МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет14/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Түйін. Жад пен дуа бірге айтылған сияқты. Келе-келе дуа өз алдына дербес бөлініп шыққан. Дуашы мен жаурыншы, құмалақшы, балгер, жұлдызшы ұғымы жағынан, жасаған іс-әркеті жағынан бір -біріне жуық келеді. Жүсіп Көпеев дуа лексикасын әлемнен тыс бір күш әсер еткен деген мағынада қолданған.
Дәндібай – аталас ағасы. Мәшһүр – Жүсіп пен Жүсіпбек Күлік руынан шыққан беделді де, белді халықтың ай мен күніндей адамдар. «Жеті атасын білмеген жетесіз» - дегендей Жүсіпбектің ата – тегін білмей оның шығармашылығын зерттеудің өзі қиын. Сондықтан да, біз ең бірінші Жүсіпбектің шығу тегіне тоқталғанды жөн көрдік.
Бұл орайда Мәшһүр – Жүсіп шежіресіне көз жүгіртейін. Арғын-Құтан-Мейрам-Сүйіндік-Суғыншы-Шуманақ-Құлболды-Күлік. «Күлік – Күлік жүрген жерің - бүлік» - деген ел ішінде сөз қалған. Күлік – қырғыз тілінде «жүйірік» деген сөз. «Қыс шілдеде – жілік жүгіреді, жаз шілдеде күлік жүгереді» - өзін жүйірік тұтатұғын ел. Күліктің екі қатыны болған. Бәйбішесінен: Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет. Тілеуімбет ұлдың тұңғышы. Үйтентек, айран көз белдеу ұстап, безерлік қылуға мығым екен. «Арғында - Тілеуімбет, Алшында - Жолымбет» - деп аттары шыққан. Қалмақтармен соғыста берілмей он алты баласы ат арқасында қашпай ұрысқан. Ал алты баласымен Наурыз қашып құтылған екен. Он алты ұлды – Тілеуімбет атаныпты. Тоқалынан: Өтепберді, Данияр, Сексен. Өтепбердіден-Ақыл, Қошқар екі ұл. Өтепбердіні жан білмейді дейді Мәшһүр – Жүсіп. Ақыл «Сексен» атанған. Күліктің сексен жасында туған бала екен. «Сары атты Сексен» атанған – жүкті түйені жүгімен алып қашқан. Ол түйенің шөгінде екі бала – Бесім мен Қойтан отырған. Сондықтан да кейінгі аман қалып үрім – бұтақты болған ұрпақтар Сексен батырға қарыздар. Ақылдан – Бейбіт, Жапалақ, Дербісәлі, Мырзакелді, Айбас. Ақылдың қалмақтан алған қатынының аты Сұлым. Онан туған: Қойкелді, Жылкелді, Ақыл өз қарашаңырағына Бейбітті ие қылып, кенжесі Айбасты Сұлымның қолына кіргізіп, соның шаңырағына ие қылған. Ақылдың қалмақ қатынынан туған Қойкелді өз тұсында үш жүзден балуандығын асырған. «Бұхара балуаны» атанған Қоңыраулы балуанды жығып, Самыраттың асында бәйге алып кеткен. Самырат – Бұхарды билеген Данияр бидің баласы, Мінайдар ханның әкесі. Қойкелді балуан жалғыз барып, қалмақтан бір еркек бала алып қашып келіп, атқа отырысы дулығадай болған соң, атын «Дулыға» қойып, асырап алып, бала қылған. Осы күнде Қызылтауда «Дулыға тас» деген тас бар. Сол Дулығадан үрім-бұтақ, жұрағат бар. Дулыға балалары: Тоқанай, Топай. Топайдан-Өтебай молда. Тоқанайдан-Орайлар: бәйбішеден – Күнтай, Таңашбай. Таңашбайдан Қуан бай жалғыз. Таңашбай ел тауға қонып жатқанда, өлген екен. Сол күнде Қуанда үш жүз қой бар екен: бір жүзін сойып, әкесіне ас беріпті. «Қалған екі жүз қойының бір жүзі егіз тауып, Қуанның өзі көзі тіршілігнде он екі мың қой тұяғы болғанын көріпті!»-делінген сөз бар. Қуан балалары: Ордабай, Дәндібай, Молдабай, Ноғай. Молдабай қотанынан бес мың тұяқ өрген күнін осы қалам ұстап отырған өз көзінен көрген кісі – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Дәндібайдан: Торғауыт, Оймауыт (Аймауыт – деп кеткен-А.Қ.) – бәйбішенің балалары. Тоқалынан: Оспан, Байділда, Әбдірахман. Оймауыттан - Жүсіпбек, Жүсіпбектен-Бектұр, Жанақ. Жүсіпбектің тағы үшінші қызының – аты Муза (кейбір деректе Лиза деп жүр-А.Қ.). Сонда: Күлік-Өтепберді-Қуан-Дәндібай-Оймауыт-Жүсіпбек болып шығады.
Әдеб.: Мәшһүр Жүсіп шығармалары. – Павлодар., ТОО. НПФ «ЭКО», 10 том. 2007. –Б. 14..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет