Ширекке төрттің бірі болдық деңіз, Айрылып бұрынғы аршын кезімізден (Мәшһүр - Жүсіп); Ширек (парс. чаћарйєк немесе чар - йак) одна четвертая, четверть. Удмуртта – черык (четверть), шувшта – черек, ќазаќта – ширек, ширек шай т.б (С. Талжанов. 1975: 74). Ширек зат. Бүтіннің төрттен бір бөлегі (ҚТТС, II том. 1961: 488). М-Ж. Көпеев ширек сөзін бүтін сөзінің орнына пайдаланған. Әйтпесе, ширек сөзінің өзі бөлшектік ұғымындағы төрттен бір екендігін білдіреді. Қазақ тілінде: бөлшектің сан есімдерге тән ұғымдар: жарым, жарты, ширек сияқты сандық ұғымдар арқылы беріледі [4, 104]; [5, 206]. М-Ж. Көпеев шығармасында ширек + ке сөзіне барыс септігі жалғанып заттық мағынада жұмсалған. Ширек (жұрт) мағынасында алынған метонимия. Төрттің бірі ( жұртқа төрт кісінің бірі) сияқты тіркестегі заттық мағынадағы кісі сөзі түсіріліп, төрт сан есімі (төрт + тің) субстантивтену арқылы ілік септігін қабылдап кісі сөзінің функциясын атқарған да заттық мәнге ие болған бір сан есімі ( бір + і ) тәуелдік жалғауын қабылдауға мәжбүр болған. Бұл ұғымдар таза арифметикалық амалдар арқылы (жарты) ; (ширек) сияқты таңбалар арқылы беріледі. Е. Жанпейісов шере сµзініњ диалекті ретінде шере түлік (ауыз) тµрт т‰лік мал: Кент орнатып жеріне, Шеру түлік мал баќќан (Аманжолов, 418) тµрт деген ±ѓымды бергенін айтады [6, 122].