ЗЕЙНЕПزينب - Ислам дінін єлемге таратушы, хазіреті М±хаммед (с.а.с.) пайѓамбарымыздыњ ќызы. Ол жер бетінде єділетті орнатушы пайѓамбарымыздыњ (с.а.с.) алѓашќы єйелі Хадиша анамыздан туѓан 6 баланыњ екіншісі. Зейнеп (р.а.) ќыздыњ алдында аѓасы Ќасым болѓан. Ол кішкентай кезінде ќайтыс болѓан. Балаларыныњ ‰лкені Зейнеп болды. Зейнеп ‰лкейген кезінде пайѓамбарымыз (с.а.с.) кµзі тірісінде ќайтыс болѓан. Діни кітаптарда Зейнеп ќыздыњ µмірі ќысќа болѓандыќтан кµп айтыла ќоймайды. Ќазаќ аќыны, дінтанушы Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев те µз µлењінде:
Болды ма сізге басшы далил онда,
Бар ма еді ортањызда терењ молда?
Зейнеп, Рухия жєне де Єм Кашом (Умму Гулсім),
Ќыздары пайѓамбардыњ жатќан сонда.
- деп, Аллаћтыњ Елшісі М±хаммедтіњ (с.а.с.) ќызы екенін атап кµрсеткен.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 3 том. –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 244.
ИБРАҺИМ – ابرهيم Ибраһим, Ы б ы р а и ы м , Авраам — Құран Кәрімде аты аталған пайғамбар. Ең көп тараған есімі -- Халил Алла ("Алланың досы"), оны «Имам», «Сыдыќ Ханиф» деп те атайды. Құран Кәрімде Ибраћимнің өмірі мен қызметі туралы бірнеше рет егжей-тегжейлі баяндалған. Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен єкесі Азар табынған пұтқа сенудіњ мєнсіздігін түсінеді. Ибраћим әуелі Күнге, Айға, Жұлдыздарға сенеді, сонан соң бір Аллаға деген сезімі оянады. Ибраћим µзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды; сонан соң қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ Ибраћимніњ уағызын олар түсінбейді. Ибраћимді патшаларына алып барады, ол Ибраћимді өртеп жіберуге б±йырады. Алайда Алла өзінің пайғамбарын, оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып, Палестинаға апарып қоныстандырады. Бірде Ибраћимге Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ибраћимге өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын хабарлайды. Ибраћим өзінің ұлы Исмаилмен бірге Меккедегі әл-Қағбаны салады. Ибраһим Алладан өзінің өліге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла тағала шаќырғанда єлгі төрт құсќа жан бітіп, ұшып келеді. Алла тағала Ибраћимді єр кез жебеп-желеп отырады, оның ұрпақтары арасынан бірнеше пайғамбар шыққан. Құран Кєрімнен кейін шыққан аңыздарда Ибраћимнің көп саяхаттағандығы, Мысырда да болғандығы, сонда перғауын оның әйелі Сараны тартып алмақ болғанда, Алланың құтқарып қалғандығы айтылады. Ибраћимді Арабиямен байланыстырған аңыздар да көп тараған. Негізгі арқауы — оның арабтар мен еврейлердің атасы екендігі. Сара оның күңі Хаджарды (Ажарды) баласы Исмаилмен(Ысмайылмен) бірге қуып жіберген соң, Ибраћим оларды Меккеге єкеліп қоныстандырады. Өзі де жиі келіп тұрады. Бір келген сапарында ол Исмаилмен бірге тасқын қиратқан әл-Қағбаны қалпына келтіреді. Меккенің жанында Ибраћим өзінің ұлын қ±рбандыққа шалмақ болады. Бірақ Құран Кєрімде ұлының аты аталмайды, аңыздарда Исмаил делінеді. Алла Ибраћимнің ниетіне риза болып, ұлының орнына құрбандықќа шалуға көктен тоқты т‰сіреді. Содан бері Алла жолына құрбандыќқа қой шалу дәстүрі орныққан. Құранда баяндалатын бұл оқиғалар («Ибраһим» сүресінің 41-аяты; Саффат сүресінің 41-аяты) Тауратта да кездеседі (Быт: 1-12, 22; 2-12). Құран Кєрімдегінің Таураттағы Авраамнан айырмашылығы — ол ұлын құрбандыққа шалу туралы Алланың бұйрығын түсінде көреді. Сондай-ақ, Тауратта ұлының аты айтылады, Құранда тұспалданады. Сонымен ќатар, Құдайдың бұйрығын алған Авраам ұлы Исаакты оған ескертпестен құрбандыққа шалуға ниеттенсе, Құрандағы Ибраћим әуелі күдік келтіреді, алайда баласы Алланың бұйрығын ойланбастан орындау қажеттігін айтады. Барлық құрбандыққа шалу үрдісі Тауратта толық баяндалса, Құран Кєрімде оған аса назар аударылмаған. Ислам дінінде Қағбаға тәжім ету ғана емес, қажылыќтың барлық рәсімі Ибраћим есімімен байланысты. Мысалы, Хаджардың сәбиі Исмаилға су іздеп ас-Сафа мен әл-Маруа төбелері арасын кезуі, Зәмзәмсуын табуы, Ибраћимнің әл-Каланы ќайта калпына келтіруі, шайтанмен айқасы, құрбандыққа ұлының орнына тоќты союы т.б.
Аңыз бойынша, Ибраћим зираты Палестинадағы єл-Халилде делінеді. Қабірдің маңайы мұсылмандар ерекше құрмет тұтатын "киелі орын" болып саналады.
Қазақ ақыны Мәшһүр – Жүсіп те хазіретті Ибраһим жайлы өз шығармаларында айтқан болатын. Мәселен:
Хасен бірлан Хұсайын,- шаһзадалар,
Бір Ғалының өзінде он жеті ұл бар.
Пайғамбардың – Ибраһим жалғыз ұғлы
Жанларын үмбет үшін құрбан қылар
- деп «Хадишадан соң Ғайшаны алғаны» атты діни лирикалық жыр он төртінші бапта жырлаған. Ақын өзінің шығармаларының арқауы діни тәрбие, мәліметтер және тарих болғандықтан Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) жайында көптеген мәлімет қалдырған.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 146. ИМАМامام – Жамағатқа намаз оқыту үшін көпшіліктің алдына шығатын кісі. «Көсем, бастық, сөз иесі» деген сияқты мағыналары бар. Бұл міндеттің маңызды қызмет екенін біліп, жамағатты басқарудың көптеген тәсілдеріне ие болу керек.