МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


Талқы. Қатқан көнді жібітетұғын емен талқы



бет16/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105
Талқы. Қатқан көнді жібітетұғын емен талқы бикемің біз боламыз! – деген екен (9 т. –Б. 289). Талқы – деген иленген қалың теріні жұмсартатын айыр ағаш, қолға қайда барса да алдында бір қиын қызмет бар дегені (Шәкәрім, -Б. 30). Соңғысы талқыға салды етістік мағынасындағы сөз – А.Қ. «Жүні жидіген теріні жайып кептіреді де, оның құрыс-тырыстарын жазу үшін «талқы» аталатын тістері кедір-бұдыр сайманмен созғылайды» - дейді С. Мұқанов (СМ. ХМ. –Б. 121). Орайы келген соң мына бір сөздің де мағынасын ашқанды жөн көрдік.
Бағы. Мына заман қай заман бағы* заман, Баяғыдай болар ма тағы заман. Бағы – деген өзін - өзі билеп, хандарға низамға қарсы келгендер – деп түсінік берілген (Шәкәрім. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. 1991: -Б. 26).
Жаңа низам. Мәшһүр Жүсіп: «Қылғаны хакімдердің бізге зорлық, Низамы тура келмес ісі сиып» немесе «Мың сегіз кеше алпыс тоғыздан соң, Халайық көрмеп пе едің неше түрді» - деп «Сары арқаның кімдікі екендігі» (1907) жазды. Қазақ елі 1867-1868 жылдары реформаға даярланды. «Уақытша ереже» «Дала низамы» немесе «Жаңа низам» - деп аталды. Незам араб тілінде نظام [порядок, упрядочение; устройство, регламент, система] – указ, закон, порядок, правило. «Дала низамына Екінші Александр патша 1869 жылы 21 октябрьде қол қойып бекітті. Комиссияның қырға шығуы, олардың «Уақытша ережені» күшпен енгізбек болуы бас көтерілістің басталуына себепкер болды. Көтерілісті сұлтан Ханғали Арыстанов, молда Дәуіт Асауов, би Азберген Мұңайтпасов, молда Ықлас Досов және т.б. басқарды. «1868 жылғы «Дала Низамына» қарсы көтерілген халықты патша өкіметі күшпен көндірмекші болғаннан кейін, ел «Тескен тау» өтіп кетеміз деп ата қонысты тастай үдере көшеді» - деп жазды Х.Есенжанов. Реформа діни мұсылмандар құқығын тежеді. Бұл туралы Мәшһүр-Жүсіп «Жаңа низам» шығарғанда өзінің ұсынысын жазды. Бірінші - партия қылу. Екінші – ұрлықты тыю. Үшінші – байлардың өзіне тоқтау жасау. Төртінші – ишан, қажы, қожа, молдалардың адасулығын жібермеу керек. Мәшһүр Жүсіптің сол уақыттағы ел ішінде, сыртта болып жатқан істен хабардар болып отырғанына саяси қырағылығына тағы да таң қаласың. Мысалы, төртінші мәселені қозғап отырғаны «Уақытша реформа» кезінде мұсылман дінбасылары орысқа қарсы үгітті күшейтті. Молдалар мен ишандар қазақ жерін вакумға беру керек деп шешті. Ел басқаруды бір ғана эмирге (Бұхар үлгісі бойынша) беру керек деп үгіттеді т.б. Бұл істерін Мәшһүр Жүсіп сынады. Бесінші – «усул жадид» оқуын енгізу. Алтыншы – көшіп – қонуға рұқсат ету. Жетінші – далада от жағуды тоқтату (өрт болмасын дегендік - А.Қ.). Сегізінші - өлікті бұрынғыдағыдай кебінге орап шығару, жаназасын оқу. Тоғызыншы – қазақ өзінің Абылай заманындағы жақсы дәстүрін сақтау. Мінекей, Мәшһүр – Жүсіп «Жаңа низамға» осындай ұсыныспен шыққан. Әдеб:(Л.З.Рүстемов. Казахско-русский толковый словарь арабско – иранских займствованных слов. –Алма-Ата, Мектеп. 1989. - Б. 218. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 8 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. – 275. Н.Д. Оңдасынов. Арабша - қазақша түсіндірме сөздік (қазақ тіліндегі араб сөздігі) 2 том. –Алматы, Мектеп. 1984. -Б. 189. Қазақ ССР тарихы. Қазақ мемлекеттік баспасы, 1957. – Б. 407-424. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы (Екі томдық шығармалар жинағы). –Алматы, 1990. – 30-31).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет