін жасақтандыруды жасау.
Шұқыр қазудағы /яма/ міндетті түрде цементтеу қажет, себебі құмдақ жер
құлап қалуы мүмкін. Ол үшін өлшемдерін нақты сызба жұмыстарын жасап,
ең қолайлы деген тәсілдерін қарастырған жөн.
Құдықтан су тартатын моторлар алу арқылы, жерасты шлагалар қазып
жүргізіп жалғауды дәретқана мен ғұсыл орнына жеткізуді тындыру.
Абаттандыруға арнайы су жүйесін таратуды орналастыруды қолға алу.
Осы жұмыстарды жүргізіп, тындыру үшін, адам күшін жалдауды ,яғни
нарық заңы аясында арнайы штатпен және шартты түрдегі жұмыстарды
тындыруға ұйымдастырылады.
Облыс орталығы Ақтөбе қаласы 400 км,ал аудан орталығы Байғанин 120 км
қашықтықта орналасқан. Құрылыс жұмысына қажетті жабдықтарды, арнайы
жүк көліктерімен жалдау арқылы жеткізу қолға алынады.
Сондай-ақ күнбе-күнгі ағымдағы жұмыстарға трактор күші су бошкамен жеткізу, құм, цементтерді тасуға плотник,электрик,сылақшы болып алынып
адам күші әр түрлі жұмыстарды орындай беретін болады.
Ұйымдастыру мерзімі 3 /үш/ ай, яғни мешіттің іші –сыртын, төбе ,еден, қабырға, есік, терезе жасау бірлескен күш есебінде ұйымдастырылады.
Ол азаматтарды осы заңды тұлға атынан Байғанин аудандық Салық Комитеті
тіркеп жұмыс беруден басталады.
Платформа тәртібіне сәйкес, сұрақтарға байланысты мемлекетке Салық
түрлерін төлейтін болады. Алдағы уақытта осы заңды тұлға жұмысын, одан
әрі «Нұрқасын ата атындағы жеке қор» өз жалғасын табады деп ойлаймыз.
Айтайын дегеніміз, ауыл маңындағы ескеткіштер жинағын шығару,әртүрлі
шежірелер тізбектеу, шағын кітап басылымдарын сұраныстар бойынша
қажетінше қызмет ету.
Қоғамдық орындарда мәдени-тарихи іс-шаралар, спортық патриотизм
бағытындағы істерді жүйелеп,зерттеп таратуды жүргізу қолға алынады.
Бұл жөнінде, нақты айтсақ Қаражар ауылы, облыс масштабына шығып, ат
жарыс, палуандар күресі, жамбы ату, аударыспақ және көкпар тартудың
жарыстарында жүлделі орындарға ие болып жүр. Облыстық спорт сайдтарынан қарауыңызға болады.
Осы жобаны толықтай аяқтап, тапсырылуы үшін 3000000 (үш миллион) тенге
қажет етеді.Бұл жөнінде нендей бағытты қамтитыны туралы, тақырыптың
мазмұнында ұсындым. / қараңыз: «Мешіт –Алла жолын тану орталығы» /.
Платформа тәртібіне сәйкес, жобаның жүзеге асырылу орны:
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Жарқамыс село округіне қарасты Қаражар
ауылы, Жағалау көшесі 33 үй.
Мешіт жұмысы аяқталып пайдалануға берілсе, әрине Алланың қолдағаны,
жаны жайсаң жарқын жүзді азаматтардың жомарттығы деп білеміз!
Өткен заманды күстаналамай, шынайы өмірге өз үлесіңді нақты түрде
көрсеткені болып табылады.
Біз бен Сіздің жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған, қанға
сіңген, қанымыздың ізгі қасиеттерін қадірлей білген азаматтардың табылғаны болар еді.
Олар тек қана біздің қауымдастықтың қолдауы емес, оларды Алла тағала таңдаған адам деп түсінеміз. Нақты мақсатқа жетуге, келешек жастардың
рухани білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға қолдау көрсетті деп
танимыз.
Әлемңің Жаратушысы Аса рахымды,әрі мейірімді, билік Иесі Аса қасиетті
кешірімшіл Алла сый беруші, Нұр мен жеңісті қолдаушы болғандықтан,
бәрін көріп, естіп, аса зор мейір шапағатпен төрешілік етеді.Шындығында
Алла барлық нәрсені Есептеуші өз Ұлылығымен тілекті қабыл алушы!
Жобаның жүзеге асырылуына сәйкес, әркімнің жеке басының бір іске
қосқан үлесі болса, кешегі тарихымызға көз жүгіртсек, эволюциядағы
дамудың ұлттық өркендеуіне нақты көзімізді жеткізу болып табылады.
Жергілікті жердегі қандайда бір қауымдастық қоғамдағы дүниетанымдарын
өзгертіп, «Цифрлы Қазақстан» ғылыми техникалық өркендеуге адами қатынастарын жан- жақты жетілдіруге өз тұрғысынан ат салысу деп танимыз.
Келешекте әлеуметтік жобаларының платформасына қатысу бұдан да көш
ілгері істерді бастап, құлшыныспен көркем істерді жүргіземіз.
Алдымен осы алғы шарттағы жұмыстарды тиянақтап, жүзеге асырған болсақ,
жақсы істер жалғасын табады деп сенеміз! Лайым солай болғай!
Құнды мақалада айтылғандай: «Туған жерге туың тік!»- демекші осы аталған
мешітті шариат заңында : «кіндік қаның тамған жерге тарының түйіріндей
болсада пайда ет!»- деген бар.
Бұл дегеніміз, сол заман уақытында жүзеге асырып қойғандаймыз!
Бүгінгі таңда осы заман талаптарына сай, сәйкестендіру ғана қалып отыр.
Білім беру саласында; латынша,арабша, орысша, ағылшынша, қазақша т.б.
тілдерді меңгеруге талантты да,талапты да жастарды осы қоғамдық ұйымдар
бағдарламасына қатысудың арнасын кеңейтіп, терең сол салаға мамандарды
тартуды ұйымдастыру қажет.
ҮЕҰ қоғам азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жылдан жылға жаңа
талаптарымен мемлекеттік «Мәдени мұра » бағдарламаларына жол ашуда.
Мен, осы жобаға өз тапырыптарымды ұсынып, жоғарыда баяндалғандай
Бекет ата мешіт салу жөнінде келешек ұрпаққа ұлағатты өсиет қалдырған:
«Балшық илеп, тас кесіп,
Мұсылмандар сал мешіт,
Талай ұрпақ ауысар,
Сағым қуып сан көшіп,
Пақырлар жүрер шаң кешіп,
Ауқаттылар бал жесіп,
Табиғат деген ТАЛ бесік,
Талбесікті ұмытпай,
Ортадан ойып, сал мешіт.- деп
Алла жолында құлшылық орынды жерасты мешітті дайындауды айтқан.
Бұл рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
Расында Алла өте кең әрі аса дана.Рухани жақтан жетілуге, материалдық
дербестікке ұмтылған адам осы көркем істерімен мұратына жетеді.
Ал, біз болсақ Елбасы мен Дін басыларын қолдап, жаңа жағдайда дамудың,
өркендеп өсудің кепілі болатын – Алла жолын тану орталығына қызмет етеміз! Олай болса, бабалар өсиетін орындауда өз үлесін қосатын,демеуші-
ліктегі жомарттығына алдын ала Алладан нұр жаусын!- деп тілек айтамыз!
Іске сәт замандастар!
Жобаның өз шығынын өзі өтеуі немесе алдағы кірістің мүмкіндігіне тоқталсақ, мешітке келушілердің мүшелік жарнасы арқылы қаражат көзі болса, демеушілердің қолдауымен мешіттің ұдайы жұмыс жасауы
тұрақтылықты сақтайды.Ондағы қаражат көзін нарық заңдарын заңдастырып,
басқада өзін өзі өтеу жолдарын қарастыратын боламыз.Себебі нарықтық
заман алдымен осы жағдайды сұраныс етеді, бұл дұрыс штат құрамына
нағыз іскерлерді топтастырып, тарихи-мәдени дәстүрлерді қолдауға болады.
Мысалы: Киіз ағаш үйдің бүкіл жабдықтарын, тері илеу, ағаш ер, сандық,
қамшы өрудің неше түрін, шикі жүн басылымдарынан қажетті материалдар
сұранысқа ие болады.
Бүгінгі таңда қалыс қалып жатқан дәстүрлі істерді жандандырып, одан әрі
нарық заңымен тыныс алатын болады. Ата кәсіптер өз дәстүрімен сақталып,
оданда басқа жаңашыл жағдайда дамитын түрін енгізетін білімді де қайратты жастарды топтастаратын кез келді.
Жалпы өткен тарихи кезеңдердің тәжірибесі бізге оң тәсілдерді қолдану
көп мүмкіншілік береді және оны жүзеге асыру тек біздің қолымызда.
Ешқашанда сыртан біреу келіп, кем кетігімізді дұрыстап жүрмейді,
сондықтан әр істі өзіміз ғана жауапкершілікпен тындыра аламыз.
Ол біздің қолдан келеді, себебі Қаражар ауыл тұрғындарының жастары
ауызбіршілігі бар азаматтар болып келеді.Бұл жөнінде жоғарыда қанша істер
тындырылғаны толық айтылды. Мешіт салуды жүзеге асыру –Алла көктер мен жердің нұрландырушысы, туралыққа бастаушысы, көркем жаратушысы
жомарттықтың дидарын жарылқасын!- деп Алладан ақ тілек айтамыз!
Әлеуметтік жобаларының платформасына қатысу үшін,
«Нұрқасым ата атындағы жеке қор»
төрағасы: С.Ерқасымов.
Моб: 87014709952
Достарыңызбен бөлісу: |