Исрафил, Жебірейіл, Ғазірейіл,-
Нәубет бірлан берген жанын һәм олар
- деп төрт періштенің бірі – Исрафилді де атап өтеді. Қазақ тілінде ысырапыл, сұрапыл, ысырап түрінде фонетикалық өзгерістерге ұшыраған. Ысырапыл - діни.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 120, 339, 255. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 31. Ќайрат Жолдыбай±лы Аќиќат шуаѓы. – Алматы, 2004. – Б. 171. ИХРАМ احرام – мұсылманның қажылыққа немесе умраға (кіші қажылыққа) барғанда киетін киімі. Шариат бойынша, қажының Меккеге жолға шыққанда Ихрам киюі уәжіп саналады. Бірақ, б±л өте қиын болғандықтан Ихрамды көбінесе қасиетті жерге жақындаған кезде киеді. Хижазға кемемен барған қажылар Жиддаға келгенде Ихрам киеді. Шариатта Ихрам кию үшін белгілі бір мекен белгіленген. Бұл жерді «микат» деп атайды. Микат бес жерде орналасқан.
1. Мединеден келетін қажылар үшін - Зул-Хуләйфә;
2. Сирия және Мысырдан келетін қажылар үшін - әл-Жухфа;
3. Нәдждан келетін қажылар үшін - Ќарн єл-Мәнєзил;
4. Йеменнен келетіндер үшін - Иәлєм-ләм;
5. Ирактан келетіндерге - Зат Ирк.
Ихрамды кеш киген кісі қажылықтан кейін құрбан шалуы тиіс. Қажылық пен умраға баратын адам алдын-ала мынадай шарттарды орындауы қажет:
1. Ғұсыл алу;
2. Тырнақтарына қына жағу;
3. Денелеріне әтір жағу;
4. Шаш, тырнақ алу;
5. Сақал түзеу.
Бұл шарттар ер адамдар үшін. Ал әйел адамдар ғұсыл алады, тырнақтарын алып, қына жағады. Осыдан кейін тігіссіз арнайы ақ жамылғы киіледі. Б±л жамылғы екі бөлімнен тұрады:
1) белден тµмен оралатын мата. Б±л "и з а р " деп аталады;
2) иық, көкірек және арқаның оң жағынан байланып, үстін жабатын кең мата. Бұны "рида", байлау тәсілін "у и ш а " деп атайды. Шариат бойынша мата ақ болуы тиіс.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Ізбас қажы» атты өлеңінде:
-Ихрам киіп, рида біз байланып,
Жүгірдік Байтулланы жеті айналып.
Зиарат қанша десең табылатын,
Тыныш тауып жата алмадық біз жайланып, - деп Ізбас қажының Меккеге барып, қажылық қылғанын сипаттағанда, осы қажының үстіне ихрам кигенін айтады.
Єдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия. 4 том, / Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2002. - 352 б.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2003. - Б. 20. ИШАН اشان — халық арасында сауат ашу, ғибадат айту қызметін атқарып жүрген діни сауатты адамға берілетін діни атақ. Ишан қазы, имам тәрізді лауазым болып саналмайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында, әдетте, Ишанның дәріс беретін белгілі бір ауылдары болған. Ишанның міндеті — өзінің ќарамағындағы ауыл тұрғындарының діни сауатын ашу, шамасы келгенше діни ғұрыптарды атқару. Еңбек ақысы ретінде ауыл тұрғындары Ишанды мал, азық-түлік және ақшамен қамтамасыз ететін болған. Әрине, Ишан болу молдалардың дүниеге деген мұқтаждығынан туған іс емес. Ишандықтың негізін Алла Тағаланың разылығы үшін халыққа дінді, ақиқатты үйрету мақсатындағы адал ниет құрайды. Ишан болу атадан балаға өтетін мұрагерлік іс десе де болады. Себебі, әкесі дүниеден өткен жағдайда оның қарамағындағы ауыл тұрғындарының діни мұқтажын өтеу баласының міндеті болып есептелген. Қазақ арасындағы атақты Ишандардың көпшілігі өз міндеттеріне дәстүр жалғастығы ретінде қараған. Дүниеден өткен Ишанның ұл баласы болмаған жағдайда ауыл тұрғындары діни сауаты бар, халықтың сенімін ақтайтын басқа бір кісімен Ишан болу мәселесін келіскен. Қазіргі уақытта Ишандық қызметін ауыл имамдары атқарады.
Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев те өз өлеңдерінде ишан жайлы жазған еді. Соның бірі «Исабек ишан» атты жоқтау ретінде жазылған көркем туындысы. Исабек ишан Екібастұз қаласының тұрғыны, өз әулиелігімен жұрт назарын аударған адам. Сол кісі дүниеден озған кезінде Мәшһүр-Жүсіп артынан былай деп жоқтап қалған еді:
Бір халфе Төртуылдан жұрт бастады,
Қылған ісін хылап деп жұрт тастады.
Қанша ишан, қанша мүрид шықса-дағы,
Бәрі де Ишекемнен бір аспады!
- десе, өлеңнің басында Исабектің ишандығы жайлы:
«Өзі –ишан жұрт бастаған, заты қожа, Сейітзада нәсілі сондай таза...» - деген еді. Осы жерде ақын ишан сөзін қолданысқа түсіріп тұр.
Єдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия. 4 том, / Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2002. - 354 б.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. – Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. - Б. 236. КӘПІРكافر (кәфирун) – дінсіз, дінге сенбейтін, яғни м±сылман емес. Алла тағаланың ныѓметін мойындамаушы, Жаратушысына раќметі жоќ, имансыз адам дегенді білдіреді. Толыққанды мазм±ны күпірлік ұғымымен айқындалады. 19 ғ-дың соңына дейін Солт.-Шыѓыс Ауғанстанның таулы аймағындағы Н±рстан тайпаларын көрші мұсылман халықтары кәпір деп атап, елін Кєпірстан деген. «Кәпір» сөзінен, сондай-ақ, сол мағынадаѓы кєуір сөзімен қазақ ќауымы да діні бөтен халықты атаған. Зайырлы ортада ''Кәпір" сµзі рақымсыз, қатыгез, кісәпір, жақсылық істеуді білмейтін адам мағынасында қолданылады.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев кәпір сөзін былайша қолданған:
Күжілдеп үрген иттей кәпір... Бұ жөйттің алғаны шын мың лағынет.
Түкіріп екі қолға жалақтады:
- Кел, кел, дәмең болса, - деп- Мұхаммед!
Ақынның діни лирикасын қарастырғанда кәпір сөзі мұсылман мағынасына қарама-қарсы болғандықтан сөз мағынасын ашпақ үшін басқа да өлеңдерінде қолданыс тапқан.
Єдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия. 4 том, / Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2002. 451 б. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б 43.